Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 196 articles
Browse latest View live

Ана өмірдің шуағы

$
0
0
Алматы облысы, Көксу ауданы, Бесқайнар ауылы,
Мектепке дейінгі шағын орталығы
бар Бесқайнар орта мектебі КММ

Қыз сыны

$
0
0
ОҚО Шымкент қаласы. № 30 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Қаттыбек Гүлнұр Қуанышбекқызы
Тақырыбы: Қыз сыны.

Төрт түлік мал ырысым

$
0
0
ОҚО Шымкент қаласы. № 30 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Қаттыбек Гүлнұр Қуанышбекқызы
Тақырыбы: Төрт түлік мал ырысым.

Жалаушалар (қағаздан құрастыру)/Технологиялық картасы

$
0
0
Жалаушалар (қағаздан құрастыру)/Технологиялық  картасы
Шығыс Қазақстан облысы Мұқыр ауылы
«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
шағын орталықтың тәрбиешісі А.С.Аринова

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі Құрастыру
Тақырыбы Жалаушалар (қағаздан құрастыру)

жаңа жылға арналған ертеңгілігі

$
0
0
жаңа жылға арналған ертеңгілігі
Шалқар аудандық білім бөліміне қарасты №12 балабақшасы

«Би билейміз тағыда, жасыл шырша жанында»
(Мектепалды даярлық тобының жаңа жылға арналған ертеңгілігі)
Тәрбиеші: Аманғожина Халима

2014-15 оқу жылы

6 саны мен цифры

$
0
0
6 саны мен цифры
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: 6 саны мен цифры


Мақсаты: 6 санымен және оның құрамымен таныстыру, 1-ден 6-дейін ауызша тура және кері санап, артық,кем,тең таңбалары арқылы салыстыра білуге үйрету;ойын элементтерін, ертегіні қолдану тәсілдері арқылы баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту

Мектеп жағдайындағы мектепалды даярлықтың сапасын бағалау және балалар шығармашылығын дамыту

$
0
0
Мектеп жағдайындағы мектепалды даярлықтың сапасын бағалау және балалар шығармашылығын дамыту
Мажитова Айгерім Құбайдоллақызы
Мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Қаракөл бастауыш жалпы білім беретін мектебі
Мектеп жағдайындағы мектепалды даярлықтың сапасын бағалау және балалар шығармашылығын дамыту

«Білімді біз балдырған» танымдық сайыс

$
0
0
«Білімді  біз балдырған»  танымдық сайыс
Зауре Накипова,
№114 орта мектеп
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі,
Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

«Білімді біз балдырған» танымдық сайыс


Қысқы киімдер

$
0
0
Қысқы киімдер

Зауре Накипова,
№114 орта мектеп
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі,
Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы.

Қысқы киімдер Ашық сабақ

ҚАЗАҚША ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

$
0
0
ҚАЗАҚША ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

БАРЛЫҚ ПӘННЕН 500 ГЕ ЖУЫҚ
ҚАЗАҚША ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ

АШЫҚ САБАҚТАР ЖИНАҒЫ

$
0
0
АШЫҚ САБАҚТАР ЖИНАҒЫ
БАРЛЫҚ ПӘННЕН 500 ГЕ ЖУЫҚ
АШЫҚ САБАҚТАР ЖИНАҒЫ

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!

$
0
0
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!
, Аягөз ауданы, Мәдениет ауылы
«Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
Мектепалды даярлық топ тәрбиешісі
Кулжанбекова Гульсим Есентаевна

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!

Ертеңгілік.

Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

$
0
0

Қарағанды облысы.  Сәтбаев қаласы

№31 «Балапан» б\б  тәрбиешісі КМҚК

ІІ-санатты тәрбиеші Жанабатырова А.А

 

                 Тақырыбы: Әдепті бала – арлы бала

 

Білім беру саласы: Қатынас, әлеуметтік орта

Бөлімі: Тіл дамыту, айналамен таныстыру, қоршаған орта

Мақсаты :  Балалардың коммуникативтік әдетін қалыптастыру.                                         

Білімділігі:. Жақсы мен жаман әдет қалыптарын ажырату. Дамытушылығы: Тіл байлығын, логикалық ойлау, көру, сезіну қабілеттерін дамыту. Халқымыздың  салт – дәстүріне деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиелілігі: Адамгершілікке , кішіпейілдікке, ұқыптылыққа баулу. Көрнекіліктер: Суреттер, дидактикалық ойын «Жаман мен жақсы», сыйлықтар.

Әдіс тәсілдері: Әңгімелеу, ойын ойнату,тапсырмалар,көрсету.

Тәрбиеші: -Балалар қарандаршы бізге көп қонақтар келіпті, кәнеки балалар қонақтармен амандасайық

-Сәлеметсіздерме!

Балалар орындыққа отырады

Тәрбиеші: Балалар алыста  не дауыс естіліп жатқан?

Тәрбиеші : Балалар бұл кім екен?

Мысық: Қой дедім ғой мен саған.

Ит : Р-р-р-р саған не керек! Қандай ұсқынсыз едің!

Мысық: -Не дедің? Мен бе ұсқынсыз? Өзіне қарашы, жылайды

Тәрбиеші:-Сәлеметсіздерме сіздер кім боласыздар? Сендерге не болды ?

Мысық: Мынау барғой мені ылғи кемсітіп, мазақтай береді

Тәрбиеші: Бұларын енді дұрыс емес, сендер балабақшаға келдіңдер кішкенең,қарандаршы біздің балалар қандай әдепті, тәртіпті балалар, бізге көп қонаққтар келіп отыр олармен амандасу керек

Мысық: ой біз амандасуды білмейміз мяу-мяу .

Ит: Амандасу деген не?р-р-р

Тәрбиеші: Ендеше сендер білмесеңдер біздің балалар көрсетеді, ендеше келіңдер шеңберге тұрыңдар біздің балалармен амандасуды үйреніңдер.

 Ал балалар тұрайық,

 Үлкен  шеңбер құрайық,

 Үлкен  шеңбер құрған соң,

Әдептілік  сақтайық.

Шаттық шеңбер:

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнекей, бәріміз

Сәлем берейік, үлкенге

Сәлеметсіздер ме?!

Амансыздар ма?!

Есенсіздер ме?!

Ит: р-р-р қандай керемет біз білдік амандасудың не екенін.

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық. Мысық ,ит біздің балалар әдептілік туралы көп  тақпақтар біледі.

Медина: Кім үлкенді сыйласа,

               Кім үлкенді тыңдаса,

               Үлкен болған кезінде

                Сыйлы болмақ өзі де.

Жандос: Атам маған өмірде

               Әдепті жан бол деген.

                Ата сөзі санамда,

              Жасы үлкенге жол берем.

Меруерт: Сәлеметсіз бе, ағай деп,

                   Сәлетсіз бе , апай деп,

                 Ұл-қыз сәлем береміз,

                Өнегелі өренбіз.

Мирас:  Дастарханның басында,

             Әдептен біз озбаймыз,

               Үлкендердің қасында

              Қолды бұрын созбаймыз.

 Амина: Нан қоқымын шашпаңдар,

              Жерде жатса баспаңдар.

              Теріп алып қастерлеп,

                Торғайларға тастаңдар

Тәрбиеші: балалар біздің мысық пен иттің көңіл күйлері болмай тұрған сияқты, кәне оларды ортаға шақырып бір көңілді ойын ойнайық.

Тікіриіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

 Бойын жазып керіліп

Бетін қолын жауады. Мяу-мяу-мяу

 Қасымнан бір қалмайды.

 Көзін қысып алады,

Ұйқта десең ұйқысы ,

Ұйқысы оның қанбайды. Мяу-мяу-мяу.

Мысық : Балалар сендерге көп рахмет әдептіліктің не екенін түсіндік.

Ит: рахмет балалар р-р-р ,мяу-мяу

Мысық ,ит : Балалар рахмет сендерге, біз енді әдепті боламыз сау болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдарма?  Орманға  тез жету үшін ән айтып барайық.

Аяз-қысып, өрнек сызып

Терезені торлайды.

