Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

$
0
0

Тақырыбы: Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, белсенді, ынталы оқуды үйрету. Жуан дауыстылар туралы түсінік беру.
  2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау

Көрнекілігі: төрт түлік мал суреттері, «Ақсүйек», «Дұрыс тап», «Кім жылдам?» ойындары

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі

Типі: жаңа білім беру

Түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға өлеңді жеке-жеке оқыту

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

Дауысты дыбыстарды атату.

Балаларды үш топқа бөлу

  1. «Құлыншақ»
  2. «Ботақан»
  3. «Қошақан»
  • Сұрақ «Құлыншақ» тобына

Құлын ненің төлі? (жылқының төлі)

  • Сұрақ «Ботақан» тобына

Бота ненің төлі? (түйенің төлі)

  • Сұрақ «Қошақан» тобына

Қошақан ненің төлі? (қойдың төлі)

 

ІV. Жаңа сабақ:

Үнтаспадан «Ақ бұзау» өлеңін тыңдау. Өлең не туралы? (бұзау)

Оқулықтағы суретпен жұмыс.

  • Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
  • Баланы
  • Баланың жанында не бар?
  • Бұзау
  • Бұзау ненің төлі?
  • Сиырдың төлі.

Сурет бойынща шағын әңгіме «Ақсүйек» ойыны

  • Ал, балалар «Ақсүйекті» кім тапса, сол бала өлеңді оқиды.

Ойын «Дұрыс тап».

Жуан    дауысты

2145      6417897

1+1=2     ж              5+1=6            д

2-1=1      у               3+1=4            а

3+1=4     а               2-1=1             у

4+1=5     н                6+1=7            ы

                                       7+1=8            с

                                     8+1=9           т

                                     6+1=7           ы

  • Балалар, тапсырманы орындағанда қандай сөз шықты?
  • Жуан дауысты
  • Ендеше жуан дауыстылармен танысайық (а, ы, о, ұ)

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс. «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Қол жаттықтыру жұмысы.

А әрпін әдемі етіп жазу.

Тақтамен жұмыс. 29- жаттығу. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды теріп жазу.

Сүт, айран, қаймақ, қатық, кілегей, май, құрт, сүзбе, іркіт, ірімшік.

  1. Жаңа сабақ бойынша оқушы түсініктерін тексеру.

      Ойын «Кім жылдам?»

  1. «Құлыншақ» тобына.

Жуан айтылатын сөздерді ата.

(бала, бақты, бұзау)

  1. «Ботақан» тобына.

Сөздерден сөйлем құрау.

(Бала бұзау бақты)

  1. «Құлыншақ» тобына:

Сөйлемнен жуан дауыстыны ата:

(а, ұ, ы)

VII. Таратылған дөңгелек бойынша оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру.

28-жаттығу. «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу.   

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>