Ө-ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Ө дыбысы және әрпімен таныстыру; дыбысқа сөз, сөйлем құрастыра білуге үйрету; өткен дыбыстарды қайталау; дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру; баланың ойлауын, сөздік қорын дамыту дамыту; буынға бөлуін, ауызша, жазбаша жаза білу қабілеттерін арттыру; дауысты, дауыссызын ажырата білуге баулу;
Көрнекіліктер: суреттер, деңгейлік тапсырмалар, тірек-сызба.
Әдіс-тәсіл: ойын, сұрақ-жауап, әңгімелесу;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Балалар бір біріне жақсылық тілек тілейді.
Аспан ашық болсын!
Күн күлімдесін!
Жұлдыздар жарқырасын!
Молшылық болсын!
Тыныштық болсын!
Татулық болсын!
Достарымыз көп болсын!
Әке-шешеміз аман болсын!
Қуаныш болсын!
Денсаулық болсын!
Бір-біріне жылы лебіздерін білдірген соң балалар өткенді қайталау бойынша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істейді.
Мысалы: Өткен әріптерді қайталау. Дауысты, дауыссыз екенін ажырату.
І.Сары түс.
|
|
ІІ. Көк түс.
- Дыбыс дегеніміз не? 2. Әріптерден не құралады? 3. Сөзден не құралады?
|
|
|
ІІІ. Қызыл түс.
- Сөзді буынға бөл.
- Неше буын бар?
- Неше дауысты, неше дауыссыз бар екенін ажырат.
|
|
|
- Негізгі бөлім.
Балалар бір-біріне жұмбақ жасырып, шешуін тауып ойнады.
Жұмбақ жасыру. Өрде өскен өрікті,
Өмірсерік көріп тұр.
Сарғайып отсыз піседі, Сөйлемде бұл қай әріп,
Үзіліп жерге түседі. Бірінші рет келіп тұр.
(өрік) (Ө)
Өө
-Өрік деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
-Ө дыбысымен танысады екенбіз.
-Дауысты екенін қайдан білдіңдер?
-Созылып айтылады, қызылмен белгіленеді.
-Олай болса балалар бәріміз Ө әрпіне байла.нысты тақпақ жаттайық.
Не десе егер Ө деген,
Белін буған Ө дер ем.
Өлең, Өрнек, Өрмекші
Басталар бәрі Ө-менен
Ө дыбысына көптеген сөз ойлап табайық.
Ойын: «Жасырынбақ».
Ойынның шарты: Балалар көзін жұмған кезде бір әріп тығылып қалады. Бала сол әріпті тауып, ол қай әріптің алдында, қай әріптің артында тұрғанын табады. Әріпке сөз олап, сөзден сөйлем құрайды. Осы сөздерді буынға бөлу; неше буыннан тұрады? Неге? Екі буын екенін дәлелде.
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық.
Қолды алға созайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
(қимылдармен орындау қажет)
Жазу.
А) жазуға қолды даярлау
Ә) ауада жазу
В) өз бетінше жұмыс.
-Әр әріпті жазған сайын екі тор көзден тастап, оң жақтан бастап жазамыз.
Дәптермен жұмыс. Сабақты бекіту.
Сөз оқыту: өрнек, көл, көп. (хормен)
Ойын: «Жалғасын тап».
Ойынның шарты:
Балалар тақтада жазылған сөзді хормен оқып, сол сөздің жалғасын табады.
(көп) ойнаймыз далада,
Шомыламыз (көлге) біз.
Ою (өрнек) сызамыз,
Қызығамыз сабаққа.
Қорытынды.
Өө
- Қандай дыбыспен таныстық?
- Ө ө әрпі дауысты дыбыс па?
- Ө ө дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?