Quantcast
Channel: Мектепалды даярлық | Предшкола - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 196 articles
Browse latest View live

7саны мен цифры

$
0
0
Білім беру саласы: ТанымҚарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тақырыбы: 7 саны мен цифры Білім беру саласы: ТанымҚарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тақырыбы: 7 саны мен цифры Мақсаты: 7 санымен таныстыру, құрамын анықтау арқылы 7 санының қатарын ретімен ауызша жаттықтыру. Логикалық ойын есептер шығару арқылы, балалардың білім - біліктілігін арттыру. 2. Дамытушылығы:Балалардың ой-өрісін, танымдық белсенділігін, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру 3. Тәрбиелігі: Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге, халық даналықтарын білуге, адамгершілікке тәрбиелеу Ұ. о. і. ә. әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, көрсету, ойын, санау, сергіту сәті, бағалау, қорыту. Қажетті көрнекіліктер: білімпаз ата,жолдорба,күрек,дүрбі суреттері, сан таңбалары, кемпірқосақтың жолақты түстері, әліппе - дәптері т. б. Ұ. о. і. – түрі: саяхат сабақ Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс -әрекеті Мотивациялық - Қозғаушы кезең Жылулық шеңбері. Күннің көзі ашылып Көкке шуақ шашылып Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Амандасу үлкенге Тәрбиенің басы ғой Ал кәнекей біріміз Сәлем делік үлкенге Сәлематсыздарма амандасу Ұйымдастырушылық ізденушілі кезең Балалар, біз бүгін орманға қазына іздеп саяхатқа шығамыз.Саяхатқа шықпас бұрын бізге не керек деп ойлайсыңдар Балалар жауабы: Жолдорба, шатыр, дүрбі,күрек Дұрыс айтасыңдар балалар Тосын сый Білімпаз ата кіреді. Балалар сендер іздеген заттар менде бар ал ол заттарды алу үшін мен сендердің білімдерінді саралаймын әр түрлі сұрақтар қойамын. Жолдарбадағы тапсырма – Санға байланысты санамақ айту. Шатырдың тапсырмасы - 1 ден 6 ға дейін санау тура кері санау. Дүрбінің тапсырмасы – 1 ден – 6 ға дейін орыс тілінде санау. Күректің тапсырмасы – ағылшын тілінде санау. Ал балалар керек заттарды алдық олай болса саяхаттқа дайынбызба орманға барамыз. 2.Алдымыздан аю шықты аюдың тапсырмасын орындамасақ орманға кіре алмаймыз. Қонжықтарға құлпынайды сыйға беру Балалар олай болса Ұйымдастырылған оқу қызметінде «7саны мен цифры»танысамыз 7 саны қасиетті сан, 7 саны тақ сан қатарына жатады, 6 санының оң жағындағы көршісі. 7 саны жеті бірліктен тұрады.Қазақта 3, 5, 7, 9 сандар киелі сандар мынадай халық аузында нақыл сөз бар: жеті қазына, жеті шелпек, жеті ата, жеті күн 7 –қазын дегеніміз жігіттің өмірімен байланыстырылған жеті ырыс деген түсінік беру. 7 –шелпек бұл жұма күндері мұсылмандар үшін қасиетті күн бұл күні әр отбасында 7 шелпек пісіреді Аруақтарға құран оқытылады. кемпірқосақтың 7 - түсі бар. Бір аптада неше күн бар - 7 күн бар. Түсіндіру Сұрақ – жауап. Түсіндіру 3. Балалар саяхатты жалғастыруға дайынбыз ба,алдымыздан қасқыр шықты қасқырдың тапсырмасы оқулықтағы тапсырмадан жасырынған сандарды табу. 4 - тапсырма Балалар Маймылымыз шаршап қалған сияқты қане сергіту сәтін жасайық 5 - тапсырма алдымыздан аю шықты аюдың тапсырмасы 7 санының құрамын жазу 6 - тапсырма Түлкінің тапсырмасы Кемпірқосақ ойыны. Жеті түрлі жолақты түстен кемпірқосақ құрастырып, артына жазылған тапсырмаларды орындау Дәптермен жұмыс Сергіту сәті Ойын ойнау Рефлексивті - түзетуші Балалар біз іздеп шыққан қазынаға өз білімдеріміздің арқасында жеттік.Міне қазына сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйға беремін. Ал,балалар тұрайық Үлкен шеңбер құрайық Кездескенше күн жақсы Сау саламат болайық Мадақтау Мадақтау Күтілген нәтиже: Біледі: 7 санының жазылуын Игереді: 7 саның құрамын жатқа жазу

ә дыбысы мен әрпі

$
0
0

[quote][/quote]

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі.
Бөлімі:Сауат ашу.
Сабақтың мақсаты: Ә дыбысы  және  оның  әріп таңбасымен  таныстыра  келіп,балаларды  сөздің  дыбыстық  мәдениетін  сақтап,анық,таза  сөйлеуге  үйрету.Ә дыбысы бар  сөз,сөйлем  құратып,сөздік  қорын дамыту.Әдемі  жазуға үйрету.
Көрнекі  құрал: Әже, дәрі, әтеш , әке  суреттері
Пән  аралық  байланыс: Көркем әдебиет,тіл дамыту
Сабақтың  түрі: Ертегі сабақ
Әрекет кезеңдері 	     Тәрбиешінің   іс - әрекеті	 Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
	Тауық балапандарын ертіп шығады. Қимылмен амандасу.Балаларды орындарына отырғызу.
Жұмбақ шешу.
Бұрап қойғаң  сағаттай
Айқайлайды  таң атпай.  Бұл  не  Әтеш
Күтпеген сәт.Топқа жылап әтеш келеді.Ол асығып бұршақ жеп жүріп, дәннің тамағына тұрып қалғанын айтып, балалардан көмек сұрайды.
	Балалар тәрбиешімен еріп шығып, жартылай шеңбер құрып, бастарын жан-жаққа ию арқылы амандасады.
Әтешке таңдана қарап, оның мұңың тыңдап шығып, көмек-тесуге дайын екендіктерін білдіреді.
Ұйымдастырушылық
ізденушілі  кезең	Балалар, әтештің қылығы дұрыс па? Тамақты қалай жеу керек? Жақсы,ал,енді біз әтешке қалай көмектесе аламыз? Оның тамағын маймен сылау қажет.Бізде май жоқ, ендеше бәріміз әжеге барып, одан май сұрайық.
 Әже (сырттан дауыс) : -Егер де маған көмек берсеңдер,онда мен де сендерге май шайқауға көмектесемін.
1  тапсырма
Әженің  тапсырмасы: Ә  дыбыс  туралы балаларға   түсінік  беру.
Ә дыбысы  дауысты  дыбыс
айту кезінде  жақ кең ашылып,иек төмендейтінін  айтып  түсіндіру.Қызыл түспен белгілейміз.
Әже балаларға риза болып, оларды  сиырға сүтке жұмсайды
Сиырдың  даусы шығады.Менің  қарным ашты   Егер менің не жейтінімді тапсаңдар,мен де сендерге көмек-тесемін.
2.Сиырдың  тапсырмасы.Суретке қарап  әңгіме құрастыру.Сөздерді буынға  бөлгізу. Ондағы  «  Ә» дыбысының  сөздің  басында,ортасында,аяғында келетін  сөздерді  ойлатады.
Әже, әке,  әтеш ,  дәрі.
Ә - же,  ә - ке  , дә- рі. ә - теш.
Сергіту сәті:
Тауық, үйрек, қаз, әтеш
Бидай теріп жейді екен
Тұмсығымен шоқып жеп
Қандай дәмді дейді екен
 Жарайсыңдар, балапандарым! Ал, енді атаға барайық.
 Ата (даусы) : Балалар, мен сендерге көмектесуге дайынмын, бірақ менің шөп оратын шалғым жоқ.
Атаның  тапсырмасы  дәптерге  Ә  әрпін  әдемілеп жазу
Олай  болса атаға  ауадан  шалғы  жасап берейік.
Таспа  түрінде  Ә әрпін жазады
Дәптерге жазу.
Ә ә ,  Ә ә ,    Ә ә ,    Ә ә,    Ә ә,     Ә ә.
Әтештің  тапсырмасы  Дидактикалық  ойын
«Сөз ойла,тез ойла»
Мақсаты: Өткен  кез – келген  әріпке байланысты  сөздер айту.
Соңғы  тапсырма  «Ә»  әрпін балаларға  буындап оқыту.
  Шалғыны атаға беру.Ата шөп орып береді,шөпті сиырға береді,сиыр сүтін береді,сүтті әжеге апарады,әже май шайқап береді.Маймен әтештің тамағын сылау.Әтештің тамағынан дән шығып, қуанып,балаларға алғысын білдіреді.	Әңгімелеу.



