Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылы
№60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Оразова Бақыткүл
Тақырыбы: «Аттанайық,балашақтан- болашаққа!»
Мақсаты;А.Білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру,білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру.
Ә.Мектепті,ұстаздарды,ата-ананы құрметтеуге,Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.
Б.Ақыл,ой-өрісін дамыту,бастауыш сыныбымен,білімнің алған есігін ашқан ұстаздарымен қоштасарда,жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып сәт-сапар тілеу.
Көрнекілігі:Слайд,суреттер,нақыл сөздер
Барысы.
1-жүргізуші:
Армысыздар мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп,инемен құдық қазғандар
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
Өмір деген ұзақ жолда тарландар.
Бүгінгі күн қоштасады бастауышпен балалар
Әні менен жырына,тарландарым,ссал құлақ
Кеше сәби,бүгін міне жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-жүргізуші:
Қош келіпсіздер,ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім нұр тамар
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған
Біэ алаңсыз балғын шақты балалар
Қош келіпсіздер,ар тұлғалы әкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгінгі күн бастауышпен қоштасады
Азамат боп кеше сәби-еркелер.
Жүргізушілер:Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!
Білімділік тіршіліктің тірегі,
Раушан апай тереңнен түсіндіреді
Сөйлегенде мәдениетті тілменен
Барлық жанның елжіреген жүрегі.
Келесі кезекте ұстазымыз Раушан апай мен 4 сынып оқушыларын шақырамыз.
Хормен:Мектеп- кеме,Білім-теңіз,
Барар жолға тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім қолда.
Ән: Ақылшы мұғалім Рамазан
1-оқушы:Гүлім
Жазуларымды қаттаған,
Жақсы көріп мақтаған
Ардақты ұстаз-жақсы адам,
Айтқанын ұғып,жаттаған.
Жетелеп әрі сыныпта,
Жеткізген мені мұратқа
Ұлағат ісін сүйемін,
Ұстазға басымды иемін
2-оқушы:Азиза
Есімде ұстаз алғаш қарсы алғаны,
Мектебің-өз үйің!-деп жар салғаны.
Бір мереке думан боп осы маңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Сол күндер сағымдай боп өте шықты
4 жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті?
Ұстаз ана жасады мына бізден
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
3-оқушы:Рамазан
Үйретіп бізге алғаш әліппені,
Ұстазым ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы,мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
4-оқушы:Қарашаш
Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,
Алфавитті алғаш сенен жаттадым.
Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,
Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.
5-оқушы: А.Дильназ
Жүзің жылы,құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен
6-оқушы:Ж.Дильназ
Сен менің әкемдейсің анамдайсың
Мен үшін армандайсың алаңдайсың
Ұстазым сенен асқан ақылшым жоқ
Адалдық пен парасаттан жаралғансың
7-оқушы:Әдемі
Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты
«Қоссаңдар бірді екіге үш болады,»
Деуші едің «Біліммен күш толады»
Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол,
Ақылмен іс істесең,іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ,
Таласып алушы едік біздер жаттап,
Өзіңіз баға қойғен күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
8-оқушы: Алмажан
Мектебім,алтын ұям,нұрың жарқын
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
9-оқушы:Жауқазын
Өткіздім мұнда балғын жасымды мен
Жаныма сіңді сенің асыл киең
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың
Мектебім саған мәңгі басымды ием.
10-оқушы: Ақбота
Мектеп үйім,ұстаздарым,ата-анам
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам
Саяң ыстық,сен мәуелі бәйтерек
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Ән: Ұстазым Гүлім,Алмажан
1-жүргізуші:
Құттықтаймын, достарым,
Құтты болсын ұлы күн
«Білім-аққан сел»дейді
Бірақ оңай келмеді
Ала білсең білім көп
Ақыл ойға кен дейді
Менің терең пәндерім
Мерейінде пәндердің
Мерекеде сөйлесіп
Мектептегі пәндерім
2-жүргізуші:
Мәре болған білімге,
Мән боп «Ана тілінде»
Сөз беремін алдымен
Сөзшең қазақ тілінде
1-оқушы: Қазақ тілі-Әдемі
Сәлем,достар,аман ба?
Аман болғын әманда
Ана тілін ардақтар
Ата-бабаң,анаң да
Елдің атын сақтаған
Қазақ тілмін мақтанам,
Ұлы халық тілі деп
Ұрпақтарым жаттаған
Тілсіз ойың толмайды,
Ойсыз білім болмайды
Қазақ тілін білмесең
Ақыл миға қонбайды.
1-жүргізуші:
Өнегелі, өзекті
Өмір жайлы сөз етті,
«Ана тілі »пәніне
Берем енді кезекті.
2-оқушы:Ана тілі-Гүлім
Адамға мол тәлімім
Ақыл ойдың кәрімін
Әдеп,тәртіп үйреткен
Әдебиеттік оқу пәнімін
Естілердің арымын.
Естілер мұң-сарыным
Әңгіме,жыр,роман
Әсері мол бәрінің
Батырлық,жыр ертегі
Батыл жан ғып ертеді
Әр елдік бір шығарма
Әлемдік сыр шертеді
Мақал-мәтел,санамақ
Маңызын біл саралап
Оқысаң,көп білесің
Ойлы әлемді аралап.
2-жүргізуші:
Дүниенің жарық көзі анамыз
Дана болсақ анамен данамыз,
Алдымен тыңдаңыздар ағайын,
Аналарға арнап бір ән саламыз.