Кейде ұлып, кейде ысқырып,

Ұйтқып боран сағады.

Бөбектерім айтындаршы,

Бұл қай кезде болады?

-демек, балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс (Қыс)

Тәрбиеші: Балалар біз орманда әдептілікті сақтау керекпіз! Қоқыстарды тастауға болмайды, бұтақтарды сындырмаймыз, құстарды атпаймыз, ұяға тейіспейміз.

Музыка: торғай, өзен, жел т.б

Орманшы: Талдарды бақылап жүреді, бұтақтар сынып жатқан жерде

тұрады, басын шайқап.

Тәрбиеші: балалар қарандаршы, алыста орманшы тұр кәне амандасайық

Сәлеметсізбе орманшы

Орманшы: амандасады

Тәрбиеші : сізге не болды көңіл күйініз жоқ қой?

Орманшы : ия балалар қарандаршы орман іші көңілсіз талдарға, шыршаларға зиян келтірген. Балалар шыршаның бұтақтарын сындыруға болама?  Табиғатқа зиян келтіруге болама? Біздің табиғат құрып бара жатыр жабайы жануарлар да азайып кетіп бара жатыр. Ох- ох

Тәрбиеші: Ия балалар, табиғатты біз аялауымыз керек.

Тәрбиеші: Балалар біздің орманшы өте көңілсіз екен, кәне балалар ормандағы жабайы жануарларды еске түсіріңдерші, орманшының көңілін көтерейік, бір ойын ойнайық орманшы біз балалармен ойын ойнап көңілінізді көтеруге қалай қарайсыз?

Орманшы : -Жарайды балалар ойын ойнайық

Тәрбиеші: жабай жануарладың қимылдарын өлең арқылы қозғаламыз.

Аю маң-маң басқан,

Қоян үркіп қашқан.

Қасқыр ылан салады,

Түлкі бұран қағады.

Орман іші көңілді

Бұтақтаң қар түседі.

Жарайсыңдар балалар жабайы жануарлады жақсы біледі  екенсіңдер . Онда балалар орманның сулулығын тамашалайық.

Орманшы: -Балақай сен нестеп жатсың?

-Балалар торғайды атуға бола ма?

- Жоқ!

Тәрбиеші:  -Балақай құстар біздің досымыз, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Қыс кезінде торғайларға қорық табу өте қиын сондықтан біз оларға жем беруіміз керек.

Кәне, балақай біздің балалармен шеңберге тұра ғой, орманшы сізде тұрыңыз әдепті туралы  «Жақсы ,жаман» деген ойын ойнайық.

Ойын  шарты: Мен жақсы туралы айтқанда қолдарынды шапалақтайсыңдар, жаман туралы айтқанда аяқтарынды топылдатасыңдар қымылдар көрсетесіндер.

 -Бір бала құстың ұясын бұзып жатыр екен, ол қандай бала?

 -Үлкен кісіге орын берген бала, қандай бала?

-Атасына терек егіп көмектесіп жатқан бала қандай бала?

- Жерге құлап қалған балапанды ұясына салып жатқан қандай бала? Тәрбиеші: орманшы ағай біздің балалар  әдепті туралы мақал -мәтелдер біледі  соны тыңдаңыз.

Мақал мәтелдер:

-Әдепті бала балабақшада

- Әдепті бала көшеде,

-Әдепті бала үйде.

-Әдепті бала ата- анасын мақтатар,

- Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.

-Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Орманшы: өте керемет жарайсыңдар, балақай көрдің бе әдепті бала қандай болу керек!

Бала: ия орманшы балалар енді мен тентек бала болмаймын әдепті бала боламын. (қолындағы садақты береді)

Орманшы: жарайсың балақай күзде жинаған алмамнан тату етем, ала ғой.

Бала: балалар орманшы рахмет сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Балалар балабақшаға кайтатын уақыт келді.

Орманшы: Балалар сендер қандай әдепті баласындар көп тақпақ, мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер, әдепті туралы (балалардың бастарынан сыйпайды орманшы)

Сендерге базарлығым бар апайларына берейін балабақшаларына барғанда үлістіріп береді.

Балалар: -Сау болыңыз орманшы !

Тәрбиеші:- Балалар балабақша тез жету үшін ән айтып барайық

Мен әдепті баламын,

Әдепті мен сақтамын.

Жас үлкенге жол берем,

Мен тәртіпті баламын.

Балалар біз орманға бардық. енді көңіл көтеріп бір ойын ойнайық

 «Біздің топта кім жақсы»

Тәрбиеші: Кәне балалар отырайық әдепті туралы сурет тамашалайық кәне балалар қарандаршы

-Балалар суретке қараңдаршы мына бала не істеп жатыр?

 -Талдың бұтағын сындырып жатыр ма?

-Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Балалар құсты садақпен атып жатыр? Олар қандай бала?

-Балалар автобуста орын бермей тұрса? Ол қандай бала?

 -Енді мына суретке қарайықшы.

Суретте бала не істеп жатыр?

-Бұл бала құстарға жем беріп жатыр?

 -Ол әдепті бала ма, әлде әдепсіз бала ма?

-Құстарға бидай беріп жатқан қандай бала?

Үлкен атамен амандасып тұрған  қандай бала?

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар біз қандай баламыз қолмен балалар жақсы баламыз деп белгі көрсетеді.

Қоштасу шеңбері

Орнымыздан тұрайық

 Үлкен  шеңбер құрайық

Келген  қонақтармен қоштасайық.

 Кездескенше күн жақсы, сау саламат болайық, сау болыңыздар!

                                              

Қызыл телпектің саяхаты

$
0
0

Қарағанды облысы.  Сәтбаев қаласы

№31 «Балапан» б\б  тәрбиешісі КМҚК

ІІ-санатты тәрбиеші Жанабатырова А.А

 

                                                               Тақырыбы: Қызыл телпектің саяхаты

 

Білім беру саласы: Таным

Білім беру бөлімі: математика

Мақсаты: Балалардың жылдық білімдерін қорытындылау.

Дамытушылық: Математикалық мазмұндағы дидактикалық ойындар арқылы білімдерін тексеру. Геометриялық пішіндер мен денелерді табуға үлкен-кіші,жуан-жіңішке, ұзын-қысқа заттарды салыстыру арқылы айырмашылықтарын талдай білуге үйрету, санауға бейімдеу.

Білімділік: ертегілерді еске түсіре отырып, балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Сонымен қатар ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлықтарын тексере отырып,білімдерін тиянақтау.

Тәрбиелік: топпен жұмыс істеуге,ұғымталдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: ертегі кейіпкерлері бейнеленген суреттер, 1,2,3 сандары бала басына, шыршалар бала басына, карта, ертегі кейіпкері Қызыл телпек, дөңгелек, тіктөртбұрыш,үшбұрыш.

Белингвалды компонент: Қызыл телпек-красная шапочка ,сан-цифр.

Шаттық шеңбер

Ал, балалар тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Үлкен шеңбер құрғасын соң,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақтап шапалақ

Амандасып алайық

Тәрбиеші:  -Бүгін аптаның жұма күні.Балалар сендерге, және келген қонақтарға тек сәттілік тілеймін!

-Ал,балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр біздің білімізді, тәртібімізді көруге келіпті.Сол үшін өзіміздің бүгін білімді,тәртіпті екенімізді көрсетейік.

Тәрбиеші: Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдер?

Тәрбиеші суреттерді көрсете отырып, балалардың естеріне салады.

-Бауырсақ, шұбар тауық, шалқан, қызыл телпек

Тәрбиеші: -Балалар бүгін біз осы Қызыл телпектің саяхатын тамашалап көрейік.

Тәрбиеші: Балалар алыста не дауыс естіліп жатқан?

Тәрбиеші: Балалар бұл кім екен?

- Қызыл телпек әндетіп кіреді

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келді?

Балалар: -Қызыл телпек келді.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,енді қызыл телпекпен амандасып алайық.

Қызыл телпек: Мен қызыл телпекпін, әжеме бара жатырмын

мен орманда гүл жинап жүріп адасып кеттім.

