Тақырыбы: Көбелек пен Ебелек. Ш.Смаханұлы
Мақсаты:
- Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру
- Мазмұнын жүйелі түрде айта білуге үйрету, сабаққа қызығушылығын арттыру
- Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: Ш.Смаханұлы портреті, суреттер, сызбалар
Әдісі: түсіндіру
Типі: жаңа сабақ
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылар назарын сабаққа аудару
б) Сергіту сәті
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
«Шаңқа» мәтін мазмұнын қысқаша айту.
Тапсырмаларды орындау.
ІІІ. Жаңа сабақ: Көбелек пен Ебелек.
а) Ш. Смаханұлының портретін көрсету. Сықақшы-ақын Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық селосында туып, өскен. 1924-1988 жылдары өмір сүрген. Балаларға арналған «Шимайбек пен Шыңқетпе», «Қу түлкінің сыбағасы», «Ұр, тоқпағым, ұр!» сияқты шығармалардың авторы.
ә) –Мысалдың басқа щығармалардан қандай айырмашылығы бар?
- Жағымсыз жат қылықтарды шенейді, сынайды және нақыл сөз болады.
б) – Енді мысалды мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Талдау жүргізу.
в) Мысалды оқушылардың рөлге бөліп оқуы.
г) «Сөз сырын ұғайық»:
Жүрек жұтқан- еш нәрседен қорықпайтын, батыл, ержүрек.
Ұшып-қонып жүреді- ұшқалақ, тұрақсыз, тиянақты іс қылмайтын, басын бастап, аяғын тастап жүретін адам.
д) Мысалдан Көбелек пен Ебелектің бір-біріне қолпаштай сөйлеген сөзін тауып оқу. Көбелек пен Ебелекке мінездеме беру.
ж) Мысалдан нақыл сөз болып тұрған тұсты дәптерге жазу.
з) Жұмбақ шешу:
Желден қатты сасады,
Томпалаңдап қашады.
Тірелгенше дөңге кеп,
Дедектейді дөңгелеп. (қаңбақ)
Өзі кілем түріндей,
Құдды қырдың гүліндей.
Гүлге қонса кетеді,
Айырмасы білінбей. (көбелек)
Сабақты қорыту, бағалау.
Үйге: мәнерлеп оқу.