Ән:Анашым Әдемі
1-жүргізуші:
Ендігі кезекті «Математика»пәніне берейік
3-оқушы:Математика-Ақбота
Сәлем,достарым!
Сабағы боп жоспардың
Еңбек мәнін есептеп
Еліме көп қосқаным
Асылымен білімнің
Амалымен біліндім
Төрт амалды қолданған,
Төресімін ғылымның
Есеп істің әр қилы
Есеппен ой артады.
2-жүргізуші:
Табиғаттың сәніне
Таңғалтып мол әніне
Жақсы лебіз айтайық
«Дүниетану»пәніне де
4-Оқушы:Дүниетану-Алмажан
Сәлем жасқа ,кәріге
Сән қостыңдар әріме!
Табиғаттың бөлшегі
Жамиғаттың бәрі де
Жарқырап күн нұрланып,
Жайнады тал бүр жарып.
Байқалып тұр бар даму
Жайқалып гүл ырғалып
Жасалмасын дұшпандық!
Бақ көп,тоғай ормандар
Таңғажайып көгерсін
Табиғатты қорғаңдар.
Ән:Ақ көгершін Қарашаш,А.Дильназ
1-жүргізуші:
Ортаға орыс тілін шақырайық
5-оқушы:Азиза
«Здраствуйте!»деп бүгін
Амандасар бәріңмен
«Орыс тілі»мен болам
Достастырар өзге ұлтпен
Еңбек,достық,тыныштық,
Елге қосып ырыс-құт
Достасады халықтар
Достар сәні-туыстық!
Тақпақтар:Ж.Дильназ,Әдемі,Алмажан,Азиза.
2-жүргізуші:
Әр алуан салалы
Әлем сурет салады
«Бейнелеу өнері»сабағы,
Пәндік кезек алады
5-оқушы:Бейнелеу-Жауқазын
Сәлем шәкірт балалар,
Сурет ,сызу сала алар
Оқушылар дарынды
Ойлантамыз бәріңді
Бар дүние әсемдік,
Барлығын да әсем ғып,
Суретшімін жайнатар
Суретім нұр ойнатар,
Ақиқатты,өмірді
Аспан мен гүл өңірді
Сүйкімді етер,
Көр зерттеп.
1-жүргізуші:
Қызыққа жұрт кенелді
Қуанышқа бөленді
Шынығуды бастауыш
Шынықтырғыш келеді
7-оқушы:Дене тәрбиесі-Рамазан
Сәлем достар білімдер
Қане ,түзу тұрыңдар!
Мәнді қимыл жасаймыз
Маған назар бұрыңдар!
Демалыңдар бір,екі
Демалыңдар біркелкі,
«Үш,төрт,бес»деп біз енді
Бүгейік қос тізені
Көтер ал да қолға гир
Көтер оңға, солға бір
Терең дем ал,бір,екі,үш,
Терең дем ал жүре түс
Жаттығулар не түрлі
Денсаулықтың кепілі.
Би:Танец с шарфами
2-жүргізуші:
Ердің құты сәні де,
Елдің күй мен әнінде
Кезек бере ән-күйге
«Музыка» дейтін пәніме
8-оқушы:Музыка-А.Дильназ
Сәлем,әнші халайық!
Кәне,көпке лайық
Әуезді де көңілді
Әсем әнге салайық
Өмірдің мағынасы ән менен күй
Одан артық болмайды ешқандай сый
Көрініс: Шешендік сөз
1-жүргізуші:
Әкелерді құрметтеп,
Сүйеміз шын жүректен
Әке-асқар тауымыз,
Көңілдерге гүл еккен
Өсіреді сананы,
Тура жолға салады
Әкелерге мың алғыс
Әлпештнген баланы
2-жүргізуші:
Ойында мейірім ,ақ тілек
Бойында ақ сүт тәтті леп
Анадай пейіл қайда бар?
Бәріне тұрған ақ тілеп
Келесі әнімізді ата-аналарға арнаймыз.
Ән: Ақ мамам
Ойын:
1-жүргізуші:
Ерке өсіп,ел жайлаған ұл менен қыз
Жүрекке сәлем жолдап біздер тұрмыз
Асқақ ән,шын көңілмен әсем биді сіздерге,
Тарту етіп, біздер тұрмыз
Ән:Ұстаз-Ж.Дильназ
Би:Корей
Ән:Песинка крокадила
Би:Қазақ биі
Ән.Үкілі қыз-Азиза
Би:Индиский
Ән:Жау жаңбыр-Гүлім
2-жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерді сүйген таза көңілмен
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.
1-жүргізуші:Ендігі кезекті мектеп директорына сөз кезегін береміз.
Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын,
Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың
Басқарып директор боп осы ұжымда,
Баршаны аялаған алақаның.
(Мектеп басшысы Ақәбіл ағайды ортаға шақырамыз)
1-жүргізуші:
Тойымызға бүгінгі
Ақ тілегін арнап
Келді ата-анамыз
Кезек беріп соларға
Сөзіне құлақ саламыз
(Ата-аналар тілегі)
Оқушылар тілегі
Хор:Ұстаз деген ұлық атты сыйлымыз,
Жақсы әдетті сол адамдардан жинаймыз
Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,
Әйтсе әлі бастауышты қимаймыз.
Хор:Дос болайық бәріміз.
2-жүргізуші: «Аттанайық,бала шақтан-болашаққа»атты бастауыш мектеппен қоштасуға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Келіп тыңдағандарыңызға рахмет!