Картотека№7
Өткізілетін күні: 04.10.2017ж. Тәрбиеші: Қасенова К.А
Білім беру саласы: Комуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу
Тақырыбы: Мен кіммін жəне қандаймын? Кел, танысайық! Сөйлеу
Дидактикалық ойын: «Не естідің?»
Ойын шарты: аудиотаспадан жануарлардың дауыстарын және бір заттың дауысын тыңдатып, ненің дауысы екенін ажырату.
-Сонымен, балалар, естіген дауыстарды тағы қалай айтуға болады?
Дыбыстар әртүрлі болады. Мысалы: а-а-а деп, а дыбысын созып айтуға болады. Дауыс еркін шығады. Ал енді кейбір дыбыстардың айтылуы қысқа болады. Мысалы: д дыбысы. Кәне, бәріміз осы екі дыбысты жеке-жеке айтып көрейік.
Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты және дауыссыз дыбыстар. Дыбыстардан сөз құралады.
«Кім көп біледі?» дидактикалық ойыны.
Шарты: ойынның бірінші кезеңінде балалар дыбыстарды айтып жарысады. Екінші кезеңінде дыбыстардан сөз құрастырып айтады. Көп сөз құраған бала жеңімпаз атанады.
Дәптермен жұмыс:
Тапсырма № 1:
Суреттерді ата.
Тапсырма № 2:
Үзік сызықтарды қос.
Сергіту сәтін өткізу:
Ұзын мұртты құмырсқа,
Келе жатыр жұмысқа.
Алды допты қолына,
Қойды допты жолына.
Оңға қарады, солға қарады,
Үлкен тау деп ойлады.