Тәрбиеші: Ай-ай,  қызыл телпек

Қызыл телпек: балалар маған көмектесіңдерші әжеме баратын жолды ұмытып қалдым.

Тәрбиеші: Қызыл телпек сен жолында ешкімді кездестірген

жоқсың ба?(жоқ)

Тәрбиеші: Онда жақсы, балалар қызыл телпектің алдына кім кездеседі ?

Балалар: Ия ,дұрыс айтасыңдар қасқыр кездеседі

Тәрбиеші: балалар қызыл телпекке көмектесейік,қасқырды жолықпай аман есен әжесіне жету үшін бір амалын табайық.

Қызыл телпек: -ия,- ия

Тәрбиеші: Орындыққа барып отырайық

Балалар, Қызыл телпек менде карта бар, ол үшін біз картамен

танысып әженің үйіне баратын дұрыс жолды табумыз керек.

Сендердің үстелдерінің үстінде қандай пішіндер жатыр?

Балалар: дөңгелек, тіктөртбұрыш,үшбұрыш.

Тәрбиеші: Аспанда не жарқырап тұрады ?

Тәрбиеші: Күннің пішіні қандай? (дөңгелек, сары түсті)

Тәрбиеші: Енді әженің үйін құрастырамыз, қандай пішіндерден тұрады?

-Тіктөртбұрыштан, ұшбұрыштан тұрады. . Бірінші үйдің қабырғасын тіктөртбұрыштан, ал үйдің шатырын ұшбұрыштан құрастырамыз.

Тәрбиеші:  Сен үйден қай уақытта шықтын?

Қызыл телпек: Мен білмеймін, уақыт деген не ?

Тәрбиеші: -Балалар кәне біз айтайық тәулік 4 уақыттан тұрады таң, түс, кеш, түн бір сөзбен «тәулік» деп айтамыз.

Тәрбиеші: Балалар қызыл телпектің көңілін көтеріп бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті «Отбасы»

Балалар отырады

Тәрбиеші: Үйге бара жатқан 2 жолды салыстырайық. «Ұзын және қысқа жолдар, жуан, жіңішке »

Балалар сендердің үстелдерінде жолақтар жатыр бірі ұзын ,бірі кысқа

-Балалар жолдың көлемі бірдейме?

-Балалар :-Жоқ

Тәрбиеші: -Біреуі қандай ? Жуан

Екіншісі кандай? Жіңішке

Балалар қызыл телпек қандай жолмен бару керек?

Балалар : Қысқа

Тәрбиеші: Қысқа жолдың  ені кандай?

Балалар : -Жіңішке, дұрыс қысқа және жіңішке жолмен бару керек.

Кәне балалар бойымызды сергітіп алайық

«Тербелейді ағаштар»

Үйдің жан- жағында көп ағаштар өсіп тұр

Ал мына суретте сол жақта қанша шырша ағаш бар? Кәне енді бірге қояйық. Енді осы ағаштарды салыстырып көрейік. Үш шырша ағаштар орналасқан Алғашқысы үлкен, ортасындағы орташа, соңындағы кіші

-Ал мына суретте оң жақта қанша шырша ағаш бар? Алғашқысы үлкен, ортасындағы орташа, соңындағы кіші .Оң жақтағы ағаштар да сол жақтағы ағаштар сияқты бірдей ,тең орналасқан.

-Ал енді үстел үстінде тақтайшалар жатыр, бірінші қатарға шыршаларды қойып шығамыз.

-Төмен қатарына сандар қойып шығамыз.

-Бірінші қатарға неше шырша қойдық

-Екінші қатарға неше сан қойдық.

-Жақсы жарайсыңдар.

Кәне балалар бойымызды сергітіп алайық

Сергіту сәті:

Оңға түзу тұр,

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

 Оңға бұрыламыз,

 Солға бұрыламыз

Жоғары, төмен қарайық,

 Орнымызды табайық

Тәрбиеші: Қызыл телпек мен саған картаны беремін сол карта бойынша сен тез әрі қысқа жолмен жүріп әженнің үйіне тез жетесін әжене барғасын қоңырау соқ жарайма.

Қызыл телпек: -Рахмет балалар, мен сендерге тәтті бауырсақ берейін.

Тәрбиеші: -Рахмет қызыл телпек, сау бол!

Балалар көрдіңдерме біз қызыл телпекке көмек көрсеттік.

-Балалар біз не құрастырдық?

-Дұрыс дөңгелек, төртбұрыштан, ұшбұрыштан

-Қандай жолмен кызыл телпек әжесіне бару керек?

-Дұрыс қысқа және жіңішке жолмен бару керек.

-Қай жолмен бару керек?

-Дұрыс ұзын және жуан

-Балалар мен неше рет шапалақ соқтым?

-Дұрыс 3 рет

-Балалар аю қандай орындықта отыр? Дұрыс кішкентай және төмен отыр

-Енді қандай орындықта отыр? Үлкен және жоғарыда отыр

-Кәне қолымызды алайық қандай үйлер болады көрсетейік.

-Аласа ,биік

Ұялы телефоннан  қоңырау соғылады

Балалар қызыл телпек маған хабарласып жатыр

Балалар қызыл телпек аман есен әжесіне жетіпті сендерге рахмет айтып жатыр.

Балалар сендер қызыл телпекке көмек көрсеттіңдер, сендер жарайсыңдар.

Жақсы іс жасаған бала өскенде өте мейірімді болады.

Асылхан бізге мейрімділік туралы тақпақ айтып береді

Кім үлкенді сыйласа,

Кім үлкенді тыңдаса,

Үлкен болған кезінде

 Сыйлы болмақ өзі де

Тәрбиеші: Жарайсыңдар ,балалар!. Біз  қандай баламыз қолмен балалар «Жақсы баламыз» деп белгі көрсетеді.

Орнымыздан тұрайық ,

үлкен шеңбер құрайық

келген  қонақтармен қоштасайық.

Кездескенше күн жақсы,

Сау, саламат болайық, сау болыңыздар!

 

Г дыбысы мен әрпі»

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту,  

                                        сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген  

                                        сөздерді оқу және жазуға үйрету.

                                      2.Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу        

                                         дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз  

                                         ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.

                                      3.Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу,     

                                         таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріп.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Оқушылармен амандасу, түгендеу
  3. Психологиялық дайындық.

Сыныбымыз тап - таза

Борда дайын тақтада

Денемізді жинақтап

Отырайық партаға

                  ІІ. Өткен сабақты қайталау

Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?

Оқушылар: - оқуды жазуды.

Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?

Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.

Мұғалім: - әріп дегеніміз не?

Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.

Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?

Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.

Мұғалім: - әріптерден не құралады?

Оқушы: - сөз.

Мұғалім: - сөзден не құралады?

Оқушы: - Сөйлем.

Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады?

Оқушы: - бас әріппен.

Мұғалім: - сөйлемдерден не құралады.

Оқушы: - мәтін. Өте жақсы.

Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық?

Оқушы: Ү дыбысы. Мұғалім: Ү дыбысы қандай дыбыс?

Оқушы: дауысты жіңішке.

Үкі, Үйрек суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасау.

Ә. Табылдиевтің «Кім кінәлі?» диалогын мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп оқыту.

- Кім сызды мына партаны?- деп ұстаз бізден сұрады. Үсенбек айтты: - Мен емес. Үміт айтты: - Мен емес. Күміс айтты: - Мен емес. Бұған жалғыз кінәлі - Елемес үнсіз тұр әлі.

Ойын: «Кім білгіш?»

Шарты: Буындардан сөздер құрау.

                         III Жаңа сабақ

Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын.

(Гүл)

Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр.

Оқушылар Гг дыбысы.

Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г дыбысы және әрпімен танысамыз.

Мұғалім: Г дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.

Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі тұр. Бүгінгі сабақта гүлдер әлеміне саяхатқа шығамыз.Саяхат барысында бірнеше гүлдермен таныстын боламыз.

Түймедағы гүлдің тапсырмасы бағандағы сөздерді оқу.

