Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 1б
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап
табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.
2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін,
дүниетанымын кеңейту, тілін дамыту.
3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
-Сәлеметсіздерме, балалар?
- Бүгінгі сабақты сендермен мен, Тұрдыбек Айнұр апайларың жүргізетін боламын.
-Қане бәріміз орнымыздан тұрып, менімен қайталайық.
- Сыныбымыз тап-таза,
Борда дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
ІІ. Өткенді қайталау.
а) Сұрақ-жауап: - Дыбыс деген не?
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Әріп деп нені айтамыз?
- Әріптерді не істейміз?
«Кім зерек?» ойыны.
Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.
ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»
Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке сызық арқылы қос.
Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ т.с.с.
ІІІ. Жаңа сабақ.
а) Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
- Олар қайда өмір сүреді?
- Орманда.
- «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
- О дыбысынан.
- Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
ә) - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
- Қоянның тапсырмасы.
« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
- Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
- Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
- Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
- Қасқырдың тапсырмасы.
Суретке қарап сөйлемдер құрастыру.(Оқушыларға сұрақтар қою арқылы)
- Аюдың тапсырмасы.
Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.
а) ауада жазып қол жаттықтыру;
ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
- Түлкінің тапсырмасы.
ОТАН сөзіне дыбыстық талдау жасау.
- Отанымыз қалай аталады?
- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, біздің отанымыз - Қазақстан. (Қазақстан Республикасының туының суретін тақтаға ілу)
- Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:
О-р ой-на ол той
О-ру ой-ла он тон
то-ғай шор-тан шо-пан
тор-ғай Шол-пан то-ған
- Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
ІV. Қорытынды.
Сұрақ-жауап:
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- О дыбысы қандай дыбыс екен?
- Әріп таңбасы неге ұқсас?
- О дыбысына байланысты сөздер айту.
- Бағалау
ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