Әжеге  көмектесу.
тапсырманы  орындау.
 Ә дыбысы  туралы  балаларға  түсінік  беру.




Балалар сиырға келіп,одан сүт сұрайды.



Суретке  қарап  әңгіме  құрастыру.




Сөздерді  буынға  бөлгізу.







Сергіту  сәтін
қимылмен орындау.









Дәптермен жұмыс

Ә ә ,  Ә ә ,  Ә ә,    Ә ә.




Ойын « Сөз ойла тез ойла»
Ә  әрпін буындап оқу.
Рефлексивті – түзетуші кезең	Қорытындылау.
Балалар  олай  болса  біз  бүгін Ә дыбысы мен таныстық  Ә дыбысы  дауысты дыбыс.
«Шөжелерім» әуені жай ойналып тұрады.
Шеп,шеп, шөжелерім,
Шеп,шеп, шеп, шеп шөжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.
Көк шалғында жайылыңдар,
Тез келіңдер,жайылым бар.
Әй,менің шөжелерім,
Әй,менің шөжелерім

Сабаққа  қатысқан  балаларды
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
Нені  білу керек:  Ә  дыбысы  дауысты дыбыс.
Білу керек:  Әтеш үй  құсы
Нені  игерді :  Сурет бойынша  әңгіме  құрауды,сөздерді  буынға   бөлуді  үйренді.



Ел басы ел тірегі

$
0
0

     Тақырыбы:    Тұңғыш Президент күніне арналған
«Елбасы- ел тірегі» зияткерлік сайысы
 Мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы
 мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру.Балаларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бол білуге тәрбиелеу.
Түрі: зияткерлік сайысы

Жүру барысы:

І жүргізуші: Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып, оны  қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.
Н.Ә.Назарбаев - ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір - қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;
ІІ жүргізуші: - қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы;
І жүргізуші: - қорыққанға қорған, тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз
елінің шын перзенті;
ІІ жүргізуші: - алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;
І жүргізуші: - елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;
ІІ жүргізуші: - халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің
басшыларымен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын,
елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
ІІ жүргізуші: Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы – «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім » деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек. Біздің бүгінгі «Елбасы - ел тірегі» атты зияткерлік сайысымыз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.


І жүргізуші: - Сайысқа 4 топ қатысқалы отыр: «Еркіндік», «Теңдік», «Биіктік», «». Топ мүшелерімен таныс болыңыздар! (Музыка ойналады.)
«Еркіндік» тобы: Тулеуов Наурызбай Төлеуұлы, оқушы – Наурызбай Айкөркем
«Теңдік» тобы:
«Биіктік» тобы:
«» тобы:

ІІ жүргізуші: -Ендігі кезекте бүгінгі сайысымыздың әр кезеңде жинаған ұпай сандарын есептеп беретін және әділ шешім шығаратын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Қосымша педегог
Тарих пәні мұғалімі
Есепші - бастауыш сынып мұғалімі
(Әділқазыларға бағалау парағы беріледі.)
І жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сізге құрметпен қол соғылады.
ІІ жүргізуші: - Құрметті әріптестер, балалар, Тұңғыш Президент күніне орай
ұйымдастырылып отырған XXI - ғасыр көшбасшысы «Елбасы - ел тірегі» атты зияткерлік
сайысымызға қош келдіңіздер! «Білім - інжу маржан» -деп тегін айтылмаса керек. Бүгінгі
білім додасына келген сайыскерлер өздерін таныстырып өтсе...  (Әр қатысушы өздерін таныстырып өтеді)
І жүргізуші:
Сайыс 5 бөлімнен тұрады:
І. Жалпы сұрақ
ІІ. Бәйге
ІІІ Көкпар.
ІV. Жорға
V. Егер мен ...
Сайыс кезеңдерімен таныс болсақ, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз. Алғашқы кезеңімізде әр топқа сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа  1 ұпай беріледі.

ІІ жүргізуші - І кезең: Жалпы сұрақ. Бұл кезеңде қатысушылар тест тапсырмасын
орындайды.
1. Н. Ә. Назарбаевтың туған жылы
а) 6 шілде 1940 жылы;  ә) 6 маусым 1940 жылы;   б) 6 тамыз 1945 жылы
2. Н.Ә.Назарбаевтың туған жері
а) Алматы обл. Қаскелең ауд. Шамалған ауылы;  ә)Астана қаласы, Алматы обл.
б)Талғар ауд. Қаскелең ауылы
3. Н.Назарбаев Украинаның қай қаласына барып, металлург мамандығын меңгерді?
а) Днепродзержинск;   ә)Киев;   б)Донецк
4. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Үкіметін басқарғанда неше жаста болды?
а) 45 жаста;   ә) 44 жаста;   б)48 жаста
5. Елбасы анасының есімі кім?
а) Әмина;  ә) Әлжан;   б)Әнипа
6. Тұңғыш Президенттің ұстазы
а) Сейтхан Ахметұлы;   ә)Ыбырай Алтынсарин;   б)Сәрінжіпов Аслан
7. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні қай жылы қабылданды?
а) 2014 жылы;  ә) 2011 жылы;  б) 2012 жылы
8. Елбасы туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмінің режиссері кім?
а) Шәкен Айманов;  ә) Рүстем Әбдірашев;  б) Асанәлі Әшімов

Оқушылардың тапсырмасы (ауызша):
1. Қандай мемлекеттік рәміздерді білесің?
2. Еліміздің президенті кім?
3. Қазақстан  Республикасының астанасы қай қала?
4. Біздің еліміз қалай аталады?

І жүргізуші. ІІ кезең - Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз -дей келе біз «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық. Бұл кезеңде 4
сұрақ қойылады. Сұрақ таблоға шығады. Жауабын маркермен плакатқа жазады.
1. Президент сөзі қандай мағына береді?
2. Президентіміздің  бала кезіндегі арманы (ұшқыш)
3.1-ші желтоқсан қандай мереке?
4. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)

Оқушылардың тапсырмасы (суретпен жұмыс):
1. Мына суретте не бейнеленген? (Қ. Р. картасы)
2. Суретте не бейнеленген? (Мемлекеттік  Елтаңба)
3. Суретте не бейнеленген? (Мемлекеттік Ту)
4. Бұл не? Қай қалада орналасқан? (Бәйтерек)

ІІ жүргізуші ІІІ кезең  Көкпар
Ұяшықтарды таңдау арқылы сұраққа жауап алынады.  Ұяшықтарда «жанды сұрақтар», «бейнелі сұрақтар», «музыкалық сұрақтар» болады.
* Жанды сұрақ: Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
* Жанды сұрақ: Ол Астананың символы. Биіктігі 97 метр. Ол не? (Бәйтерек)
* Жанды сұрақ: Еліміздің тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991жылы 16желтоқсан)
* Жанды сұрақ: Мемлекеттік тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
* Музыкалық сұрақ: Бұл қай ән? Сөзі мен әнін жазған кім? («Елім менің». Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған Б.Тілеуханов)
* Бейнелі сұрақ: Бұл кім? (Дариға Назарбаева - елбасының үлкен қызы)
* Бейнелі сұрақ: «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының жас жігіт кезіндегі образын сомдаған әнші, актер, сазгер кім? (Нұрлан Әлімжанов)
 * Жанды сұрақ: Елбасының бос уақытында айналысатын сүйікті спорт түрі (гольф)
* Музыкалық сұрақ: Бұл қай ән? Сөзі мен әнін жазған кім? («Үшқоңыр». Сөзін жазған Н.Ә.Назарбаев, әнін жазған А.Қоразбаев)