                     IV.Оқулықпен жұмыс

Е - гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.

Е - геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.

Е - гіз - бірге туған екі адам.

Се - гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).

Ке - ре - ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»

Бе те ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.

Ше ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.

Не - ге - сұрақ.

Шең - гел - тікенді өсімдік.

Мез гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.

Мұғалім: Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.

Оқушыларды - тізбектеп оқыту.

Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Гүлдері өте көп, себет немесе кәрзенке гүл шоғырын түзеді.. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.Емдік қасиеті бар

Сергіту сәті                          Шаршағанда ырғалып

                                               Гүлге ұқсап дем алам

                                              Қолымызды қозғалтып

                                              Гүлдей болып жайқалам.

Қызғалдақ гүлінің тапсырмасы.

  1. Дәптермен жұмыс.

-         Ауада жазу, тақтада көрсету.

-          Бас әріп, кіші әрпін жазу.

 

  1. Шығармашылық тапсырма.

Гүл, көгершін сөздерін текшені, бояу.

Қызғалдақ– лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

Келесі тапсырма раушан гүлінің тапсырмасы.

VIІ. Жаңа сабақты бекіту.

Дидактикалық ойын «Гүл теру» ойыны.

Шарты: Гг дыбысы мен әрпіне байланысты тапсырмалар

Раушангүл тұқымдасы— қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.

VIIІ.Қорытынды.

Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық,

Г дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?

«Ақ көгершін» өлеңін жатқа айту.

ІХ.Мадақтау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Армысың, Алтын күз!

$
0
0

Тақырыбы: Армысың, Алтын күз!
Мақсаты:
1. Оқушылардың күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейте түсу; күзді басқа жыл мезгілдерімен салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата білу;
2. Оқушылардың сахналық мәдениетін қалыптастыру; тұлғалық қасиеттерінің дамуына ықпал ету;
3. «Еңбек түбі - береке» деген халық даналығының дұрыстығын көз жеткізу.
1 - жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші: Бармысыздар, жадыраған жас достар!
1 - жүргізуші: Уа, халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтың
Алтын күзге арналған
Кешімізді бастайық..!
2 - жүргізуші: Армысың сары алтындай Алтын күзім»
Күн нұрын төккендей боп жапырағың.
Қарсы алып біз өзіңді тұрмыз міне,
Алтын күз деп өзіңе айдар тағып.
Күз - жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлык, молшылық. Күз дегеніміз - қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс - жидек, астың пісіп жетілуі, күзде малда, аң мен құстарда қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.
Оқушы: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Оқушы: Нағыз Алтын күз - қыркүйек айы. Қыркүйек - ерекше ай. Жалпы алғанда біз үшін күз дегеніміз - мереке, күз дегеніміз - береке.
Оқушы: Алтын нұрдай тамшылап.
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді.
Оқушы: Дала біткен жайдары
Құлпырыпты, түлепті,
Оқушы Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті.
: Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қайтпады.
Алдыңа кеп төкті де
Нанды үйіп тастады.
Көрініс: Көкөністер айтысыКөрініс «Көкөністер айтысы»

Қатысушылар: күнбағыс, картоп, қызанақ, адам, баклажан, жуа, сәбіз

Бәрі ұйқтап жатады, тек күнбағыс қана тұрып қалғиды. (Кенет күнбағыс басын жерден жұлып алады жеңіл ырғақты музыка ойнап тұрады).

Күнбағыс: Күнді... күнді қараңдар. Әне,әне ана төбенің арғы жағында шуағын сеуіп, дүниені ақ нұрға бөлеп келеді.

Тұрыңдар кәне, тұрыңдар! Көріңдер күнде!

Баялды (баклажан), қызанақ оянып басын көтереді.

Баялды ұйқысырап: Сонша айқалап не болды саған?

Қызанақ: Соны айтсайшы, ұйқымызды бұздың ғой (есінейді).

Күнбағыс: Әй сендер-ақ... мүлги бересіңдер. Одан да мен сияқты жан-жақтарыңа көз салмайсыңдар ма. Ғажап қой, ғажап! Әсіресе, аппақ болып таңның атып келе жатқанын көрмейсіңдер ме, керемет! Ештеңе көрмейсіңдер, осылай ештеңе білмей өтесіңдер ғой! Сендер тіпті ешкімге керек те емессіңдер.

Баялды мен қызанақ (жыламсырап): әй-әй, олай деме бізді. Біздің де пайдамыз зор.

Баялды: Қызанақ бауырым, сәл сабыр етші..., мен айтайын мен.. мен...

(сол кезде жуа, сәбіз, картоп оянады ). Жуа, сәбіз, картоп бәрі түсінбестен:

Не болды?

Бұл не айқай?

Сендерге не жетпейді осы?

Баялды: Әуелі біліп алмайсыңдар ма, не айтайын деп тұрғанымды. Менің бойымда калий тұздары көпОнымен кейбір ауруларды емдейді, міне менің пайдам.

Қызанақ: мен де... мен де айтайыншы. Менде бар ғой С витамині лимон мен апельсиндікімен бірдей.

Жуа: Ә-Ә, білдім не айтып тұрғандарыңды. Мен тұрғанда не жоқ сендерге. Менде де ең алдымен витамин көп С,В витамині мол сондықтан жөтелге, тұмауға күйген жерге тағы да басқа ауруларға еммін. Сондықтан адамға мен көбірек пайдалымын.

Картоп: Әй,әй жуажан, қалай ұялмайсың сен. Мына сен адамды жылатасың ғой. Адамға пайдалы деп мына мені айтады.. әйтеуір сол сияқты сендер білмейтін аса бағалы заттар бар.

Сәбіз (бетін шымшып): Ұяттағы- ай! Картоп дегеннің өзі мақтаншақ екен ғой! Мақтансам мына мен де мақтанайын. Адам мені әуелі дәрі-дәрмек, сосын тамақ ретінде өсірген. Мен қан азайғанда, , асқазан ауырғанда, тағы көптеген сырқаттарға дәрі ретінде пайдаланады. Мені қатерлі ісіктерге қарсы жұмсайды. Ал ендеше бұған не дейсіңдер.

Күнбағыс: Ой, сәбіз деймін, тоқта сен! Әне, адамның өзі келе жатыр. Кімнің пайдасы көп екенін содан сұрайық. (Адам келеді).

Күнбағыс: Уа, адам! Біздің дауымызды шешіп беріңіз. Біз адамға таң атпастан қаншалықты пайдалы екенімізді шеше алмай дауласып жатырмыз. Бұған не дейсің?

Адам: Ә,ә солай ма? Маған бәрін де керексіңдер. Бәрің де пайдалысыңдар. Мен күнбағыстан алған майға, жуаны, сәбізді, картопты қуырып тамақ пісіремін, оған баялды мен қызанақты қосып жіберсем тамақ тіпті дәмді болады. Сондықтан бәріңде пайдалысыңдар.Ал, дәрілік қасиет бәріңде де бар. Біз сендер жақсы өссін деп кетпенді қолдан тастамаймыз. Енді дауды қойып күннің нұрын, ауаның тазасын жұтып алаңсыз өсе беріңдер. (адам кетіп қалады).

Дақылдар бір-біріне қарайды. (Барлығы хормен қимыл көрсетіп тұрып «Жемістер» әнін орындайды)

Бау-бақшада өскенбіз,

Күннен қуат алғанбыз

Жұмыр жерден нәр жинап

Жұлдыздай боп жанғанбыз.

Байлығымды жинадым

Барымды мен силадым.

Алға бастар жолым бар,

Аман есен болыңдар.



Оқушы: Қызыл қырман басында,
Ақ бидайды сапырған
Диқандардың қасында
Күз есепші отырған.

оқушы: Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
: Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ
Шашу шашты жапырақ!
: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақыт күлімдеп
Көз тартады атырап.
: Көрініп еліме
Күндері мереке
Келді ғой жеріме,
Күз деген мереке.

