Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет

$
0
0

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

даярлық сынып мұғалімі,

Өтегенова Әйгерім  Жаналықызы

 

Тақырыбы: «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет»

Мақсаты: Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету. Тыйым сөздер, мақал-мәтелдер арқылы бір-бірімен дос, тату, әдепті болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекі құралдар: Өнегелі сөздер, мақал-мәтел, суреттер, тақырып атауы, плакат.

 

Барысы:

-Балалар, орнымыздан тұрып, амандасайық.

         Шаттық шеңбері.

-Кәне, бәріміз бір-бірімізге жақсы тілек тілейік.

-Әдепті бол! Мейірімді бол!

-Кішіпейіл бол! Қамқоршы бол! т.с.с.

 

Бәрі бірге:    Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»,

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

 

Тәрбиеші: Балақайлар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Ал, осы қыз мезгілінде ауа – райы қандай болады?
  • Ия, дұрыс, қыста суық болады, үскірік аяз болады, гуілдеп боран соғады. Ендеше боран соқаннын қимылмен қалай көрсетеміз?(Балалар қолдарын жоғары көтеріп, әрі-бері шайқалып, ауыздарымен гуілдеп дыбыс шығарады, қолдарын қуыстырып, аяқтарын тыпырлатады)

 

   Негізгі бөлім.

  • Жарайсыңдар! Бүгін мен мектепке келе жатып, бір оқиғаға куә болдым. Бұл жағдайды суретке түсіріп алған едім, көрсетейін. Ал, сендер бұл суретте не жайында айтып тұрғанын айтып беріңдерші?!

 Тыйым және нақыл сөздерді сурет арқылы түсіндіру, әңгіме, сөйлем құрату.

  1. Сөз басында “сәлеметсіз бе!” және сөз соңында “сау болыңыз” деу керек. Сөз басы- амандасу.
  1. Барлық бала сыпайы болуы тиіс: Сөйлесіп тұрғанда сен асықпа, қасыңдағы досың сөзін аяғына дейін тыңда, сосын өз пікіріңді айт;
  1. Сұрақты алдымен тыңдап алып, “өтінемін”, “рахмет!” деп айт
  1. Ешқашан ешкімге жаман және көңіліне тиетін сөз айтпа!
  1. Ешқашанда ешкімді мазақтама! Тентек болма!
  1. Үлкеннің сөзін бөлме!
  1. Рұхсатсыз өзгенің затына қол сұқпа!
  1. «Болмайды!» деп тыйым салған нәрсеге мүлдем жолама!
  1. «Үлкенге – құмет, кішіге – ізет» көрсет.

 

Тәрбиеші: Шаршаған боласыздар, ойын ойнап, бойымызды сергітіп, «достық көпірінен» өтейік, балалар өткенде, бір-бірімізді құлатпай өтуіміз керек.

  • Көпірден барлығымыз аман-есен өттік, ешкім құлаған жоқ, бұл ненің белгісі – достық пен көмектің белгісі, бір-бірімізбен татумыз, доспыз.
  • Осы үлкенді құрметтеу туралы кім қандай тақпақ біледі?

 

Сұлтанбек:   Жақсылықтан үйреніп,

                      Боламыз біз жақсы адам,

                      Жамандықтан жиреніп,

                      Үлгі аламыз жақсыдан.

     Мәдина:  Атаң болса анаңмен-

                                                                             

Алтыннан соққан қорғаның.

Ағаң болса ақылды –

Ешкімнен кем болмадың.

Қарақат:     Інің болса жанашыр,

         Семсер, қылыш білегің.

         Ақылды қыз, ақылды ұл

         Өкпе, бауыр, жүрегің.

Құдайберді: Не қасиетсіз?

  Бал салмаса – ара қасиетсіз,

  Жанбай қалған шала қасиетсіз.

  Әдепсіз болса – бала қасиетсіз,

  Әділетсіз болса – дана қасиетсіз.

Абылайхан: Дөрекі сөз айтпаңдар,

Жақсы істі жақтаңдар,

 Сыйлап сынып қыздарын,

 Әдепті болса бастаңдар.

   Жансерік: Бүгінен бастап бар бала,

Үлгілі мінез көрсетсін.

Сынайын достым досыңды,

Мін тізейік, осылай.

 

Ақжол:      Жақсылықтан үйреніп,

        Боламыз біз жақсы адам.

        Жамандықтан жиреніп,

        Үлгі аламыз жақсыдан.

 

Мұхамбет: Жабырқауды білмейміз,

           Жалқаулықты сүймейміз.

         Біз талапты жас ұлан,

         Үлгі аламыз жақсыдан

Ақниет:   Үлкендерді сыйлаймыз,

       Үй тазалап жинаймыз.

       Біз қолқанат баламыз.

Ақылды біз боламыз.

 

Қазақ биі: «Қара жорға» орындалады.

 

Дария:     Көп жасаған қария-

               Ақылы теңіз дария.

               Көп өнеге сөзі бар,

               Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

 

Перизат: Ата салты ардақты,

               Әрбір сөзі салмақты.

               Сол сөздерді ұқпасаң,

               Тістейсің бір күн бармақты.

  • Енді балалар, ізгілік жайында білетін мақал-мәтелдерге кезек берейік.

 

Ерболат:  Ата-анаңды құрметесең,

               Сенде жақсылық, игілік көресің.

               Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

 

Нұрсая:   Ата-бәйтерек,

               Бала-жапырақ,

               Әке-асқар тау,

               Ана-бұлақ.

               Бала- жағасындағы құрақ.

 

Сая:        Құрметтеп ата-анамды,

               Ардақтап әпке, ағамды,

               Қамқор боп сіңлі-ініме,

               Сыйлымын үлкен-кішіге.

 

Нұрбек:  Бәрін де жақсы көремін,

               Үнемі көмек беремін.

               Үлкенді сыйлау кішілік,

               Үлгілі мінез-кісілік.

 

Дамир:    Үлкендерді сыйлайтын,

               Кіші қамын ойлайтын.

               Сүймейтін жат әдетті,

               Ақжолдай досым бар,

               Өзі сондай әдепті.

 

   Қорытынды.

Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Рахмет, сау болыңыздар!

 

  «Үлкенге – құрмет, кішіге - ізет» тақырыбында өткізілген ашық тәрбие сағатының сәттері


Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>