І жүргізуші  ІV кезең Жорға
Бұл кезеңде әр сайыскер ойланып, бір бірінен бұрын берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс.
1.Қазақтың ұлттық шекті аспабы (домбыра)
2. Ең алғаш президенттік сайлау қашан болды? (1991жылы 1 желтоқсанда)
3. Н. Ә. Назарбаевтың анасы (Әлжан ана)
4. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
5. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? (Байқоңыр)
6. Мемлекеттік рәміздер қашан бекітілді? (1992 жылы 4 маусымда)
7. Әлемде Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9 орында)

ІІ  жүргізуші  «Егер мен ...»
(Егер мен президент болсам... өз ойын, мақсат міндеттерін айқын айтып беруі тиіс.)

І жүргізуші:
Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Марапаттау рәсімі
Қатысушыларды құттықтап,  диплом табыстау. Жеңімпазға «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атағын беру.






Ә ә дыбысы мен әрпі.

$
0
0

ОҚО  Сарыағаш ауданы  Жемісті ауылы

№14 Алыбай батыр атындағы жалпы

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Акпарова Ақерке

 

Сауат ашу пәнінің ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ               

Сабақтың тақырыбы: Ә ә дыбысы мен әрпі.                                            МАДТ

Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

 

Ә ә дыбысы мен әрпін танытып дауысты дыбыс екенін ұғындыру. Сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру. Дыбысты, әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құрай білуге, буындық, дыбыстық, талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту. 

Сабақтан күтілетін нәтиже:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:  Ә  дыбысын айтып жаза алады, ә дыбысы қатыстырылған сөздерге мысал келтіре алады

Оқушылардың басым бөлігі мынаны орындай алады:  Ә дыбысын айтып, жазып,   бес немесе алты әріптен құралған  ә дыбысы кездесетін сөздерді оқи алады.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Ә дыбысы бар сөздерге мысал келтіріп,  сөйлем құрай алады

Тілдік мақсат:

Әтеш, дәрігер,  әлди, бесік.

Ресурстар:

әже (суреті), бесік; әріптер кассасы, әтеш (суреті); әке (суреті); суреттер. Стикер, смайлик

Пәнаралық байланыс:

Тіл дамыту, көркем әдебиет, бейнелеу

Алдыңғы оқу:

Ә дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

 жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

3минут

Шаттық шеңберін жасау

Қайырлы күн достым,

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн бізге

Сәттілікке толсын

Біздің алар бағамыз

Кілең бестік болсын

Түстер арқылы топқа 4 бөлу

1-топ «Балдырған» тобы

2-топ «Күншуақ» тобы

3-топ «Алғырлар» тобы

4-топ «Зеректер» тобы

 

Өткен сабаққа шолу жасау

5мин

«Көңілді доп»-әдісі.

Балалардан І дыбысы мен әрпі жайлы сұрау.

 «Бесбармақ» әдісі.

 

ЖАҢА САБАҚ

8 минут

 

 

 

 «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы тақырыпты ашу.

Жұмбақтар шешу.

1.     Әжеде бар,

Анада жоқ.

Әкеде бар,

Атада жоқ.

Бұл қай әріп (Ә)

2.     Таныстырар әріппен

Мынау кітап- Әліппең.

«Әліппе» деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә)

3.     Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)

4.     Әжеме тіс саламын,

Көзіне әйнек тағамын.

Сондықтан да өскенде

Мен ....... боламын (Дәрігер)

5.     Тентек болсам ашынып,

Жақсы іс қылсам асырып,

Маған сақтап жүреді

Тәттіні де жасырып. (Әже)

Жұмбақтардың шешуі қай әріптен юасталып тұрғанын сұрау. Ә ә дыбысын хормен айту. Ауада жазу.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Ән, ән, ән. Қамба толы дән.

Ә әрпінің жіңішке дауысты дыбыс екенін түсіндіру.

А-Ә

Сан-сән, ар-әр, татты-тәтті, алды-әлді, ары-әрі.

Ә ә дыбысы қандай дауысты дыбыс екенін сұрап, пысықтау.

Тақтамен жұмыс. Ә ә үлкен, кіші әріптерінің жазылуын көрсету.

Дәптермен жұмыс.

Үлгі бойынша Ә ә әрпін дәптерге жазып шығу.

 Сергіту сәті.

(Музыка әуенімен би ырғақтарын жасау)  

 

САБАҚТЫ БЕКІТУ

10минут

 

Топтық жұмыс.

1-топ. Суретпен жұмыс.

Суреттерді қарап шығып, оларды шаршыдағы әріптердің қайсысына тиісті екенін ажырат.

2-топ. Суретпен жұмыс.

Түсіп қалған әріпті тап.

3-топ. «Тақырыптың түйінді сөздері» әдісі.

Сөздер банкісі                        Біздің тақырып

4- топ. «Ә ә» әрпі бар сөздерді белгіле

Әділет         адам

Дәрі             доп          әтеш  

Ине              сәби         Димаш

Үнтаспадан «Әженің ақылы» атты насихат тыңдау.

Ойға түйгендерін «Автор орындығы» әдісі арқылы ортаға салады.

Қорытынды. «Кезбе тілші» әдісі

-Балалар бүгін қай дыбыспен таныстық?

-Ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білдік?

- Ә дыбысы қандай дауысты дыбыс екен?

- Ә дыбысы сөздердің қай жерінде  кездеседі?

«Әлди бөпем» әнін үйренейік...

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Бармақтарың майысып

Ұста болар ма екенсің?

 Күйші болар ма екенсің?...

(Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларынан шығарып, жалғастырады).

«Бағдаршам» әдісі

Мадақтау

2мин

Смайликтер арқылы мадақтау  

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

2мин

Балаларға стикерлер тарату. Сабақтан алған әсерлерін смайликтерге стикерлер жапсыру арқылы білдіреді.

 

 

Ауа райын болжау

$
0
0

ОҚО  Сарыағаш ауданы  Жемісті ауылы

№14 Алыбай батыр атындағы жалпы

орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Баимбетова Сәуле Тасбалтақызы

 

 Әдебиеттік оқу пәнінің ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ               

 

Сабақтың тақырыбы:Ауа  райын болжау                                                                                 CЫНЫП:  4

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Оқушыларға ауа райы туралы білім беру.Ауа райының  болжаудың  маңыздылығын  түсіндіру.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

 

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: ауа райы туралы біледі.

1.     Оқушылардың көпшілігі мынаны орындай алады:Метеорология туралы біледі.

2.     Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Ауа райын болжай алады.

Тілдік мақсат:

Метеорология

Ресурстар:

Слайд,суреттер, термометр, таратпа материалдар

Пән аралық байланыс:

Математика, әдебиеттік оқу,қазақ тілі

Алдыңғы оқу:

Ауаның құрамы.Ауа қабығы туралы біледі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақ барысы және

 жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер

Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

 

Оқушылармен сәлемдесіп,жағымды ахуал орнату.

Шаттық шеңбері

Жер байлығы  көп екен,

Меңгеруді қалайды

Осының  бәрін білдірген

Дүниетану сабағы

   

Суреттер арқылы топқа біріктіру

Қар,Жаңбыр,Бұршақ, Шақпақ

Фарамативті

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

1-деңгей (білу, түсіну):

              «Сұрақтары бар қорап» әдісі
Мәтіннен түсінік.