: Нағыз сары алтындай сары күз - қыркүйек айы. Ол еңбек - айы.
: Күзгі маусымның екінші айы - қазан. Бұл ай - мереке басы. Диқандар бұл айда сабантой жинайды.
Ойын: 
1) Күз мезгілінде туған балалар.
2) Жапырақ жинау.
• Әсем әуен ырғағымен Алтын күз аруларының элегант - шоуы демонстрацияланды.
: Қарашы мына далаға,
Реңі сондай сары ала
Пісіпті алма балбырап,
Сарғайып жатыр бал құрақ.
: Аспанда қаптаған
Бұлт тыным таппаған.
Жөңкіліп көшеді
Суық жел еседі.
: Әне, қызыл алмалар,
Әсем бақтың жемісі
Алма терген балалар
Албырайды нұр жүзі.
: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала.
Сания(Cлайд бойынша):
Мынау бақ. Онда әр түрлі жеміс ағаштары өседі. Олар: алма, алмұрт, шабдалы, алхоры, жүзім, шие, жаңғақ. Жаз бойы ағаштарды күтіп, суарады. Күзде жемістері піскеннен кейін жинап аламыз. Алма, алмұрт, шабдалы, жүзім, шие тәтті жемістер.

: Біздің бақшада картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз, қияр, қызанақ өседі. Біз жазда оларды күтеміз. Күзде жинап аламыз.
: Мен қиярмын, қиярмын,
Дәмділікті жиярмын.
Салаттардың сәнімін
Жеп көрші қане, дәмдімін.
: Пісетін кезі дәл күзде
Мезгілсіз оны үзбе
Оның аты қызылша
Жей бер қарның тойғанша.
: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң доппын
Кім не десе де жағам,
Мені қоссаң тәтті болар тағам.
: Менің атым - қыркүйек, күздің бірінші айымын. Молшылықтың, байлықтың айымын. Ал, балалар, мен туралы не білесіңдер?
Хормен: 1 - қыркүйек - Білім күні.
22 - қыркүйек - Тіл мерекесі.
: Оқуға алғаш келгенде
Болсын деп білім серігім
Қиялым қанат бергенде,
Жүзбек боп ғылым теңізін
Қарсы алды күліп мектебім
Тұр екен дайын партасы
Бақытқа мұндай жеткенім
Алтын күздің арқасы.
: Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық - ау,
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық - ау.
Бау - бақша тосады
Тосады, достарым.
Дастархан толған дәм,
Жайдары аспаным
Ойнаймыз, күлеміз,
Достықты білеміз.
: Менің атым - қазан. Күзгі жиын - теріннің соңғы айымын, еңбекқор елді той - думанға кенелтемін. Менде қандай мерекелі күндер бар?
Оқушылар хормен: Қазан айының алғашқы жексенбісі - Ұстаздар күні.
Қарттар күні, сабантой.
: Мұғалім - ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың, даналардың,
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
: Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Не деген керім еді!
Не біледі осы жұрт, не біледі?
Бабалардың баласы - қариялар
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
: Менің атым - қараша. Күздің соңғы айымын. Қыстың жақындап қалғанын хабарлаймын.
Күз айлары: Ал, балалар, сендер біз туралы, біздің мерекелі күндерді жақсы күндерді жақсы біледі екенсіңдер. Енді кезекті күз байлықтарына береміз.
1жүргізуші: Егін, жеміс, жапырақ, алма, жүзім, қауын, асқабақ айта берсем көп екен..
Молшылық күз - береке күз,
Береке күз - мерекеміз!
2 - жүргізуші: Қараңдаршы көзің тоймас.
Күз деген бір жақсы уақыт
Ойда, қырда, таудың іші,
Бір молшылық жатқан шалқып.
Ал, балалар, кім біледі?
Неге айтамыз «Алтын күз» деп.
: «Алтын күз» деп
Біз айтамыз сол үшін де,
Сары алтындай, сары қауын
Көп піскен соң бақ ішінде.
: Жаңа піскен алмабаққа
Көзің тоймас қарасаң да,
Қараңдаршы сары алтындай
Жапырақты қайың, талға
Мұны көріп күзді қалай,
Теңемессің сары алтынға.
1 - жүргізуші: Міне, балалар, әр мезгілдің өзіне тән ерекшелігі бар.
2 - жүргізуші: Еңбекті талап ететін күз мезгілі бізді тәтті тағамдармен байытады.
1 - жүргізуші: «Еңбек етсең емерсің» деген осы.
2 - жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет

 

Жыл мезгілдері

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Е.Елубаев. Жыл мезгілдері

 

Сабақтың мақсаты: Оқушылар ақын Е.Елубаев туралы білімдерін тиянақтау Ойлау

                                  қабілетін, тілін, қызығушылығын дамыту. Әр мезгілдің ерекшелігін

                                  салыстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

                                  Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

 

 

Сабақтың түрі: Жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі:  Ақпараттық  технология

Сабақтың көрнекілігі:  тақырыпқа  байланысты слайдтар

 

Сабақтың барысы:

І. а)Ұйымдастыру

     Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

  ә)Психологиялық  дайындық.

 

Ана тілім – ар тілім

Жанардағы жарқыным.

Жүрегінде сақтаған

Ән жыры боп халқымның.

-          Қазір қандай сабақ?

-          Әдебиеттік оқу пәні сабағы.

      -     Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

      -     Қазақстан мемлекетінде Ақтөбе облысы Алға қаласында тұрамыз.

      -     Қазір біздің Ақтөбе облысында қандай айлық жүріп жатыр.

      -     Сәуір, мамыр айлары тазалық айлығы жүріп жатыр.

      -     Біздің ең қымбат байлығымыз не нәрсе, қалай аталады?

      -     Денсаулық.

      -     Тазалық не үшін керек?

      -     Денсаулық үшін.

      -     Деніміз сау болу үшін ең бірінші нені сақтауымыз керек?

      -     Жеке бас гигиенасын.

                                                                 

                                                          Байлық

                  Таза ауа                                                                Уақытымен

                                                                                             тамақтану

                                          

                                                      Денсаулық          

         

                    Көңіл күй                                                            Төзімді болу

                                                      Белсенділік           

 

 

ІІ. Үй жұмысын сұрау.

    Адам денсаулығын сақтауда ыстық тамақтанудың маңызы зор.

     -     Ыстық тамақпен бірге не болуы керек?

     -     Нан

 

 

Нан болмаса бағыңның кетері бар

Нанмен ғана өмірдің өтері бар.

Жолда жатса егерде бір үзім нан.

Арланбай ақ сен көтеріп ал.

 

    -      Үйге берілген тапсырма

Кәрім Сауғабаевтың „Нан туралы өлеңі”

 

1.К.Сауғабаевтың өмірі.

2.„Нан туралы өлеңді” мәнерлеп оқыту.

3.Нан дастарханға қалай келеді әңгімелеу.

4.Нан туралы мақал-мәтелдер.

 

1)      Нан болмаса ән де болмайды.

2)      Нан тамақтың атасы

Ынтымақ көптің батасы.

 

 

Тыйым сөздер: Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

                        Нанды басуға, аттауға болмайды.

 

ІІІ.Үй жұмысын қорытындылау.

 

Елді ырысқа бөлеген,

Нан өмірің, Нан-өлең.

Ер жеткен соң жер жыртып,

Егін салып, дән егем.

 

Ас біткеннің атасы нан,

Нан көрінер әр астың арасынан.

Қиқымын да түсірмей қорға оны,

Артық көріп көзіңнің қарасынан.

 

 

1)      Дүкенге барғанда нанды қолмен ұстап көру – мәдениетсіздік.

2)      Нанды таза пакетке сал.

3)      Нанды таза тақтайға салып тураған жөн.

    -    Балалар алдымызда нанымыз бар, тамағымыз тоқ.

Деніміз сау болу үшін бізге не керек?

    -    Таз аумен дем аламыз.

    -    Балалар таза ауамен дем алу үшін не істейміз?

    -    Тал егеміз.

    -    Талды қай кезде егеміз?

    -    Көктем мезгілінде егеміз.

    -    Бір жылда неше мезгіл бар?

