Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Мерекеңмен Анашым!

$
0
0

Тәрбие сағаты.Мектепалды даярлық

тобының тәрбиеленушілері.

 

Тақырыбы: Мерекеңмен Анашым!

Мақсаты:Оқушыларға 8-наурыз туралы түсінік беріп,аналарға деген сүйіспеншілікке  баулу,ана еңбегін,үмітін ақтап,есімін ардақтап,құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  Мерекелік шараға сай безендірілген сахна.Плакаттар құттықтау сөздер жазылған.

Сабақ барысы:

І.Кіріспе .

Мұғалімнің құттықтау сөзі.

- Ақ жаулықты аналар!
Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы – аяулы ұстаз апайлар! Қыр гүліндей құлпырған ару қыздар!
Сіздерді Көктемнің мейірімді де әсем салтанатты да сезімге толы 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін біз аналарымызды мерекемен құттықтау үшін «Мерекеңмен Анашым!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүрг:
Көктем келді! Нұр шуаққа бөледі
Әрбір жанды қуанышқа теңеді.
Міне, бүгін құлын болып құйғытып,
Көк аспанға құс боп ұшқын келеді.
2-жүрг:
Көктем-думан! Бар қызыққа бөледі,
Айдын көлде жүзсе және демеді.
Нұр көктемді дария – суға теңесең
Сәукелелі құрақ болғың келеді.
1-жүрг:
Неткен жылы, неткен ғажап ел еді
Құшағыңа қуаныш боп енеді.
Нұр сәулелі әркез көктем шуағын
Мейірлене аймалағың келеді.
2-жүрг:
Ана –әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
1-жүрг:
Ана – жүрек. Ана – тірек, тіректі құрметте. Ана – шыңың, шыңына сағынып жет. Ана – күнің, күніңе табынып өт.
Иә, шынында да Ана – құдірет Бар игі жақсының бастауы –Ғазиз Ана, Асыл да ардақты Аналар!

Ән: «Айналайын, ақ мамам!»

Орындайтын: Ануар Назарбек.

1-жүрг:
Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі –Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.

Гүлназ:Сенен өскен балалар.

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің аналар!

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Аружан:Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

Ақ жүректі сақтаған,

Жарқын күлкі бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші,келші ақ мамам!

Аяулым: Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Анамызға сыйлаймыз.

Ернар: «Күнім»-дейсің мені,

Күн мейірі сенде,

Күннің ыстық лебі,

Құшағыңа тең бе.

Нұрдәулет: Ақ қабақты анашым,

Күн көкірек мамашым.

Ақ сүтіңмен суардың,

Бөбегіңнің санасын.

Нұржол:Наурыз күні – Ана күні,әлем күні

Әлемді тебірендірер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал,бөбектерім сендер мұны.

Сұлтан:Ерлік,еңбек атқарған,

Еңбегімен мақталған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам!

Жанайым: Сен жалықпай жетелеп,

Мен бақытқа жетермін.

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін.

Ақерке:Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп әлдилеген көңілің кең.

Аналық махаббатың кәусар бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Дидара:Ерлік еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді.

Еркіндеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс!

2-жүрг:
Әсем би әрбір елдің рәсімі екен
Өнерпаз ортамызда басым екен.
Өнерін қуаныштан кім аяған,
Жаңа биді сіздерге шашу етем.
Сіздердің алдарыңызда «Бөбектер» би тобы

Би: Ертегілер

1-жүрг:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ән: Бала тілегі

Орындайтын:  Амангелді Гүлназ

1-жүрг:
Ана десем сезім билер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнап еді бар әлемге тыныштық.

Би:«Қара жорға»

«Балдырғандар» би тобы

Ойын: «Кім көп сөз біледі?».Ортаға 4 ана шығады.Оларға қарама-қарсы балалары тұрады.Анасын баласына дейін әр қадам басқан сайын жылылық сөзлер айтуы керек.Мысалы,айым,күнім,жұлдызым,алтыным,күмісім,…,…,Көп сөз айтқан бала жеңіске жетеді.

2-жүрг:Орындалсын арман –тілек ойдағы
Тағат төзім таусылмасын бойдағы
Шағаладай шәкірт үшін «шарқ» ұрып
Аман болған күндеріңнің той бәрі,- дей отырып, келесі әсем әнді қабыл алыңыздар!
Ән: «Қуыршағым!»

Орындайтын: Төлепберген Аяулым.

Мұғалім:Ақ тілеген жат-жақын жуығына,
Өмірдің көніп ыстық-суығына.
Алпыс қанат орда бұл елімнің,
Шаңырағы сендерсің, уығы да.
Ақ жүректі аналар берекеміз,
Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! –дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!
Аналар мерекесіне арналған  «Мерекеңмен Анашым» атты мерекелік жиынды жабық деп жариялаймыз!
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!


Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>