 

«3»

2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

Мәтінге сұрақ құрастыру

 

 

«4»

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

 

Ауаның құрамы және ауа қабығы жайлы мәлімет

«5»

ЖАҢА САБАҚ

 

 

 

Миға шабуыл

Ауа райын болжау туралы бейнежазба көрсетіледі .Бейнежазбаның мазмұны бойынша бағыттаушы сұрақтар қойылып, оқушылар жауап береді.

Мәтінмен жұмыс.Мәнерлеп оқып,мазмұнын топта талдайды.

Метеорологиялық станция - тұрақты метеорологиялық бақылауға арналған мекеме.

 

Хайуанаттардың мінез-құлықтарына  қарай
ауа райы құбылыстарын болжау.

Термометрлердің негізгі бөлігі сынап толтырылған шыны түтік және шкалаларға бөлінген тақта.Әр бөлік 1ºС-қа тең.Шкала ортасы 0ºС.Бұл жылу мен суықтықты ажырататын шекара.
-Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС.


Жылы температураға «+», ал суық температураға «-» белгісі қойылады. Градус көрсеткіші былай жазылады. +10ºС немесе -10ºС.

Дәптермен жұмыс

Метеорология (грек. метеора-аспан  құбылысы және логос  - ғылым) –аспан мен оның өзгерісін  зерттейтін ғылым

Жеке жұмыс

САБАҚТЫ БЕКІТУ

1-деңгей (білу, түсіну):

Сендерге  жұмбақ жасырайын,жұмбақты шеше отырып,жұмбақты шешсеңдер қаптаған бұлттардан күнімізді ашасыңдар.

 

Сырылдатады шәйнегін,                                                                        Ұнатпасада жұрт мейлі                                                               Тереземнің әйнегін жуады                                                                        Бірақ сүртпейді

(жаңбыр)

Жайған жастық сөгілді,
Аппақ мамық төгілді.
(Қар)
Ақ моншақтар сабалар,
Қалмайды олар жанды аяп.
Жатып-жатып жоғалар,
Ешкім жинап алмай-ақ.
(Бұршақ)
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
(Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
(Аяз)

Жеке жұмыс

2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

1.Ауа райын  бақылау не үшін қажет?

2. Ауа райынының  қандай  құбылыстарын білесің?

3.Қазақстан жеріне не себепті  жауын-шашын аз түседі?

Жұптық жұмыс

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

 

Ауа райы, ашық, жарқырайды, жауады, соғады, жақсы ауа райы адамдарды қуантады, жұмыс, көңіл- күй сөздерін пайдаланып бес жолды өлең құрастыру.

Топтық жұмыс

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

1-деңгей (білу, түсіну)

Ауа райын болжау. Мәтіннің мазмұнын  әңгімелеу

               «3»

 

2-деңгей

(қолдану, талдау)

 

 

.Халықтық ауа райын болжау туралы мәліметтер.

 

              «4»

3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)

.Бір апталық ауа райын болжау.(ақпарат көздерін пайдалану )

             «5»

БАҒАЛАУ

 

Қалыртастырушы және  жиынтық бағалау

 

 

Кері байланыс

 

Нені білдім

Нені үйрендім

Нені үйренгім келеді

 

 

 

 

Рефлексия

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ 

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Анашым

$
0
0

анашым  «Анашым» Тақырыбы: «Анашым» ( 8 наурыз! ) 07.03.2017

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.

Тәрбиеші: Кеш жарық, қымбатты аналар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.

Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар! Бүгінгі аналарға арналған «Анашым» атты мерекелік кешімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Аналарға деген жылы лебіздер. Гүлім.Дана анашым Бақдәулет.Жайдарлы анашым Ернұр.Салмақты анашым Нұрдәулет.Жаңашыр анашым Айкөркем.Қамқоршы анашым Калима.Кемеңгер анашым Кәусар.Ардақты анашым Мирлан.Ақылды анашым Шапағат.Әсем анашым Мерей.Аяулы анашым Жанел.Кешірімді анашым Аянат.Сырлас анашым Бергей.Қадірлі анашым Ерген.Алтын анашым Сабыржан .Мейрімді анашым Ақбөбек.Өмір сыйлаған анашым Мерует. Асыл анашым Әміржан.Тірекші анашым Әлижан.Шуақты анашым Жүзімізге қараңыз. Бал-бұл жанған баламыз. Бізге қымбат күн шуақ, Бізге қымбат Анамыз.

Тәрбиеші:Көңілің

Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымызға балалардың

Анамның тілі-аяулы үні атты әнін қабыл алыңыздар.

Ән:Анамның тілі – аяулы үні сөзі: Ш. Смаханұлы әні: әні :Ә.

Тыналиев Өмірге келдім,

Анамды көрдім,

Деді ол: "жаным, Арайлы таңым".

Самал боп желпіп,

Жырымен ертіп,

Үйретті тынбай Бал тілін, әнін.

Қайырмасы:

Анамның тілі - айбыным менің,

Анамның тілі - ай-күнім менің!

байтақ елімді туған,

Сүйемін мәңгі өмірді думан.

Мектепке келдім,

Ұстазды көрдім,

Тыңдадым сөзін

Табынып, сүйіп. Анамның тілі,

Аяулы үні Тәрбиеші :Жүрекке нұрын

Жіберді құйып.

Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы,балалардың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Сабыржан: Мен үшін не керек – бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.

Айкөркем: Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас еш бір адамда. Шапағат: Әжем ұйықтар алдында Ертегі айтып береді. Еркелеп ойнап жатқанда Ылғи ұйықтап қаламын.

Мерей: Керемет қой аналар Аналарды теңейміз ғой құндызға, Күнге де, айға да, жұлдызға. Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл-қыздар!!! Ақбөбек: Ана пана, Ана дана. Өмірді әкелетін, Ана ғана!!! Жарқын жузді жан анам сендей болсын бар адам сендей болса бар адам шаттык кетпес баладан Мерует: Әр сөзімді жаттаған, Жүрегімде сақтаған, Анашым деп мақтанам, айналайын ақ анам! Кәусар: Біз доспыз гүлдермен, Текке оны жұлмаймыз Той күні бір-бірден Аналарға сыйлаймыз. Мирлан: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар Құттықтаймыз мейраммен Құрметті әжелер мен аналар. Гүлім: Ақ анашым, аппағым, Өзің жайлы тақпағым Өзің жайлы әнім де, Арнадым саған бәрін де. Шашымды өріп тараған, Қабағыма қараған Үлкен кіші демейді Сыйлайды оны бар адам. Ернұр: Айналайын анашым, әлпештеген баласын, Еміп өскен бөбекпіз, анамыздың мамасын.

Аянат: Ақ қабақты анашым, күн сәулелі анашым. Әлпештеген баласын, айналайын анашым. Бұралып біздің ұлдар билеген де, Шығыстың асқақ әні тербегенде Қол соқпай дәті шыдап тұра алар Аналар айтыңдаршы қандай адам Би: «Джентельмен» Мерей.Мирлан.Сабыржан.Бергей.Бақдәулет.Әміржандыжанды қарсы алайық. Әлижан : Бізге қарап елжіреп, ... Сүйсе беттен күнім деп, Құшақ ашса келші деп,

Жүгіреміз күлімдеп. Бергей: Мен гүлдердi жұлмаймын Торғайларды қумаймын Айтқан сөзiн тындаймын Анашымды сыйлаймын Жанель: Той пердесін ашайық Тойға шашу шашайық Аналарды құрметтеп, Ән маржанын ашайық. Әміржан: Қандай қызық көктемде Күн шуағын төккенде, Гүл тереміз алуан Шығып алып көк белге. Ән: «Анашым» Олай болса Ақбөбекті қарсы алайық