    -    Төрт мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс мезгілдері.

 

ІV.  Онда бүгінгі өтетін тақырыбымыз Е.Елубаевтың „Жыл мезгілдері” өлеңі.

 

 

              Көктем                                                                         Жаз


                                              Жыл мезгілдері


                 Қыс                                                                            Күз

 

Автор туралы түсінік беру.
 1942ж 18 ақпанда туған  Е                   Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар станциясында туған.

                                           С

 Негізінен балаларға         К                    Ең алғашқа өлеңі 1958 „Ара” журналында  жарияланды.                                  

   арнап жазады                 Е

                                           Н 

                                                                       

40 -тан астам кітабы        Е                      Шығармалары „Көк жейде”, „Көкпар”, „Баламысың” деген.                                             

қазақ және орыс               Л

тілдерінде жарық             У                        

 көрген                               Б                       „Саған күшік керек пе?” фильмі

                                           А                         автордың пьесасы

                                           Е                          бойынша түсірілген    

                                           В 

2. Бұлтты айдай желдеткен

    Нөсерлеткен селдеткен       

    Шалшық кешіп ойнайтын

    Қай мезгіл деп ойлайсың.                                     

 

               Күн жылынады                    Көк шығады                     Мал төлдейді                

                                            

                                                      КӨКТЕМ
               

                     Құстар келеді                  Ағаштар бүршік                          Жер жыртып  

                                                          жарады                                  егін егеді   

 

Қойның толы жеміске

Көк майсалы еңіске

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың.

   

                     Жайлауға шығады                                       Егін толысып піседі 


                                                                 ЖАЗ

 
                     Күн ыстық болады                                      Жаздық бидай орылады   

 

                                

Жиын – терім болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын

Бұл қай мезгіл деп ойлайсың.

         

                        Қауын-қарбыз піседі                               Жапырақтар сарғаяды                    

                                                            КҮЗ

           

                         Қырманға дән толады                             Егіндер жиналады 

 

Шанамен зырлап кететін

Шаңғы, коньки тебетін

Аққала жасап ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың.

             

                  Мұз қатады                     Күн суытады                Шанамен 

 

                                                               


                                                       ҚЫС 

        

           

                  Аққала жасаймыз           Табиғат ұйқыға              Адамдар қыстық азығын

                                                     жатады                       жиып алады.          

                                                                                                                  

 

   Сергіту сәті.

Қанат жаям жалма – жан

Талпынғандай ұшуға

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

 

V.   Оқулықпен жұмыс.

а) Оқушыларға „Жыл мезгілдері” өлеңін тізбектей оқыту.

б) Сөздік жұмысын жүргізу.

   Ақырап-Қазан айының ескіше аты.

 

 

в) Шығармашылық тапсырма.

    Жыл мезгілдеріне арнап әр қатар шағын әңгіме жазу, сурет салу.

 

 

VI. Қорытынды

Жыл мезгілдері                          Қайтеді?                              Неліктен?

     Көктем                                    туады

     Жаз                                         шығады

     Күз                                          түседі

     Қыс                                         келеді

 

                                                         ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ

                 

                 

                                   КӨКТЕМ          ЖАЗ              КҮЗ                ҚЫС

 

       

                                                       ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ

 

 

             Табиғат аясында           Ауаны             Ағаш отырғызу                 Суды ластамау      

             жүргенде тазалық       ластамау              оны жұлмай                    көкті жұлмау  

                    сақтау                                                      баптау

 

 

Бізге жылдың бар мезгілі пайдалы. Көктемде егінді егіп, жазда баптап, күзде орып, қысқа дайындаламыз.

„Қыс қамыңды, жаз ойла” деген осыдан қалған сөз. Осы байлықтың бәрін бізге табиғат береді. Біз табиғаттан еңбек ету арқылы аламыз. Сол үшін табиғатты қорғауымыз керек. Табиғат аясында жүркенде тазалық сақтау, ауаны ластамау, сонда ғана біз әр жыл мезгілінде деніміз сау, саламатты ұрпақ болып жетілісеміз.

 

VII. Оқушыларды бағалау.

VIII.Үйге тапсырма беру. Өлеңді мәнерлеп оқуды тапсырамын.

         

В дыбысы және әрпі.

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: В дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

 1.В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстырып келіп, балаларды В дыбысы бар сөз, Сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.

  1. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілетін, қиялын зейінін дамыту. (Буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту)
  2. Сюжетті рөлді ойын арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту және игерген білімдерін бекіту.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, текшелер, атрибуттар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Тәрбиеші:

Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай-салаға қашады.

Ағаш басы бүршік жарып,

Гүл бәйшешек ашады.

Балаларым, айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

-Дұрыс. Көктемнің қай айы?

-Аптаның қай күні?

-Бүгі біз сауат ашу сабағында В дыбысымен танысамыз. Біз, алдымен дыбыс деген не? Соған тоқталайық.

-Біз дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Ал дауысты дыбыстар ше?

-Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?

-Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

-Ал біз әріптерді көреміз бе?

-Ал бүгін біз В дауыссыз дыбысымен танысамыз. Балалар, енді әріптер туралы жұмбақ жасырамын, сендер шешіңдер.

 

              Бір атым бар-

              Құлың болып тұмаған.

              Құнан болып өспеген.

(Балалардың жауабы: «Велосипед»)

 

-В дыбысы дауысты дыбыс па, әлде дауыссыз дыбыс па?

-Дауыссыз.

-Неліктен дауыссыз, қане бәріміз қайталап айтайық. Әлім тақтаға «велосипед» сөзін текшелер арқылы жазады, қалған балалар орындарында дауыстап айтады. Велосипед сөзінде неше буын бар?

Секіру  арқылы төрт буынға бөледі:

Ве-ло-си-пед.

В-дыбысына байланысты жаңылтпаш айтып береді?

 

-Володя, Валяман.

Волга бойын жағалады.

-Дұрыс балалар, жаңылмай жаңылтпашты қайталадыңдар. Ал енді «Хат келді» деген  дидактикалық ойын ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Хат келді»

-Балалар, кімде-кім В дыбысына байланыстты екі үш буыннан тұратын сөздер тауып айтса, сол көк текшені ұтып алады.

Баян: Ва-гон.                 Ва-фли.

Жазира:  Вок-зал            Ва-за                     Трам-вай

Тәрбиеші:

- Көк текшені кім ұтып алды?- деген сауал қояды балаларға.

Балаларға бірден:

 -Жазира – деп, жауап айтады.

-Енді жұмбақ жасырайын, жауабын жаңылмастан табыңдар

 

Қызыл түсті,

Мөлдір сулы,

Сары түсті,

Тасты, құмды,

Жасыл түсті балықтар,

Әйнек үйде қалықтар.

(Балалардың жауабы: Аквариум)

 

-Балалар, Аквариумның ішіндегі су қандай?

-Су туралы кім мақал –мәтел береді?

-Су-анасы бұлақ.

-Судың да сұрауы бар.

-Балалар, дұрыс айтасыңдар, сусыз күніміз жоқ, сондықтан суды ысырапсыз ағызбаңдар, дұрыс пайдаланыңдар. Мөлдір суы бар аквариумдағы балықтардың жүзуі қандай әдемі.

-«Аквариум» деген сөзді еркін айтып көріңдер, В дыбысы сөздің қайсы жерінен естіліп тұр? В дыбысының баспа және жазба түрі көрсетіледі, ауада жазып қолды жаттықтыру.

«Жер, су, ауа» сергіту ойны.

-Өте жақсы бойымыз сергіп қалды. Қазір дәптерді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып В әрпінің баспа түрін жазамыз.

-Сабақты әрі қарай сурет салумен жалғастырайық.

Аквариумның түрлерін еске түсірі (төртбұрыш, дөңгелек)

 

Балалар түгел сурет салуды аяқтаған соң: «Аукцион» ойыны ойналады.

Шарты: Балалар машина маркасын дұрыс атау және В әрпінің сөздің қай буынында тұрғанын табу.

Мақсаты: балалардың білімін тереңдетіп, логикалық ойлауын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.

