Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Е- дыбысы мен әрпі

$
0
0

Көкшетау қаласы №19 Орта мектебі

1-деңгейдегі, жоғары санатты

Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Әліппе 1 –сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Е- дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаттары:

1.Б.М. Оқушыларды Е-дыбысының жазба, баспа түрімен таныстыру. Дыбысталу ерекшелігін, дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйрету.

  1. Д.М. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық қасиетін, шапшаң ойлау машығын дамыту.
  2. Т.М. Сауатты боуға, сыпайы болуға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, В.Зайцев тенологияларының элементтері.

Көрнекті құралдар: Әріп, буын кеспелері, Плакат, елік, емен, етік, егін,есек, терезе, есік т.с.с суреттер.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. .

-Балара бізге бүгін қонақтар келді, олар өздеріңнің қалай оқитындарыңды, жаза білетіндеріңді өз көздерімен көруге келді. Ендеше қонақтарға қарап жымиып күлеміз де түзеліп отырып сабағымызға кірісеміз.

     * Кел, балалар күлейік!

      Топ болып

      Жақсы тілек тілейік!

     * Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз,

     * Сабақты өте жақсы оқиық.

     * Ұйымшылдық пен татулық тілейміз!

      *Бір-бірімізді сыйлаймыз!

       Айтқанын тыңдаймыз!

  1. Өткен сабақтағы 20-әріптерді қайталау.

-Балалар, терезеге көз салайық бізде қазір қай мезгіл?

-Қазір күз мезгілі

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады, ағаштардың жапырағы сарғаяды.

-Қандай ағаштың түрлерін білесіңдер?

-Қайың, емен, шырша, қарағай.

-Ең мықты, қатты  ағаш емен ағашы екен. ол 80-200 жыл өмір сүреді. Биіктігі 40-50 метрге жетеді екен. еменнен жиһаздар, кемелер, вагондар жасалады. Емен қабығының дәрілік қасиеті бар екен. Қала көшелеріне емен ағаштары көптеп отырғызылады.

Ендеше бүгін емен ағашы бізде қонақта.

 

-Ендеше ең мықты ағаш  еменнің түбінен мен бір сандық тауып алдым.

-Барлығымыз  хормен «Ақ сандығым ашылшы, ішінен біз білетін әріп шашылшы!»-делік.

Әріп кеспелерін ашу. Дауысты, дауыссыз екенін айту.

  1. Тақтаға таныс әріптерден келетін сөздер айту және жазу.

/Бір бала тақтаға , қалған оқушылар ілесіп жазып отырады./

  1. Жаңа сабақ. Сонымен бізге қандай ағаш қонаққа келді?

-Е-мен . 1-буыны қандай? /е-ашық буын/

-Ендеше біз бүгін қай дыбыспен танысамыз /Ее/

-егер өзі жалғыз, жеке тұрып буын құрай берсе, ол қандай дыбыс? / дауысты дыбыс/

5.Дыбысталуы.

-Қане Е-дыбысын айтып көрейікші. /Ее/

-Сендерге қалай естіліп тұр? /жіңішке , дауысты дыбыс/

-Дауысты Е-дыбысын айтқанда ауыз, тіс, ашық болады да, тілдің алдыңғы екі шеті, астыңғы тістердің түбіне тиіп, тілдің ортасы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

  1. Плакатпе жұмыс.

Жазба ,баспа түрімен таныстыру.

-Е-дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы. Е-дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі. Мысалы: Еден, Елік, Егінші, Етік. т.с.с

7.Оқулықпен жұмыс. Қанекей барлығымыз оқулықтан Е-дыбысын табайық.

Мынау не? Ер ат әбзелдері.  Ер ағаштан жасалады. Атқа отырғанда ерттеп салады. Мынау не?

-Елік. Е-Еліктің лағы, екі үлкен құлағы елеңдеп тұрады! Буындайық Е-лік

  1. Оқулықты өзім оқып беремін.

-хормен оқу

-іліп алып оқу

Емен мәтінін оқу

  1. Сөздік жұмыс.

Жер. Е-дыбысы қай жерде айтылып тұр. /сөз ортасынды/

Туған жер, жер ана, туып -өскен жер, жерді неге анаға теңейміз?

Себебі жер анадан түрлі қазба байлықтарын аламыз.

Өзімізге қажетті заттарды өндіреміз, өсіреміз. Ол бізді туған анамыздай асырайды. Ендеше: «Қоршаған табиғатты сүй, Жерге түкірме! Ол сенің денсаулығың! »,-деген екен.

  1. Неше? Нешеу? сұрақтарымен жұмыс

      -Енді мына сұрақтарға көңіл бөлейік.

     Неше  елік?  Елік нешеу? Бір елік,  Елік біреу,екі елік-елік екеу,  үш елік-елік үшеу, бұл жеті санына дейін қойылады.Сегіз елік- Сегізеу деуге  болмайды.

  1. Сергіту сәті.

Қол моторикасына арналған.

-Дың-дың қоңыраумын,

Дың-дың  соғыламын,

Қағыламын, соғыламын,

Мектептен табыламын!

 

Қаңқыл,қаңқыл қаздарым,

Қаздаң, қаздаң басады!

 

Кеме суда жүзгенде кемеріне су келеді.

 

  1. Дәптермен жұмыс.

-Е-әріпінің элементтерімен таныстыру.

-Аралық жолдың ортасынан бастап, жоғары көтеріп, сол жақты жарты құрсау, жазу жолына келген соң, тағы да жолға қарай жарты құрса саламыз.

-кіші е-дыбысының элементі де бір бөліктен тұрады.

-Жазу жолының ортасынан бастап, жоғары жағы ілмектелген, сол жақты жарты құрсау.-ауада жазу.

-Дәптерге толтырып жазу.

Дәптер астындағы тапсырманы көрсету.

Балалар, мына жұмбақтарды  Жұмбақбай атай  беріп жіберіпті. Шешейікші.

 Жұмбақ.

Ат әбзелі /Ер/

Ең жаман баға /Екі/

Жаңғақ жемісі бар ағаш/Емен/

Ендеше бізбүгін қандай дыбыспен таныстық және қандай әріпті жазып үйрендік! /Ее/

 

  1. Үйге тапсырма.

Сабақ аяқталды.  Рахмет!

 


Viewing all articles
Browse latest Browse all 196

Trending Articles



<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>