Дауысына сүйсініп тамсанайық Ерке қыздың талантына тәнті болып, Уа, халайық, жұмыла қол соғайық! Сахналық көрініс. «Бала көңілі» Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып, Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып, Биімен көрерменді тәнті ететін Жанел келді міне толқып, тасып Би: «Үнді биі» Отарқос Жанелді қарсы алайық. Бақдәулет: Анам, анам, ақ анам Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын Жұмсағанда барамын. Нұрдәулет: Қозы бағып жүргенде, Жаңбыр жауды. Бір тамшысын әкелдім, Анам, саған! Гүлдер жауып кетіпті Қырды, тауды. Бір шоқ теріп әкелдім, Анам, саған! Калима: Анамыздың мейірлі Жүзіне біз қараймыз. Анамызды пейілді Жомарт жанға балаймыз. Ерген : Ақ мамамды әрқашан, Сағынамын, сыйлаймын. Мейрам сайын мен оған, Түрлі сыйлық сыйлаймын. Бала, бала, бала деп Түнде шошып оянған! Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған! Ойын: «Сәбиді киіндіру» Би: «Кір жуу» Ернұр.Ерген.Шапағат.Әлижан.Нұрдәулетті қарсы алайық. Әркімнің де өмірден аласы бар, Аласы бар адамның анасы бар. Мерекесін құттықтап аналардың, Ән жолдайтын аналардың баласы бар. Ән: «Анашым,анажаным» орындайтын: Ерболатқызы Гүлім Би: Қуыршақ. Биші :Жайжан Айкөркем. Тәрбиеші: Білмесең надан боласың, Жау қолында қаласың, Үйреніп бәрін біле алсаң,

Ақылың жетіп толасың! Д/ойын . «Кім жылдам?» Мақсаты: Балалардың жылдамдықпен, берілген әріптерден сөздерді дұрыс құрастыра алуға төсілдіру. Сөздер.

ӘЖЕ.АНА.АПА Тәрбиеші :Анам менің аялап, әлдилеген Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы Қалайша ұмытамын бал татыған Ақ сүтінен нәр алғам. Ән:«Әлди,әлди» орындайтын Жайман Мерует. Тәрбиеші : Мерекені қарсы алып, Мәз болғанда барша жұрт, Гүл ұсынып қыздарға, Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып қыздарға арналған сыйлығымызды табыс етуге рұқсат етіңіздер. (Ұлдар қыздарға сыйлықтарын табыс етеді) Тәрбиеші:Ана деген — асыл жандар болаттай, Ана деген — мөлдір жандар бұлақтай. О, адамдар, қадірлей біл Ананы, Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай. Асылжанды әжелер,ардақты аналар,сүйкімді апалар сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

Дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға амандық тілейміз.Бүгінгі «Анашым»атты мерекелік шарамыз өз мәресіне жетті.Келесі мерекеде кездескенше аман,сау болыңыздар! Тәрбиеші :Бөбегіңнің сыйлығын, Қабыл алшы анашым. Ұзақ өмір жүз жасап, Ауырмашы анашым. Ән : «Бол жанымда» Топтық орындауда. Тәрбиеші : Ергебек Жазира Әбенқызы 2016-2017 о.жыл №4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Анашым» ( 0 «В»сынып) Тәрбиеші :Ергебек Ж.Ә. 2016-2017 о.жыл

«М м» дыбысы мен әрпі

$
0
0

Жамбыл  облысы.   Шу  қаласы .

№ 49 негізгі  мектебінің мектепалды  сыныбының  мұғалімі:

 Шамкенова  Гулзат  Мұратханқызы

Сабақ: Сауат ашу

Сынып: Мектепалды

Ұялы  телефон  : 8747-951-16-34


Сабақтың тақырыбы: «М м» дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «М м» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру, айтылу артикуляциясын меңгерту. Ойын арқылы тілін, сөздік қорлары М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сауатты әдемі, көркем жазуға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойын арқылы тілін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілетін, тапқырлық, іздемпаздық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адамгершілікке, парасаттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз ойын жеткізе білетін азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ойын,түсіндіру, сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі

Балалар,біз бір-бірімізге жүрек жылуымызды алақандарымыз, жылы сөздеріміз арқылы жеткізіп, бүгінгі күнімізге сәттілік тілейік.

ІІ.Оқушылардың өзара тілек айтулары:

-Денің  сау  болсын!

-Ұқыпты  бол!

-Батыл  бол!

-Кішіпейіл  бол!

-Ізетті  бол!

-Әдепті  бол!

-Ақылды  бол!

-Білімді  бол!

-Сүйкімді  бол!

-Қазақтың  баласы  бол!

-Еліңе  қорған  бол!

-Арманшыл  бол!

 

 

 

  1. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.

 

Доп сөзін тақтаға жаздырту. Дыбыстық, буындық талдау жасату.
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
«Кім жылдам?» ойынын  ойната отырып, жұмбақтың шешуін табу.


Марат та өлең жаттады,
Манас та өлең жаттады.
Қай әріптен басталған,
Екеуінің аттары?
Шешуі: М  дыбысынан басталған.


  III. Жаңа сабақты меңгерту.
Бүгінгі сабақта өтетін тақырыбымыз М м дыбысы мен әрпі.

  • Олай болса, біз бүгін Мм дыбысымен танысамыз
  • Барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік
  • М м дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап, қысылып айтылады.
  • М м дауыссыз дыбыс

М м әрпінің баспа, жазба түрін таныстыру

М м әрпін ауада содан соң дәптерге жаздырту.


Оқушыларға  Мысықтың суретін көрсете отырып, оқушыларға мысық туралы білгендерін әңгімелету.


Пеш үстінде мысық отыр,
Аздап көзін қысып отыр.
Тышқан етін жегісі кеп,
Тісі оның қышып отыр
.


Мысықтаза хайуан. Олар мұқият жуынады. Мысық тарғыл жолбарыс пен аң патшасы арыстанға өте ұқсас. Мысық тышқанның інін тапжылмай аңдып отырады.

Мысық сөзіне дыбыстық, талдау жасату.
М дыбысынан басталғанын айтқызу. М дыбысын дыбыстату.
– Қандай дыбыс екен?
– Дауыссыз дыбыс.

М дыбысы сөздің барлық буынында келеді. М: тамақ, білім, алма.


«Кім жүйрік?» ойынын ойнату.
Қатар бойынша оқушыларды жарыстыра отырып, М дыбысы қатысты сөздерді айтқыз:.

..........................................................................................................................................................
Оқулықпен жұмыс жүргізу.
1.Суреттегі атаулардың әрқайсысын шапалақ ұру арқылы буынға бөлу.
2.Оқушыларға оқулықтағы берілген сөздерді буындап, тізбектеп оқыту.
3.Тақтаға мата, мал, алма сөздерін жазғызу.
Сергіту сәті.  / музыкамен/
Дәптерімізді ашайық.
Қолға қалам алайық.
Салақтықтан қашайық.
Көркем етіп жазайық.

Дәптермен жұмыс:  Буындардан сөздер құрастырып оқу

Мақ                             ма                                            д                    мы   та                                   са                        ла

сық                            на                     мон                                     шақ

 

Ой толғаныс.     Шығармашылық тапсырма:  Бір сөзден көп сөз ойла

1 – топ:                              2 – топ:                           3 – топ:

Моншақ                           Оймақ                                Мақта

............                               ...........                             ....................

 

Ендеше осымен бүгінгі сабағымызды қортындылай келе.

  1. Қорытынды:
    Сұрақ-жауап:
    - Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
    - М м дыбысы қандай дыбыс екен?
    - Әріп таңбасы неге ұқсас?

    V. Бағалау: Оқушыларды өз білімімен бағалау.


 Оқушыларды  формативті бағалау:

             Тапсырманы толық , нақты орындаса (өте жақсы)

             Тапсырманы жақсы орындаса (жақсы)

             Тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)

 

Кәне, кім тапқыр!

$
0
0

Сыныбы: 3 «Б»

Пәні: Логика әлемі

Күні:  17 наурыз

Сабақтың тақырыбы:  «Кәне, кім тапқыр!»

