[quote][/quote]
Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.
Бөлімі:Сауат ашу.
Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап,анық,таза сөйлеуге үйрету.Ә дыбысы бар сөз,сөйлем құратып,сөздік қорын дамыту.Әдемі жазуға үйрету.
Көрнекі құрал: Әже, дәрі, әтеш , әке суреттері
Пән аралық байланыс: Көркем әдебиет,тіл дамыту
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Тауық балапандарын ертіп шығады. Қимылмен амандасу.Балаларды орындарына отырғызу.
Жұмбақ шешу.
Бұрап қойғаң сағаттай
Айқайлайды таң атпай. Бұл не Әтеш
Күтпеген сәт.Топқа жылап әтеш келеді.Ол асығып бұршақ жеп жүріп, дәннің тамағына тұрып қалғанын айтып, балалардан көмек сұрайды.
Балалар тәрбиешімен еріп шығып, жартылай шеңбер құрып, бастарын жан-жаққа ию арқылы амандасады.
Әтешке таңдана қарап, оның мұңың тыңдап шығып, көмек-тесуге дайын екендіктерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық
ізденушілі кезең Балалар, әтештің қылығы дұрыс па? Тамақты қалай жеу керек? Жақсы,ал,енді біз әтешке қалай көмектесе аламыз? Оның тамағын маймен сылау қажет.Бізде май жоқ, ендеше бәріміз әжеге барып, одан май сұрайық.
Әже (сырттан дауыс) : -Егер де маған көмек берсеңдер,онда мен де сендерге май шайқауға көмектесемін.
1 тапсырма
Әженің тапсырмасы: Ә дыбыс туралы балаларға түсінік беру.
Ә дыбысы дауысты дыбыс
айту кезінде жақ кең ашылып,иек төмендейтінін айтып түсіндіру.Қызыл түспен белгілейміз.
Әже балаларға риза болып, оларды сиырға сүтке жұмсайды
Сиырдың даусы шығады.Менің қарным ашты Егер менің не жейтінімді тапсаңдар,мен де сендерге көмек-тесемін.
2.Сиырдың тапсырмасы.Суретке қарап әңгіме құрастыру.Сөздерді буынға бөлгізу. Ондағы « Ә» дыбысының сөздің басында,ортасында,аяғында келетін сөздерді ойлатады.
Әже, әке, әтеш , дәрі.
Ә - же, ә - ке , дә- рі. ә - теш.
Сергіту сәті:
Тауық, үйрек, қаз, әтеш
Бидай теріп жейді екен
Тұмсығымен шоқып жеп
Қандай дәмді дейді екен
Жарайсыңдар, балапандарым! Ал, енді атаға барайық.
Ата (даусы) : Балалар, мен сендерге көмектесуге дайынмын, бірақ менің шөп оратын шалғым жоқ.
Атаның тапсырмасы дәптерге Ә әрпін әдемілеп жазу
Олай болса атаға ауадан шалғы жасап берейік.
Таспа түрінде Ә әрпін жазады
Дәптерге жазу.
Ә ә , Ә ә , Ә ә , Ә ә, Ә ә, Ә ә.
Әтештің тапсырмасы Дидактикалық ойын
«Сөз ойла,тез ойла»
Мақсаты: Өткен кез – келген әріпке байланысты сөздер айту.
Соңғы тапсырма «Ә» әрпін балаларға буындап оқыту.
Шалғыны атаға беру.Ата шөп орып береді,шөпті сиырға береді,сиыр сүтін береді,сүтті әжеге апарады,әже май шайқап береді.Маймен әтештің тамағын сылау.Әтештің тамағынан дән шығып, қуанып,балаларға алғысын білдіреді. Әңгімелеу.
Әжеге көмектесу.
тапсырманы орындау.
Ә дыбысы туралы балаларға түсінік беру.
Балалар сиырға келіп,одан сүт сұрайды.
Суретке қарап әңгіме құрастыру.
Сөздерді буынға бөлгізу.
Сергіту сәтін
қимылмен орындау.
Дәптермен жұмыс
Ә ә , Ә ә , Ә ә, Ә ә.
Ойын « Сөз ойла тез ойла»
Ә әрпін буындап оқу.
Рефлексивті – түзетуші кезең Қорытындылау.
Балалар олай болса біз бүгін Ә дыбысы мен таныстық Ә дыбысы дауысты дыбыс.
«Шөжелерім» әуені жай ойналып тұрады.
Шеп,шеп, шөжелерім,
Шеп,шеп, шеп, шеп шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Көк шалғында жайылыңдар,
Тез келіңдер,жайылым бар.
Әй,менің шөжелерім,
Әй,менің шөжелерім
Сабаққа қатысқан балаларды
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Ә дыбысы дауысты дыбыс.
Білу керек: Әтеш үй құсы
Нені игерді : Сурет бойынша әңгіме құрауды,сөздерді буынға бөлуді үйренді.