Жамбыл облысы. Шу қаласы .
№ 49 негізгі мектебінің мектепалды сыныбының мұғалімі:
Шамкенова Гулзат Мұратханқызы
Сабақ: Сауат ашу
Сынып: Мектепалды
Ұялы телефон : 8747-951-16-34
Сабақтың тақырыбы: «М м» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «М м» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Ойын арқылы тілін, сөздік қорлары М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сауатты әдемі, көркем жазуға үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойын арқылы тілін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін, тапқырлық, іздемпаздық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз ойын жеткізе білетін азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын,түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар,біз бір-бірімізге жүрек жылуымызды алақандарымыз, жылы сөздеріміз арқылы жеткізіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік.
ІІ.Оқушылардың өзара тілек айтулары:
-Денің сау болсын!
-Ұқыпты бол!
-Батыл бол!
-Кішіпейіл бол!
-Ізетті бол!
-Әдепті бол!
-Ақылды бол!
-Білімді бол!
-Сүйкімді бол!
-Қазақтың баласы бол!
-Еліңе қорған бол!
-Арманшыл бол!
- Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.
Доп сөзін тақтаға жаздырту. Дыбыстық, буындық талдау жасату.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
«Кім жылдам?» ойынын ойната отырып, жұмбақтың шешуін табу.
Марат та өлең жаттады,
Манас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған,
Екеуінің аттары?
Шешуі: М дыбысынан басталған.
III. Жаңа сабақты меңгерту.
Бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз М м дыбысы мен әрпі.
- Олай болса, біз бүгін Мм дыбысымен танысамыз
- Барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік
- М м дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап, қысылып айтылады.
- М м дауыссыз дыбыс
М м әрпінің баспа, жазба түрін таныстыру
М м әрпін ауада содан соң дәптерге жаздырту.
Оқушыларға Мысықтың суретін көрсете отырып, оқушыларға мысық туралы білгендерін әңгімелету.
Пеш үстінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр.
Мысық–таза хайуан. Олар мұқият жуынады. Мысық тарғыл жолбарыс пен аң патшасы арыстанға өте ұқсас. Мысық тышқанның інін тапжылмай аңдып отырады.
Мысық сөзіне дыбыстық, талдау жасату.
М дыбысынан басталғанын айтқызу. М дыбысын дыбыстату.
– Қандай дыбыс екен?
– Дауыссыз дыбыс.
М дыбысы сөздің барлық буынында келеді. М: тамақ, білім, алма.
«Кім жүйрік?» ойынын ойнату.
Қатар бойынша оқушыларды жарыстыра отырып, М дыбысы қатысты сөздерді айтқыз:.
..........................................................................................................................................................
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
1.Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2.Оқушыларға оқулықтағы берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.
3.Тақтаға мата, мал, алма сөздерін жазғызу.
Сергіту сәті. / музыкамен/
Дәптерімізді ашайық.
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық.
Көркем етіп жазайық.
Дәптермен жұмыс: Буындардан сөздер құрастырып оқу
Мақ ма д мы та са ла
сық на мон шақ
Ой толғаныс. Шығармашылық тапсырма: Бір сөзден көп сөз ойла
1 – топ: 2 – топ: 3 – топ:
Моншақ Оймақ Мақта
............ ........... ....................
Ендеше осымен бүгінгі сабағымызды қортындылай келе.
- Қорытынды:
Сұрақ-жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- М м дыбысы қандай дыбыс екен?
- Әріп таңбасы неге ұқсас?
V. Бағалау: Оқушыларды өз білімімен бағалау.
Оқушыларды формативті бағалау:
Тапсырманы толық , нақты орындаса (өте жақсы)
Тапсырманы жақсы орындаса (жақсы)
Тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)