Сабақтың мақсаты: 1. Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау 2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.3.Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.                                       

Сабақтың әдісі: ойын сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

                       Психологиялық дайындық

  1. Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

 Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)

Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)

Жақсы! (алақандарын соғады)

Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)

Жақсы! (алақандарын соғады)

 Биде айналған жақсы ма? (айналады)

Жақсы! (алақандарын соғады)

 Қазақстандық болған жақсы ма?

(бас бармақтарын көрсетеді)

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. “Кім тапқыр?”

ІІІ. Математика мақал-мәтелде

ІV. Жұмбақтағы математика

  1. Математикалық сұрақтар

VІ. Логикалық есептер

VІІ. “Тапқыр болсаң, тауып көр” (математикалық бейнелі сөз)

  1. «Кім, тапқыр?»

Түзу, нүкте, сәуле

Теңдеу, шаршы, мектеп (артық сөзді тап)

  1. «Математика мақал-мәтелде» (мақалдың жалғасын тап)

 1.Бір тал кессең , ....

  1. Жүз теңгең болғанша,...

3.Ер бір рет өледі,

4.Екі жақсы қас болмас,…

1.Бір кісі қазған құдықтан,...

2.Жеті рет өлшеп,…

  1. Білекті бірді жығады, ...

4.Бір жеңнен қол шығар,...

 

1.Көру зейінін дамытуға жаттығу

Шарты: Шағын өлшемдегі әртүрлі фигурлар тақтаға салынып беті жабылып қойылады. Оқушылар сол фигураларды орнын ауыстырмай ретімен қойып шығулары керек.

Мұғалім:  Мен қазір фигураларды тақтаға саламын. 1,2,3, деп санап мен сендерге тақтадағы фигураларды көрсетемін. Мен беске дейін санап бұл фигураларды қайта жауып қоямын. Сіздердің міндеттеріңіз – фигураларға зейін салып қарап есте сақтау.   Фигураларды есте сақтау

  1. «Жұмбақтағы математика» (жұмбақтар шешу)
  2. Доп емес, дөңгелек емес,

 Ұқсап бірақ достарым,

 Фигура ол негізі,

 Дәл жауапты қостадым (шеңбер)

2.Бір кемпір: Сапырып-сапырып Сарманға бер,

Құйып-құйып Құрманға бер,

Есіктегі екеуге бер,

Төрдегі төртеуге бер

Өзің іш те маған бер деген екен.

Мұны естіген ұрылар –

«Қой мұнымыз болмас.

Бұл үй толы кісі болды,

 әрі бізден екі есе артық екен,

кетейік»-деп кетіп қалыпты.

Кемпір тапқырлығымен 

ұрылардан осылай аман қалыпты.

Сонда үйдегі адам нешеу, ұры қанша?  (10 адам, 5 ұры)

3.Жоқ өзінде қас та, бас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

  1. Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

 Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін білсең санап қой. (17)

  1. «Математикалық сұрақтар»
  2. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма
  3. 1 сағатта неше минут бар? 60 минут
  4. Қосудың нәтижесі қалай аталады? қосынды
  5. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шаршы
  6. Оқу жылының алғашқы айы қандай? қыркүйек
  7. Қосуға кері амалды ата. азайту
  8. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі
  9. Бір тәулікте неше сағат бар? 24 сағат
  10. 1 дм неше см болады? 10 см
  11. 1 ғасырда неше жыл бар? 100 жыл
  12. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата. 98
  13. Периметрді қалай табамыз? Барлық қабырғаларының ұзындықтарын қосамыз
  14. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш
  15. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. мм, см, м, дм, км
  16. 10 дм неше см бар? 100 см

Сергіту сәті

  1. Логикалық - сұрақ тапсырмалар 1) Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг) 2) Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (  көрші)

3.Бір арбаға жегілген 3 ат 3 км шауып өтті,Сонда әрқайсысы  қанша километр шапты?

4.Төрт кісі пойыздың келуін 3 сағат күтті.Әрқайсысы неше сағат күтті?

5.4 мысықтың 4 балапанға қарағанда  неше аяғы артық?

6.Үш картоп 10 минут піссе,жалғыз картоп неше минут піседі?                                                                          7.Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4 ұл 1қыз                                                                                  

  1. «Математикалық бейнелі сөз» шешу

           Екібастұз, алтыбақан                        

  1. Сюжетті логикалық есептер
  • Айгүлдің алдында 3 зат тұр: шелек, доп, қуыршақ. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
  • Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? (4)
  • Қоянға, түлкіге, аюға үш түрлі жалауша жасап берді - қызыл, сары, көк. Қояндағы жалауша қызыл емес, түлкідегі қызыл да,көк те емес. Кімнің жалаушасы қандай? (Түлкіде сары, қоянда көк, аюда қызыл)
  • Ардақ алма ағашынан 9 алмұрт, Гүлдана 12 алмұрт жұлып алды. Қыздардың қайсысы көп алмұрт жинады. (Ешқайсысы алмұрт жинаған жоқ, себебі алма ағашында алмұрт өспейді).
  • Тәрелкеде 12 жұмыртқа бар. 12 ұлдың бәрі бір-бірден алды бірақ та тәрелкеде 1 жұмыртқа қалды. Қалай?

  Оқушылардың біреуі шығып бір мезетте оңқолымен үшбұрыш, сол қолымен шаршы салу керек.

Екіншісі шығып оң қолымен төртбұрыш, сол қолымен дөңгелек салуы керек.

Қорытынды

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Не үйрендік?
Қандай тапсырмалар орындадық?


Жирен жаман әдеттен

$
0
0

Тәрбие сағатының тақырыбы:  Жирен жаман әдеттен
Тәрбие сағатының мақсаты:Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, интербелсенді тақта, суреттер
Сабақтың әдісі: топтастыру, ой қозғау, жаттығу-ойлану, шығармашылық

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Байлық-байлық емес,

Бар байлығым денсаулық.

Бар өмірім денсаулық!

Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.

  Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды.

1-оқушы: Әдемі:
Денсаулық ол-шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол-тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

2-оқушы: Еркебұлан
Денсаулық ол-күлуің
Көңіл-күйің жадырай.
Денсаулық ол-жүруің
Ешбір жерің ауырмай.

3-оқушы: Санжар
Ұрпақ керек ертеңгі
Болашақты болжайтын!
Дені таза, тәні таза,
Елін, жерін қорғайтын.

4-оқушы: Дильназ
Мәдениет өркендеп,
Табиғат көркейіп,
Қазақтың сымбатты
Ұл-қызы көбейсін!

- Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан -2020» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

Халқымыздың денсаулығына үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

  Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен.

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2020» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен.

-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

 

  1. Таныстыру (әр топ өздерін таныстырады).
  2. «Бірінші байлық-денсаулық», (мақал- мәтелдер айту).
  3. «Тәні саудың жаны сау» (шығармашылық тапсырма)
  4. «Жаттығу, ойлану»  (1 топ Денсаулық достарын, 2 топ Денсаулық қастарын жазады.)

4.Үй тапсырмасы.  Уланбасын өмірің. Сурет галлереясы  (Зиянды заттардың зардаптарын түсіндіру,).

  1. Көрініс«Үш пәледен аулақ»
  2. Қорытынды

 

  1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны:
«Денсаулық –зор байлық».

2- топ «Салауат»
Ұран
ы: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»

ІІ. «Жаттығу, ойлану»

1-топ денсаулық достарын бір бөлек,

ІІ-топ денсаулық қастарын бір бөлек жазыңдар

ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ:  Денсаулықты нығайту жолдары.

  1. ….ны…..у (шынығу)
    2.  с….ау……т (салауат)
  2. 3. в…та…н (витамин)

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. 

1.Д…… і (дәрі)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)

  1. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.