Ірі фирма «Астана – моторстан» Смағулов мырза мен боламын.

Машиналар тізімі жатыр міне.

Қалаушысы болса егер сата аламын.

Маркасын дұрыс айтпай, сан соғып қалпылыста қалма, достар.

Балалар: -Волга, Вольво, Ваз ............

-Балалар, сабағымызды жалғастырайық. Мен сөйлемді бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар.

  1. Вагондар тұр ........... (тізіліп)
  2. Володя тұр .............. (қызығып)
  3. Вокзал басын............(қызықтап)

4.Валя да жүр ..............(сызылып)

 

«Саяхат» ойыны. Ойын шарты: балалар В әрпі бар қала аттарын көп атаса, авиа билетін ұтып алып қалаған қаласына барып қайтады. Мұнда балалардың логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

-«Қазақ ұлттық Авиа ұжымынан» Венера қыз келіп тұрған.

Кімде-кім жер шарындағы В әрпі бар қаланы атаса Венера авиа билетін саяхаттап қайтуға ұсынады.

-Бүгінгі ойында кімнің авиа билетті ұтып алғанын Венера айтады.

Венера: -Төрт қаланы атаған «авиа» билетін алып, Айдар барып қайтсын саяхатқа.

-В әрпінен саяхат сабағында көмектескен Венера қызға және өз білімдерінді жақсы көрсеткендерің үшін сендерге рақмет.

Балалар В дыбысына байланысты сөздерді қайталап жіберейік.

Сабақты қайталап сұраған соң, пысықтап қорытындылау.

 

Жыл мезгілдері

$
0
0

Сабақтың  тақырыбы:  Жыл  мезгілдері

Сабақтың мақсаты: Баланың сөздік қорын дамыту, ауызша сөйлегенде сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айтуға үйрету. Табиғаттың жыл мезгілдерін байланыстырып  өзгерістерін ажырату. Сөзге сөйлем құрастыруды дамыту. Баланың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Топқа бөліну арқылы баланың ойлау қабілеттерін арттыру.

Көрнекілік құралдар: Сурет «Жыл мезгілдері», «Үй жануарлары», сүт, ірімшік, құрт, май, тері, жүн, шұжық, шұбат, слайд арқылы көрсету.

Алдын-ала жұмыс: «Жыл мезгілдері» суреттерін құрастыру, Абай Құнанбаевтың өлең шумақтарын таныстыру.

Сабақтың барысы: Балалар,барлығымыз қолдарыңыздан ұстап, жүрек жылуын және шаттық күлкімізді............

Самал: Армысың қайырлы күн!

Медет: Армысың шұғылалы Аспан ата!

Нұрислам: Армысың шұғылалы Алтын күн!

Бәріміз: Бәріміз күндей жарқырайық!

Бәріміз дос болайық .... – деп бір-біріне лебіздерін білдіреді.

Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Жаз. Күз. Қыс. Көктем.

Төрт топқа бөлінеміз:

1 топ: Жаз- қызыл.

2 топ: Күз – сары.

3 топ: Қыс-ақ.

4 топ: Көктем-жасыл.

 1 топқа сұрақ.

Күз мезгілінде неше ай бар?

Қыркүйек, қазан, қараша.

2 топқа сұрақ:

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

3 топқа сұрақ:

Көктем мезгілінде неше ай бар?

Наурыз, сәуір, мамыр.

4 топқа сұрақ:

Жаз мезгілінде неше ай бар?

Маусым, шілде, тамыз.

1 топқа сұрақ:

Күз мезгілі неге сары?

Өйткені жапырақтар сарғайып түседі, желден түсіп жерлердің барлығы сары кілемге айналады. Аспанды сұр бұлт басып, жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн қысқарады – түн ұзарады.

2 топқа сұрақ:

Қыс мезгілі неге ақ?

Ақ киімін киіп, күн суытады, аяз, боран болады. Адамдар жылы киінеді.

3 топқа сұрақ:

Көктем мезгілі неге жасыл?

Қар ери бастайды, күн жылынады. Бәйшешектер шығып, шөптер өсе бастайды, құстар жылы жақтан ұшып келеді.

4 топқа сұрақ:

Жаз мезгілі неге қызыл?

Жаздакүн ысиды, адамдар суға түседі, шомылады. Көбелек қуып ойнаймыз. Аулада гүлдер өсіп көркейеді.

Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдері бойынша өлеңдері:

Күз. Қыс. Көктем. Жаз.

«Күз»

Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан,

Күз бұлт дымқыл, тұман , жерді басқан.

Білмеймін тоңғанымба, тойғанымба,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

 

«Қыс»

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

 

«Көктем», «Жазғытұры»

Жазғытұры қалмайды, қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен

Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.

 

«Жаз»

Жаздыгүні шілде болғанда,

Көкорай, шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда.

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда.

 

Мақалдар:

  1. Жер гүлсіз болмас.
  2. Жақсы адам –елдің ырысы,

Жақсы жер- жанның тынысы.

  1. Адам көркі – шүберек,

Ағаш көркі – жапырақ.

      4.Жері байдың-елі бай.

 

Дидактикалық ойын: «Тез ойла»

  1. Ериді:..............
  2. Бұлттанады:................
  3. Салқын:...........................
  4. Піседі:...........................

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының пайдасы»

Сиыр-сүт, ет, тері береді.

                               Ірімшік                  Айран  

                                                Сүт

                                Май                        Қаймақ

 

Бас киім   тері   тон

Жылқы – қымыз, шұжық, тері береді.

Қой – сүт, ет, тері, жүн береді.

Ешкі – сүт, ет, тері, жүн береді.

Түйе – шұбат, ет, тері, жүн береді.

Ал үй жануарлары пайдалы болу үшін оларды қорада ұстап, жем, шөп, су беріп күтеді, таза ұстайды.

Ертегі қойылымы: «Жыл басына таласқан хайуанаттар»

Жылқы: Мен алысты жақын қыламын,

Күшімді көреді, сүтімді ішеді.

Қылыма шейін арқан, жіп еседі.

Жыл басы мен боламын, - дейді.

Сиыр: Адам егін ексе менімен егеді,

Сүтімді ішеді, құрт, май істейді.

Жыл басы болу маған лайықты.

Қой: Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді.

Жүнімді алып киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі.

Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалы мал жоқ.

Ит: Мен болмасам, сендердің көбіңді ұрлап не қасқыр жеп тауысар еді.

Мен сендердің баршаларыңа бақташымын, дұшпан көрсем үріп, абалап иеме хабар беремін.

Тауық: Мен болмасам кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ер ерте тұрып таң атты деп шақырып, хаба айтамын. Кеш болса жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан: Бұл таласқаннан еш нәрсе өнбес. Жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болады. Түйенің  үстіне мініп, тышқан «Мен көрдім» - деп айғалайды.

Осылай жыл басы Тышқан болады.

Қорытынды:

Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Несімен ұнады? (балалардың жауаптары)

Балалар, бүгін сендер жақсы сабаққа қатысқандарың үшін, бәріңе де бесбұрыш сыйлаймын, әр уақытта осындай тапқыр болыңдар.

Жол атасы-бағдаршам.

$
0
0

Жол атасы-бағдаршам.

Сабақтың негізгі мақсаты:

Сөздік қорды дамыту, сабақтың мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажырату және оны танып білу.

Басты міндеттері:

-өмірдегі қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғымын кеңейту.

-патриоттық сезімін арттыру.

-Ұлттық тәрбиеге ықылас қою.

 

Сабақтың әдіс-тәсілі:

-бағдаршам, жол ережесі жөнінде мағлұмат беру

-тақырып бойынша сұрақтар-жауаптар.

-дидактикалық материалдарды, көрнекілікті тиімді пайдалану

-бой сергіті жаттығулары.

 

Сабақтың көнекілігі:

Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер, таспа, қатырма түрлі түсті қағаздар, желім, ойыншықтар.

 

Сабақтың өтілу барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балдырғандардың зейінін, ықыласын табиғат мүйісіне аударып:

-балалар, күнтізбеге қарайық, бүгін аптаның қай күні екен?

