Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Ел басы ел тірегі

$
0
0

     Тақырыбы:    Тұңғыш Президент күніне арналған
«Елбасы- ел тірегі» зияткерлік сайысы
 Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы
 мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.Балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.
Түрі: зияткерлік сайысы

Жүру барысы:

І жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып, оны  қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.
Н.Ә.Назарбаев - ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір - қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;
ІІ жүргізуші: - қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы;
І жүргізуші: - қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз
елінің шын перзенті;
ІІ жүргізуші: - алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;
І жүргізуші: - елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;
ІІ жүргізуші: - халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің
басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын,
елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы – «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім » деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек. Біздің бүгінгі «Елбасы - ел тірегі» атты зияткерлік сайысымыз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.


І жүргізуші: - Сайысқа 4 топ қатысқалы отыр: «Еркіндік», «Теңдік», «Биіктік», «». Топ мүшелерімен таныс болыңыздар! (Музыка ойналады.)
«Еркіндік» тобы: Тулеуов Наурызбай Төлеуұлы, оқушы – Наурызбай Айкөркем
«Теңдік» тобы:
«Биіктік» тобы:
«» тобы:

ІІ жүргізуші: -Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін және әділ шешім шығаратын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Қосымша педегог
Тарих пәні мұғалімі
Есепші - бастауыш сынып мұғалімі
(Әділқазыларға бағалау парағы беріледі.)
І жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
ІІ жүргізуші: - Құрметті әріптестер, балалар, Тұңғыш Президент күніне орай
ұйымдастырылып отырған XXI - ғасыр көшбасшысы «Елбасы - ел тірегі» атты зияткерлік
сайысымызға қош келдіңіздер! «Білім - інжу маржан» -деп тегін айтылмаса керек. Бүгінгі
білім додасына келген сайыскерлер өздерін таныстырып өтсе...  (Әр қатысушы өздерін таныстырып өтеді)
І жүргізуші:
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
І. Жалпы сұрақ
ІІ. Бәйге
ІІІ Көкпар.
ІV. Жорға
V. Егер мен ...
Сайыс кезеңдерімен таныс болсақ, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Алғашқы кезеңімізде әр топқа сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа  1 ұпай беріледі.

ІІ жүргізуші - І кезең: Жалпы сұрақ. Бұл кезеңде қатысушылар тест тапсырмасын
орындайды.
1. Н. Ә. Назарбаевтың туған жылы
а) 6 шілде 1940 жылы;  ә) 6 маусым 1940 жылы;   б) 6 тамыз 1945 жылы
2. Н.Ә.Назарбаевтың туған жері
а) Алматы обл. Қаскелең ауд. Шамалған ауылы;  ә)Астана қаласы, Алматы обл.
б)Талғар ауд. Қаскелең ауылы
3. Н.Назарбаев Украинаның қай қаласына барып, металлург мамандығын меңгерді?
а) Днепродзержинск;   ә)Киев;   б)Донецк
4. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда неше жаста болды?
а) 45 жаста;   ә) 44 жаста;   б)48 жаста
5. Елбасы анасының есімі кім?
а) Әмина;  ә) Әлжан;   б)Әнипа
6. Тұңғыш Президенттің ұстазы
а) Сейтхан Ахметұлы;   ә)Ыбырай Алтынсарин;   б)Сәрінжіпов Аслан
7. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қай жылы қабылданды?
а) 2014 жылы;  ә) 2011 жылы;  б) 2012 жылы
8. Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім?
а) Шәкен Айманов;  ә) Рүстем Әбдірашев;  б) Асанәлі Әшімов

Оқушылардың тапсырмасы (ауызша):
1. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесің?
2. Еліміздің президенті кім?
3. Қазақстан  Республикасының астанасы қай қала?
4. Біздің еліміз қалай аталады?

І жүргізуші. ІІ кезең - Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық. Бұл кезеңде 4
сұрақ қойылады. Сұрақ таблоға шығады. Жауабын маркермен плакатқа жазады.
1. Президент сөзі қандай мағына береді?
2. Президентіміздің  бала кезіндегі арманы (ұшқыш)
3.1-ші желтоқсан қандай мереке?
4. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)

Оқушылардың тапсырмасы (суретпен жұмыс):
1. Мына суретте не бейнеленген? (Қ. Р. картасы)
2. Суретте не бейнеленген? (Мемлекеттік  Елтаңба)
3. Суретте не бейнеленген? (Мемлекеттік Ту)
4. Бұл не? Қай қалада орналасқан? (Бәйтерек)

ІІ жүргізуші ІІІ кезең  Көкпар
Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады.  Ұяшықтарда «жанды сұрақтар», «бейнелі сұрақтар», «музыкалық сұрақтар» болады.
* Жанды сұрақ: Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
* Жанды сұрақ: Ол Астананың символы. Биіктігі 97 метр. Ол не? (Бәйтерек)
* Жанды сұрақ: Еліміздің тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991жылы 16желтоқсан)
* Жанды сұрақ: Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
* Музыкалық сұрақ: Бұл қай ән? Сөзі мен әнін жазған кім? («Елім менің». Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған Б.Тілеуханов)
* Бейнелі сұрақ: Бұл кім? (Дариға Назарбаева - елбасының үлкен қызы)
* Бейнелі сұрақ: «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? (Нұрлан Әлімжанов)
 * Жанды сұрақ: Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі (гольф)
* Музыкалық сұрақ: Бұл қай ән? Сөзі мен әнін жазған кім? («Үшқоңыр». Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған А.Қоразбаев)

І жүргізуші  ІV кезең Жорға
Бұл кезеңде әр сайыскер ойланып, бір бірінен бұрын берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
1.Қазақтың ұлттық шекті аспабы (домбыра)
2. Ең алғаш президенттік сайлау қашан болды? (1991жылы 1 желтоқсанда)
3. Н. Ә. Назарбаевтың анасы (Әлжан ана)
4. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
5. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? (Байқоңыр)
6. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (1992 жылы 4 маусымда)
7. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9 орында)

ІІ  жүргізуші  «Егер мен ...»
(Егер мен президент болсам... өз ойын, мақсат міндеттерін айқын айтып беруі тиіс.)

І жүргізуші:
Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Марапаттау рәсімі
Қатысушыларды құттықтап,  диплом табыстау. Жеңімпазға «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атағын беру.







Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Trending Articles