1.Денсаулық – зор байлық.
2. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
3. Шынықсаң – шымыр боласың.
4. Ауруын жасырған өледі.
5. Арақ – атаңның асы емес.
6. Дені саудың – жаны сау.
7. Ішің ауырса, аузыңды тый.
8. Емнің алды – еңбек.
9. Жарлының байлығы – денінің саулығы.   10. Темекі – жау.
                                                                                                                      

  1. Шығармашылық тапсырма
    1- топ:
    …………………………………………баламыз,
    ………………………………………….аламыз.
    ……………………………………………..
    ………………………………………….санамыз.

 

                                             

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

 Сергіту сәті

Мұғалім: Денсаулық дегеніміз-адам жаны мен тәнінің амандығы. Халқымыздың тіршілігі мен бірлігі, жарқын келешегі әдетте денсаулық мәдениетінің қаншалықты дәрежеде қалыптасуына байланысты. Денсаулық- ел дамуының басты арқауы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды. Дегенменде, біздің замандастарымыз соны ескерместен әр түрлі зиянды заттарға ұрынып жатады.

                     Көрініс: «Үш пәледен аулақ»

(Екі бала ойнап жүр)

Еркебұлан:- Санжар, екеуміз доспыз ғой, ия?!

Санжар:- Ия доспыз.

 Еркебұлан :- Сен ешкімге айтпа, менде керемет нәрсе бар.

 Санжар :- Ол не нәрсе?
 Еркебұлан:- Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).

 Санжар:- Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?

 Еркебұлан:- Папамнан көрсетпей алдым.

 Санжар:- Папаңнан? Папаңнан неге аласың, темекі деген жаман нәрсе, денсаулыққа зиянды.

 Еркебұлан:- Болса ше? Менің папам неге тартады?
 Санжар:- Ой, достым, сенің папаң жас күнінде темекіге   әуестенген, сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
 Еркебұлан :- Ой, достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?

 Санжар:- Жоқ, мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал. Әйтпесе құримыз, онан да ойынымызды жалғастырайық.

(Осы кезде бөлмеге арақ, темекі және есірткі кіреді)

Бала:/ «арақтың» жанына келіп/

-Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Арақ»:

-Мен арақпын, арақпын,

Жер жүзіне тараппын.

Жұрттың құмар асы боп,

Керегіне жараппын.

Бала:/ «темекіні» жанына ала келіп/

- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Темекі»:

-Мен темекі шылыммын,

Аузына елдің іліндім.                                                                      

Қанша мені тартса да,

Демеді ешкім бүліндім.

Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/

- Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің?

«Есірткі»:

-Мен есірткі нашамын,

Уытымды шашамын.

Атым шулап турғанда,

Алшаңдап аяқ басамын.

/Сахнаға ересек бала шығады/

Ересек бала:

-О, жаратқан, жаратқан,

Жұрттың аузын қаратқан.

Ағайынды үшеуін,

Қандай пәле таратқан.

-О, адамдар, санаң бар,

Үш пәлеге қараңдар.

Үшеуі де үлкен жау,

Бүкіл әлем алаңдар!

/Екі бала бірігіп/:

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»

Үшеуі де ауыр дерт.

Бүкіл елді бүлдірмей,

Арамыздан аулақ кет!

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/

/Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/

 

- Балалар, бүгін «Жирен жаман әдеттен» тақырыбындағы болып жатқан сайыс түріндегі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Сендер қазір 3 - сыныптың оқушысы болғандықтан, ата - ана да, ұстаздар қауымы да сендердің болашақтарыңа алаңдаймыз. Мемлекетіміз оқушының тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп тырмысып бағады. Ал, сендердің дендерің сау, дене мүшелерің бүтін. Осы денсаулықтарыңды зиянды әдеттермен улап, өз болашақтарыңа балта шаппаңдар. Осы өтілген «Жирен жаман әдеттен» тақырыбындағы тәрбие сағаты сендерге мәңгілік сабақ болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер.
  Сонда ғана сендердің болашақтарың нұрлы болып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын азамат болуларыңа мен сенемін.                                               

Қорытынды:

 

«Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.
Д – демалу
Е – еңбектену
Н – нашақорлыққа жоламау
С – салауатты болу
А – алғырлық
У – уайымсыз өмір
Л – лайықты өмір
Ы – ынта
Қ – қозғалыс

Барлық топтар бірге:
Есірткі жойылсын,
Ішімдік құрысын:
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!

Балалар, болашаққа денсаулықпен бірге барайық.

Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

$
0
0

Тақырыбы: Жуан дауыстылар. Ақ бұзау.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын арттыру, белсенді, ынталы оқуды үйрету. Жуан дауыстылар туралы түсінік беру.
  2. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
  3. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау

Көрнекілігі: төрт түлік мал суреттері, «Ақсүйек», «Дұрыс тап», «Кім жылдам?» ойындары

Пәнаралық байланыс: математика, қазақ тілі

Типі: жаңа білім беру

Түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

б) оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Оқушыларға өлеңді жеке-жеке оқыту

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру

Дауысты дыбыстарды атату.

Балаларды үш топқа бөлу

  1. «Құлыншақ»
  2. «Ботақан»
  3. «Қошақан»
  • Сұрақ «Құлыншақ» тобына

Құлын ненің төлі? (жылқының төлі)

  • Сұрақ «Ботақан» тобына

Бота ненің төлі? (түйенің төлі)

  • Сұрақ «Қошақан» тобына

Қошақан ненің төлі? (қойдың төлі)

 

ІV. Жаңа сабақ:

Үнтаспадан «Ақ бұзау» өлеңін тыңдау. Өлең не туралы? (бұзау)

Оқулықтағы суретпен жұмыс.

  • Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?
  • Баланы
  • Баланың жанында не бар?
  • Бұзау
  • Бұзау ненің төлі?
  • Сиырдың төлі.

Сурет бойынща шағын әңгіме «Ақсүйек» ойыны

  • Ал, балалар «Ақсүйекті» кім тапса, сол бала өлеңді оқиды.

Ойын «Дұрыс тап».

Жуан    дауысты

2145      6417897

1+1=2     ж              5+1=6            д

2-1=1      у               3+1=4            а

3+1=4     а               2-1=1             у

4+1=5     н                6+1=7            ы

                                       7+1=8            с

                                     8+1=9           т

                                     6+1=7           ы

  • Балалар, тапсырманы орындағанда қандай сөз шықты?
  • Жуан дауысты
  • Ендеше жуан дауыстылармен танысайық (а, ы, о, ұ)

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс. «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Қол жаттықтыру жұмысы.

А әрпін әдемі етіп жазу.

Тақтамен жұмыс. 29- жаттығу. Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды теріп жазу.

Сүт, айран, қаймақ, қатық, кілегей, май, құрт, сүзбе, іркіт, ірімшік.

  1. Жаңа сабақ бойынша оқушы түсініктерін тексеру.

      Ойын «Кім жылдам?»

  1. «Құлыншақ» тобына.

Жуан айтылатын сөздерді ата.

(бала, бақты, бұзау)

  1. «Ботақан» тобына.

Сөздерден сөйлем құрау.

(Бала бұзау бақты)

  1. «Құлыншақ» тобына:

Сөйлемнен жуан дауыстыны ата:

(а, ұ, ы)

VII. Таратылған дөңгелек бойынша оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру.

28-жаттығу. «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқу.   

 

Көбелек пен Ебелек. Ш.Смаханұлы

$
0
0

Тақырыбы: Көбелек пен Ебелек. Ш.Смаханұлы

Мақсаты: 

  1. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру
  2. Мазмұнын жүйелі түрде айта білуге үйрету, сабаққа қызығушылығын арттыру
  3. Жинақылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: Ш.Смаханұлы портреті, суреттер, сызбалар

Әдісі: түсіндіру

Типі: жаңа сабақ

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Сергіту сәті

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

«Шаңқа» мәтін мазмұнын қысқаша айту.

Тапсырмаларды орындау.

ІІІ. Жаңа сабақ: Көбелек пен Ебелек.

