Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Менің сүйікті мамандығым

$
0
0

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

даярлық сынып мұғалімі,

Өтегенова Әйгерім  Жаналықызы           

 

Шығармашылық эссе тақырыбы: «Менің сүйікті мамандығым»

 

Білімдіден шыққан сөз -

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге

Көкірегінде болсын көз.

                                       (Абай Құнанбаев)

 

    Арман. Қиял. Балалық шақ. Абай атамыз айтқандай, адам баласы қай уақытта да оқу, білім, ғылым  деген нәрселермен озады деген ой босқа айтылмағаны мәлім.

Мен, мектеп қабырғасында оқып жүргенімде әр түрлі армандарым болды. Соған байланысты теледидардан тәрбиелік мәні зор бағдарламалар мен әлемдік жаңалықтарды көп тыңдап, арнайы дәптерге түртіп алу дағдыға айналып кеткен-ді.

Сөйтіп, тоғызыншы сыныпты жақсы деңгейдегі бағаға бітірдім. Әрі ойланып, бері ойланып, осы сыныпты бітірісімен оқуға түсуге бел будым. Осылайша, өз өлкемдегі Педагогикалық колледжде «Тәрбие ісі» мамандығына қабылдандым. Осы мамандықты таңдауда өз арманым болмаса да, өз қалауыма сай келетінін түсіндім әрі бұдан асқан қадірлі де, қызықты мамандық маған таптырмасын ұғындым, әйтсе де қателелеспеппін. Өзімнің де балалық шағымды, ең алғаш мектеп табалдырығын аттап, әріп, сан тануымды көз алдыма елестете отырып, бүгінгі таңда М. Әбдіхалықов атындағы орта мектепте енді ғана сауатын ашуға келген әр үйдің ерке бүлдіршіндерін қамқорлықпен және балдырғандарды психологиялық тұрғыдан жанын түсініп, қызғылықты сабақ ұйымдастыруға, өткізуге барынша тырысудамын десем артық айтқандық болмас.

Менің алға қойған мақсатымның бірі – жақсы, сапалы білім алып, оны іс жүзінде пайдаға асыру болатын. Енді, міне сол арманымның алғашқы сатыларына да қиын да, қызықты сәттерді жеңіп, қадам бастым. Осылайша, мен сапалы маман болып, өте жақсы деңгейдегі дипломды қолға алып, осы өзімнің Ақшұқыр ауылы М. Әбдіхалықов мектебінде қазіргі таңда «мектепке дейінгі даярлық тобының тәрбиешісі», яғни өз мамандығым бойынша жұмысқа орналастым. Ендігі мақсатым - әлі хат танып, сауатын аша қоймаған, ақ парақтай, мұнтаздай тап-таза әр үйдің кішкентай ерке балапанадарына сапалы білім нәрін, шуағын бойына дарытып, тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін жетілдіріп, мектепке және алғашқы өмір қадамына аяқ басып, жан-жақты даярлау.

  «1 қыркүйек – білім күнінен» бастап, мен өзімнің бойыма сіңірген теориялық және оқып жүрген кездегі тәжірибелік әдіс-тәсілдерімді қолданып, балаларды ұйымдастыруға кірістім. Сол кездегі менің жүрегімнің лүп-лүп соғып, аяғымның діріл қаққанын ешқандай сөзбен жеткізе алмаспын, сірә. Ата-аналар да маған сол сәтте сынай қарайтын секілді ме, қалай өзі?! Әлде маған солай сезілді ме, кім білсін? Алайда, өзімді балалар мен ата-аналардың ортасында ұстаз екенімді сезініп, өзімді сондай шешуші сәтте тез арада жинақтап ала алдым. Алдыма келген бүлдіршіндер қолыма берген құшақ гүлі үйге барған сәтімде еш солмастан және дәл сол балдырғандардың иісі, әр ерке қылықтары еш өзгерместей сезілді және көз алдыма айқын, әдемі елестеттім. Сол ерекше күнді, алғашқы қоңырау, балаларды қабылдау сәтін, қаншалықты дайындықпен бастағанымды есте сақтап, ешқашан ұмыта алмастай ерекше із қалдырды. Мінеки, одан соң, жаңа оқу сабағымды жүргізіп, әр күні оқу іс-әрекетімді қызыққа толы қылып ұйымдастыруға барынша тырыстым.

  «Мұғалім – оқушы айнасы» дегендей, әрқашанда тәрбиеші ұстанымы көңілді жүру, белсенді болу, жаңашылдыққа жаны құмар болуды түсініп, жаңа нәрсені үйретуге деген құлшыныс пайда болып, ізденімпаз болуға бет бұрдым десем де болады деп, -

Жүзің сенің жылы

Көзің мейірімді,

Сенің жарқын жүзің

Нұрға толады.

«Бала - өмір гүлі» - деймін де, мен өзіме ұдайы бейне бір кітаптағы кейіпкер тәрізді қарап, іштей үн қосамын.

Тәрбиеші, тәрбиеші

Махаббат пен мейірімнен жаралған.

Тәрбиеші, тәрбиеші

Бәрі сенен нәр алған.

 

Балаларды бағып, өсіресің өзің

Анасындай күтіп, қамқор боласың.

«Ана – тәрбиеші» - деп атайды сені

Осы есімге лайық болып жүрші, кәні.

Жақсы, білімді, білікті, құзыретті педагог – қай кезде де, ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамның ең озық бөлігінің бірі деп есептеймін.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы. – деп,

Ғ. Қайырбеков ақын жырлағандай, «ұстаздан шәкірт озар», «ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» ұстаз кішіге де, үлкенге де пір тұтар тұлға болғандықтан, педагог жаннан алған тәлім сапалы болмақ және тәрбиеленген шәкіртте қашанда өз ұстазына еліктеп, келешекте ұстазынан да білімді, талантты, әрқашан белсенді түрде танылады.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға. – даңқты да, әйгілі ақын Абай Құнанбаев атамыз айтқандай, педагог, яғни соның ішінде тәрбиешінің әр сөз тізгінін ұстап, талмай еңбек ету, балаларға жақсы деңгейде ізденіп, жаңашылдықпен және XXI ғасыр ғылым мен техниканың дамыған шарықтаған кезі болғандықтан, заман талабына сай жаңаша сабақ беру, оқыту әдісін ұйымдастырып, компьютер, интербелсенді тақтаны әр түрлі идеялармен безендіру арқылы, балаларға қызықты ғып үйрету – бұл жаңашыл, ізденімпаз ұстаздың басты міндеті деп ойлаймын. Осыдан бастап, сабақ берудің нәтижесі – бойына білім нұрын, шуағын сіңірген шәкірт бойынан көрініп тұрады.

  Қорыта айтқанда, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – ұстаз деген ұлағаттың шайыры, беделі жоғары, шуағы мол шапағат, ол төккен нұрды тәлім алған шәкірт босқа жібермей, бойға сіңіре беру қажет.

 

  Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1) Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011

2) Ғаламтордағы сайттар: http://kk.wikipedia.org, http://kz.abyroi.kz

3) Қазақ әдебиеті – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2003

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>