-Жұма күні.

-Әрине, бүгін аптаның бесінші күні-қасиетті жұма күні. Ендеше далаға көз салайық, ауа райы қандай екен?

-Күн жылы, аспанда күн жарқырап тұр.

-Балалар, таңертең балабақшаға келерде ауа райы қандай болды? Не байқадыңдар?

-Апай менің қолым тоңды.

-Аружан дұрыс айтады, әлі күн жылына қоймады. Балалар топтың ішінде ненің иісі аңқып тұр? Кім айтады?

-Бауырсақтың иісі.

-Шелпектің иісі.

-Шелпекті мұсылмандар қай күні пісіретін еді?

-Жұма күні.

-Ия, қасиетті жұма күні-мұсылмандар ниет етіп, ата-бабаларына бағыштап 7 шелпек пісіреді. Нұрлыбектің анасы 7 шелпек пісіріп алып келіпті. Мен сендерге сабақ соңында үлестіріп беремін.

 

Тәрбиеші:

Ал ендеше тыңдалық!

Жер жасарып көгерер,

Ағаштар әсем бөр бөрер,

Наурыз көже ішетін

Аталар бата беретін,

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады? (көктем мезгілі)

 

Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженері-механигі Д.Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Аппарат ортасында газды шам орнатылады. Өкінішке орай, газ жарылып , кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында , сосын Нью-Йорк қалаларында қайтадан пайда болады. Бұл жолы екі түсті (қызыл, жасыл) электрлі бағдаршам қайтадан болды. Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді.

Кеңес Одағы бойынша көшелерінің қиылысынан орын алды.

Тәрбиеші: Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болыпты?

Балалар: Екі түсті.

Тәрбиеші: қандай түсті?

Балалар: Қызыл, жасыл түсті.

Тәрбиеші: Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?

Балалар: Үш көзді жасыл, қызыл, сары.

Тәрбиеші: Шетелдердегі бағдаршамға – 131 жыл болыпты , ал біздің бағдаршамға – 75 жылдай болыпты.

Балалар: ол кәрі ата сияқты екен.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасың, «Бағдаршам –жол атасы» деп бүгінгі сабағымызды тегінен тегін атамадық.

Сабақты одан әрі белсенділік орталықтарында жалғастырады. Жеке-жеке орталықтарға жұмыс тапсырылады.

Өнер орталығы: балалар бағдаршамның суретін салып, түрлі түсті қарандаштармен бояйды.

Құрылыс орталығы: қатты қатырма қағаздан бағдаршамның үш түрлі көзін кесіп бағдаршам жасайды.

Үстел үсті ойындары орталығы: жолдың макетіне тиісті жол белгілерін тиісті жерлерге қояды. Онда көліктің қолда бар түрлері қойылады. (жедел жәрдем жүк машинасы машина автобус өрт сөндіруші машиналар)

 1 топ. Суреттен не көргенін айтып беру.

2 топ. Көлік аттарын атау.

3 топ. Қай көлік (транспорт) қайда асығып барады?

 

Ойын –сабақ.

Халық педагогикасының бөлімдері бойынша жұмыс жүргізе отырып, патриоттық сезімдерін, сүйіспеншілігін арттыру, еңбексүйгіштікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: балалар сендер бәрін білесіңдер данышпансыңдар. Менің жұмбақ жасырғым келіп тұр. Зейін қойып тыңдалық.

Ақ пен қара сызығы,

Жолақ жолақ сызылған.

Адамға жоқ зияны,

Аямапты ақ пен қара сияны.

Ол қандай жануар, Сафариде жайылған?

Балалар: Ол «зебра» деген жануар.

 

Тәрбиеші: Данышпандарым, дұрыс айтасыңдар. Сол зебра жануарының үстіндегі ақ, қара жолақтары сияқты біздің көщелер бойында жаяу адамдар, яғни жолаушылар жүретін «зебра жол» деп аталатын арнайы жолаушыларға арналған жол бар. Қараңдаршы ұқсайды ма екен?

Салыстыру жұмысы. (көшедегі жолақ сызығы бар суретті және зебра жануарының суреті)

Бой сергіту жаттығуы: (магнитофоннан баяу әуезді әуеннің дауысы естіледі)

Күне жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алалық.

Керек мұны қатты ұғу,

Жасап биік саналық.

Үшінші кезеңінде баяу әуенмен балаларды қатар-қатарға тұрғызып, желілі-рольді орталығындағы балалар сахналық көрініс қояды.

Сюжеті: 3 бала- жеңіл машинасы.

            1 бала – бағдаршам.

            2 бала – автобус көлігі.

            3-4 бала жолаушылар болады.

Балалар белгіленген орындарға барып тұрады. Көше қиылысы машиналар зуылдап өтіп жатыр, жолаушылар бағдаршамға қарап тосып тұр. Дәл осы кезде жедел жәрдем машинасының сиренасы естіледі.

Тәрбиеші: балалар, мынау қай көліктің дауысы?

Балалар: Жедел-жәрдем.

Тәрбиеші: Ойпыр-ай, енді қай көлікті бірінші жібереміз?

Балалар: Жедел жәрдем машинасын жібереміз.

Тәрбиеші: неге?

Балалар: Жедел-жәрдем машинасында ауырып жатқан кісі бар.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, Жедел-жәрдем машинасын бірінші жіберу керек. Себебі, олар адам өмірін құтқаруға асығып барады.

Сахналық көіріністі өз желісімен жинақтап, аяқтау.

Тәрбиеші мұқият тыңдағаннан кейін сұрақтар қою арқылы келесі жолы неге көңіл аудару қажеттегін айтады, ұсыныстар жасайды. Балалардың жасаған еңбектерін бағалап, сәтті шыққан жұмыстарға назар аударып, мадақтайды. Сөзі анық, мәнін мазсұнды айтқан, сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтау.

Сабақтың 4 кезеңі бағдаршамға арналған өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын талдау.

 

Бағдаршам. Жасыл жанды.

Өте бер. Бағың жанды.

Ал егер сары жанса,

Кідір тұр, жолды байқа!

Қызыл жанды қып-қызыл от сияқты

Қолыңды күйдірете шоқ сияқты

Бағдаршамды әрқашан есте сақта!

Қызыл түс жанғанда аялда, тоқта!

Қызыл-байқа, машина жоқ па?!

Сары-қозғалма, асықпа, тоқта!

Жасыл –жол сенікі осыны есте сақта!

Тәрбиеші бағдаршамның үш түсті көзінің атқаратын қызметін 2-3 балаға қайталап айтқызады.

 

Жұмбақ.

Менің үш көзім бар,

Бір көзім кідір,- дейді,

Бір көзім жүгір, -дейді,

Бір көзім абайла, -дейді,

Қарап ал, маңайға, -дейді.

Шешуі: бағдаршам.

 

Бағдаршам.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашғанда

Өте бергін жасқанба!

Көзін ашып жұмады

Бағыт сілтіп тұрады.

Расында бұл не балалар?

Хормен: бағдаршам ғой!

 

Жол белгілерімен таныстыру.

Көше қиылысында тұратын бағдаршамның қызметі, көшеден қай белгінің қасынан өтеміз (жер асты жолы, жер үсті жолының белгісі), аурухана белгісі, жолаушылар жүретін қандай жол екенін айту, зебра жолақ жол сызығы  т.б. жол белгілерімен таныстыру.

-балалар мына суретке мұқият қарайықшы, не байқадыңдар?

-Бала жолан дұрыс өтпеді.

-Оны машина қағып кетеді.

-Бағдаршамнан өту керек.

-бәрекелді, дұрыс айтасыңдар, бала жолдан дұрыс өтпеді.

Бағдаршамнан өтуі тиіс, сонда өз тағдырын сақтап қалады. Ал сендер осылай жолдан өтесіңдер?

-Жоқ, апай өтпейміз.

Тәрбиеші суреттер бойынша ой түйіндеп, сабақты қорытындылайды.

Viewing all 196 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>