Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

І дыбысы мен әрпі.

$
0
0

Күні : 

Пәні : сауат ашу

С ыныбы : 1 в
Сабақтың тақырыбы:
І дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты.:

 а) І дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.
ә) І дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.
б) Бірігіп жұмыс істеуге,бірінің пікірін бір зер салып тыңдауға, табиғатты сүюге,оларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,ой-қозғау,сұрақ-жауап,топ,жұппен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Қане, бәріміз орнымыздан тұрып, менен кейін қайталаңдар.

Біз,біз біргеміз

Сөгілмесін іргеміз.

Ізденсек бірге бәріміз,

Білім шыңына жетерміз.

ІІ.Суретпен жұмыс :

Тақтада суреттердің артына жазылған сөздер тұрады, осы сөзді дұрыс оқыған соң суретті тақтадағы плакатта орналастырамыз.

Суреттер

Сөздер

Түлкі

Кісі

Кірпі

Білім

Ін

Кітап

Ағаш

Кілт

Дің

Тіс

Із

Тіл

Сөздерді оқып, суреттерді орналастырып болғанда, кітаптың 81 беттегі сурет пайда болады.

Тақтадағы суретпен жұмыс :

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?
  • Мұнда неше аң бар?
  • Қандай аңдар көріп тұрсыңдар?
  • Түлкі қандай аң? Кірпі қандай аң?
  • Суретте ін нешеу?
  • Ағаш нешеу?
  • Ағаш қандай?
  • Кірпінің қолында не бар?
  • Жерден не байқадыңдар?

ІІІ. «Ін» мәтінімен жұмыс :

Мәтінді мұғалім сөйлемдерге бөліп оқиды. Оқып болғаннан кейін, оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

  • Мәтін қалай аталады?
  • Аңдар қайда мекендейді?
  • Қоректерін қайда сақтайды?
  • Індерін не істейді?
  • Індерді тағы нелер пайдаланады?
  • Қандай аңдар қыста інінде ұйықтайды?
  • Кейбір құстар қайда жұмыртқалайды?
  • Борсық пен суыр қандай аң?(Тақтаға борсық пен суырдың суретін ілу)

Мәтіндегі і дыбысы бар сөздерге түсіндірмелік жұмыс:

  1. Ін – аңдардың мекендейтін жері.
  2. Дің – ағаштың тік орналасқан негізгі бөлігі.
  3. Кейбір – барлығы емес, таңдамалы. Мысалы, кейбір оқушылар.
  4. Кейін – ретті білдіреді. Мысалы, Айжаннан кейін.

ІV. Хормен жұмыс :

Кітаптың 82 бетіндегі сөздерді хормен оқу:

Ешкі, ескі, елік, етік, кілем, ілмек, білек, жібек, желім, жеңіл, ірі, іні, тіс, тік, ін, іс, ірімшік, кекілік.

І әріпінің сөздің қай тұсында кездесіп тұрғанын сұрау;

  1. Сергіту сәті.

Видеоматериялға қарап, жаттығуды қайталау;

VІ . Қима қағаздармен жұмыс:

Тақтада берілген сөздердегі түсіп қалған әріпті тауып, орнына қою.

Қалған оқушылар орындарында фишкамен жұмыс жасайды.

VІІ.  Жаңа сөздерді түсіндіру :

Кітап – оқу құрал. Кітаптардың әр түрі болады.

Ерлік – батырлық көрсету. Ерлік көрсеткен батырлар жайлы атап өту.

  • Өте жақсы,енді сол сөздердің астына кітап, ерлік сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасай қойыңыздар. (2-3 балаға оқыту)

VІІІ. Жұптық жұмыс :

Кім, не істеді сұрақтарына берілген диалогты хормен оқиды,  қандай сұрағына байланысты әр оқушы өз парталасымен диалог құрайды.

ІХ. Қорытынды :

- Қандай мәтінмен таныстық?

- Ін не үшін керек екен?

- Мәтін неше сөйлемнен құралған?

- І – дыбысы қандай дыбыс?

- Мысалдар келтірейік.

Х . Бағалау.

ХІ.  Үйге:

«Ін» мәтінін оқу,мазмұнын айту. Кім? Не істеді? Қандай? Сұрақтарына жауап беру.

  • Бүгінгі көңіл күйіміз қандай болды? (көтеріңкі)

Күлімдеп күн бүгін қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін қарады саған да,

Шуақпен нұр төгіп,

Көңілді кетті көтеріп.

  • Рахмет, балалар, сау болыңдар.

 

Мұғалім қолы :

Әдіскер қолы :

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>