Қызылорда қаласы
№39 «Қызылөзек» орта мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Есетова Айдана Аманбайқызы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қарапайым математика.
Тақырыбы:10 саны мен цифры.
Мақсаты: 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Билингвальды компонент: он,десять, тен.
Сөздік жұмыс: екі таңбалы сандар.
Пән аралық байланыс:Көркем әдебиет,қоршаған ортамен танысу,сурет салу
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.
Күннің көзі ашылып, көкке шуақ шашылып, құтты қонақ келіпті, төрге міне еніпті, сәлемдесу үлкенге,тәрбиенің басы ғой. Сәлеметсіздер ме апайлар! Здравствуйте! Good moning! (Барлығы орындарына отырады.) Балалар олай болса оқу іс-әрекетін бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Топқа бөлініп болсақ өткен оқу іс – әрекетімізді еске түсірейік.Біз өткен оқу іс-әрекетімізде қандай сандармен таныстық ?Қәне есімізге түсірейкші |
Сәлеметсіздер ме апайлар! Здравствуйте! Good moning!
1,2,3,4,5,6,7,8,9 |
Ұйымдастырушылық- ізденістік
Рефлексивті - коррекциялау |
1.Бір жылда неше жыл мезгілі болады? 2.Бір аптада неше күн бар? 3.Төртбұрышта неше бұрышы бар? 4. Қандай геометриялық пішіндерде не басы не соны жоқ? 5. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз? 6. 5 саны мен 7 санын арасында қай сан бар? 7.Заттар өзара бірдей болғанда, қандай амал қолданамыз? 8.Тоғыз саны қанша бірліктен тұрады? 9.Бір санңан екінші санды алу үшін қандай амал қолданамыз? 10.Бір таңбалы санңын ішіңде ең үлкені қандай сан ? Жақсы балалар, ойларың ұшқыр екен сендер өткен сандарды жақсы меңгеріпсіңдер. Сонымен сендер білетін бір таңбалы сандардың ішінде ең үлкен сан қандай ? Ия ,дұрыс айтасыңдар 9 саны болатын. Мына суреттке назар аударыңдар, неше торғай отыр екен қане бірге санайық ,(9) осы 9 торғайға 1 торғай келіп қосылды барлығы неше торғай болды ? Ендеше, балалар 9 +1= 10саны болады. Тоғызға бірді қосайық,жаңа шыққан санды біз 10 саны деп атайық.Қалай ойлайсыңдар , бүгін біз қандай санмен танысамыз? (10)Дұрыс айтасыңдар біз бүгін 10 саны ,цифрың оқуды және жазуды үйренеміз! Ол үшін бізге екі цифр қажет 1 (бір) және 0 (ноль). 1 және 0 санынан тұратын санды біз 10 саны деп атаймыз. Екі цифрдан тұратын сан екі таңбалы сан деп аталады. 1 цифрдың артына дөңгелек әдемі ноль цифрын қоятын болсақ , 10 деген сан пайда болады .10 саны 10 бірліктен тұрады. Ал, енді он санын ауада жазайық. Бір цифрын төменен жоғары,жоғарыдан төмен сызамыз, содан сон ноль цифрын солға қарай сопақша қылып қасына жазамыз. Ертегі. Ертегі.Ертеде cандар патшалығында санның үлкен кішісі болмапты. Сандар сондықтан да кейде бір-бірімен келісе алмай, керісіп қала береді екен. Сонда сандар патшасы барлығының орнын тауып реттей бастайды. 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10. 10-ға келгенде 9 саны оған келіспей, мен 10-нан кейін тұрамаймын,сандардың үлкені боламын деп бүлік шығарды. 10 саны да 9 дан кіші болғысы келмеді.Сандар патшасы сонда көп ойланып, жарайды, 9 сен біртаңбалы сандардың ең үлкені боласың,бірақ 10 –нан кейін тұрасың.Ал 10 сен 9-дан үлкен боласың, бірақ екі таңбалы сандардың кішісі боласың деп әділшешімін тауыпты. Бұл шешімге 9 бен 10 да риза болады
Енді, алдымызда жатқан парақтағы санды саусақпен жазамыз.Содан соң қарандашпен жазайық. Жарайсыңдар балалар, рахмет! Енді балар он санын қазақ тілінде , орыс тілінде және ағылшын тілінде санайық. (слайд арқылы). Міне балалар сендер білетін сандарға тағы бір сан келіп қосылды. Енді осы сандарды тура және кері санайық.Жарайсыңдар! Он санын жазу үшін неше цифр қолданамыз балалар? Дұрыс айтасындар екі цифр қолданамыз екен . Екі цифрмен жазылатын сандар екі таңбалы сан деп атайды екенбіз.
-10 саны қанша бірліктен тұрады? - 10 бірліктен тұрады екен. Оң қолымда бес саусақ Сол қолымда бес саусақ Бәрін қосып санасақ Болады екен 10 саусақ Жақсы. Жаңа санмен танысу барысында мұқият тыңдап,белсенді қатысып жауап бергендерің үшін 3 топқа бір-бір ұпайдан беруді шештім.
«Сергіту сәті Слайд арқылы Балалар келесі тапсырма «Есептер шығару» 4+5 5+2 6+3 3.Тапсырма «Логикалық есептер» Тауық шықты көшеге, Алма ағашта 7 алма Бірі түсті үзіліп Айтшы маған балақай Нешеуі қалды ағашта? Төрт қонжық орманға Оқу іс-әрекетіміздің соңғы кезеңі: «Келісемін -келіспеймін» деп аталады. (10 санына байланысты) 1. Сен келісесін бе 10 саны 1 таңбалы сан? (Жоқ, мен келіспеймін,өйткені 10 саны 2 таңбалы сан. 2. Сен келісесін бе 10 саны 10 бірліктен тұрады? (Жауап) 3. Сен келісесін бе 10 саны 5 санынан аз? (Жоқ, мен келіспеймін,өйткені 10 саны 5 санынан көп). 4. Сен келісесін бе 9 санынан кейін 10 саны тұрады? (Ия,мен келісемін, өйткені 9 санынан кейін 10 саны тұрады |
Балалардың жауабы.
Балалардың жауабы.
9 саны
10 саны
Балалар мұқият тыңдайды
Балалар ауада жазады.
Саусақпен жазады.
Тура ,кері санайды. 2 цифр қолданамыз
10
Балалар жатқа айтады
Балалардың іс-қимылдары. .
5
6
3
Балалардың жауабы тыңдалады |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: 10 санынымен және цифрымен танысады, жазылуымен танысады
Нені білді: екі таңбала сандардың құрамын
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: 10-ға дейінгі реттік санауды бекіту.