а) Ш. Смаханұлының портретін көрсету. Сықақшы-ақын Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық селосында туып, өскен. 1924-1988 жылдары өмір сүрген. Балаларға арналған «Шимайбек пен Шыңқетпе», «Қу түлкінің сыбағасы», «Ұр, тоқпағым, ұр!» сияқты шығармалардың авторы.

ә) –Мысалдың басқа щығармалардан қандай айырмашылығы бар?

- Жағымсыз жат қылықтарды шенейді, сынайды және нақыл сөз болады.

б) – Енді мысалды мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Талдау жүргізу.

в) Мысалды оқушылардың рөлге бөліп оқуы.

г) «Сөз сырын ұғайық»:

Жүрек жұтқан- еш нәрседен қорықпайтын, батыл, ержүрек.

Ұшып-қонып жүреді- ұшқалақ, тұрақсыз, тиянақты іс қылмайтын, басын бастап, аяғын тастап жүретін адам.

д) Мысалдан Көбелек пен Ебелектің бір-біріне қолпаштай сөйлеген сөзін тауып оқу. Көбелек пен Ебелекке мінездеме беру.

ж) Мысалдан нақыл сөз болып тұрған тұсты дәптерге жазу.

з) Жұмбақ шешу:

Желден қатты сасады,

Томпалаңдап қашады.

Тірелгенше дөңге кеп,

Дедектейді дөңгелеп. (қаңбақ)

 

Өзі кілем түріндей,

Құдды қырдың гүліндей.

Гүлге қонса кетеді,

Айырмасы білінбей. (көбелек)

Сабақты қорыту, бағалау.

Үйге: мәнерлеп оқу.  

Әр құсқа өз тұмсығы қажет

$
0
0

Тақырыбы: Әр құсқа өз тұмсығы қажет

Мақсаты:

  1. Оқушылардың бейімділік- жануарлардың сыртқы түрінде, түсінде, жекелеген мүшелердің құрылысында көрінетіні жайлы түсініктерін тереңдету;
  2. Сөздік қорын, ойлауын көз алдына елестету қабілетін дамыту;
  3. Құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстар туралы буклет, мақал-мәтелдер

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

  1. Аңдар неге жуынады?

Бейімділік жануарлар тіршілігін сақтауға, жемтігін аулауға, ашықпауға, жыртқыштан құтылуға көмектесетін қасиет.

      ә) Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Әр құсқа өз тұмсығы қажет». Құстарға біраз тоқталып өтейік.

- Құстар біздің достарымыз деп неге айтамыз? Өйткені олардың адам үшңн пайдасы өте көп. Бау-бақша, егістік, орман зиянкестері- жәндіктермен, кеміргіштермен қоректенетіп, ауыл шаруашылығына көп пайдасын тигізеді. Олардың ішінде өте биік ұшатын және тіпті ұшпайтын құстар бар. Жалпы жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі болса, біздің Республикамызда 174 құстың түрі бар.

      б) Қандай құстарды білесіңдер?

Мысалы, Өзімізге таныс тоқылдақтың тұмсығына назар салайық: оның тұмсығы қашау сияқты өткір, мықты болады. Ағашты тесіп, қабық астынан әр түрлі бунақденелерді алып жеу үшін, ұя жасау үшін қажет. Сол сияқты бүркітке ұстаған аң-құсының етін жұлып жеу үшін өзінің орақ тұмсығы қажет. Бүркіттің біздің елімізде 7 түрі бар, ең ғажабы- қыран бүркіт, өте күшті, ірі денелі алып құс, биік шың басын мекендейді.

Бірқазан- салмағы 13 кг., қанаттары екі метрге жететін алып құс. Қызғылт бірқазанның жамылғысы қызғылт болады. Ол топ балыққа кездескен кезде аузын кең ашып, балықтарды бірақ көсіп алады, қалта созылып, оған бірталай балық сияды.

в) –Құстардың мүшелерін атаңдар?

- Бас, көз, аяқ, тұмсық.

Егер құстардың тұмсығы жоқ болса, елестетіп көрейікші. Олар қандай жағдайда болушы еді? (Аш қалады, тіршілік ете алмайды)

г) Тұмсық ерекшеліктеріне назар аудару, әр құстың тұмсығына қарай, оның қорегі де әр түрлі болады.

д) Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.

ж) Сөздік жұмысы

Қашау- еңбек құралы (сайман) егеу

Үңгіп-үңгіп- тесу, үңгірлеу

Көсіп- жинап алу

з) Құстар жайлы викториналық сұрақтар

  1. Қазақ халқы қай құсты аң аулауға пайдаланған? (бүркіт)
  2. Еліміздің туында қандай құс белгіленген? (бүркіт)
  3. Мүлдем ұясы болмайтын құс? (көкек)
  4. Қандай құс бейбітшілік құсы деп аталады? (кептер)
  5. Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960 рет)

Сабақты қорыту

Құстар туралы жұмбақ, мақал-мәтелдер айту

 

Көлдің сәні, көркі екен

Ұшқанда сазды ән екен

Ақындар оны мақтаған

Адамдар қорғап, сақтаған

Бұл қандай құс? (Аққу)

 

Маң-маң басқан жүрісі

Барлық құстың ірісі

Қашқанда құстай ұшпайды

Қуғанын бірақ ұстайды.   (түйеқұс)

 

Ауылда, қалада мекені

Жолаушы жүрсе шығарып салады

Алдыңнан шығады

Жаныңды еркелетеді      (қарлығаш)

 

Мақал-мәтелдер

Ит баласы жырымға қарайды

Құс баласы қырымға қарайды.

 

Құстың қуы- сауысқан.         

І дыбысы мен әрпі.

$
0
0

Күні : 

Пәні : сауат ашу

С ыныбы : 1 в
Сабақтың тақырыбы:
І дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты.:

 а) І дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.
ә) І дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілін дамыту.
б) Бірігіп жұмыс істеуге,бірінің пікірін бір зер салып тыңдауға, табиғатты сүюге,оларды қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,ой-қозғау,сұрақ-жауап,топ,жұппен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, плакат, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Қане, бәріміз орнымыздан тұрып, менен кейін қайталаңдар.

Біз,біз біргеміз

Сөгілмесін іргеміз.

Ізденсек бірге бәріміз,

Білім шыңына жетерміз.

ІІ.Суретпен жұмыс :

Тақтада суреттердің артына жазылған сөздер тұрады, осы сөзді дұрыс оқыған соң суретті тақтадағы плакатта орналастырамыз.

Суреттер

Сөздер

Түлкі

Кісі

Кірпі

Білім

Ін

Кітап

Ағаш

Кілт

Дің

Тіс

Із

Тіл

Сөздерді оқып, суреттерді орналастырып болғанда, кітаптың 81 беттегі сурет пайда болады.

Тақтадағы суретпен жұмыс :

  • Суреттен не көріп тұрсыңдар?
  • Мұнда неше аң бар?
  • Қандай аңдар көріп тұрсыңдар?
  • Түлкі қандай аң? Кірпі қандай аң?
  • Суретте ін нешеу?
  • Ағаш нешеу?
  • Ағаш қандай?
  • Кірпінің қолында не бар?
  • Жерден не байқадыңдар?

ІІІ. «Ін» мәтінімен жұмыс :

Мәтінді мұғалім сөйлемдерге бөліп оқиды. Оқып болғаннан кейін, оқушыларға мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

  • Мәтін қалай аталады?
  • Аңдар қайда мекендейді?
  • Қоректерін қайда сақтайды?
  • Індерін не істейді?
  • Індерді тағы нелер пайдаланады?
  • Қандай аңдар қыста інінде ұйықтайды?
  • Кейбір құстар қайда жұмыртқалайды?
  • Борсық пен суыр қандай аң?(Тақтаға борсық пен суырдың суретін ілу)

Мәтіндегі і дыбысы бар сөздерге түсіндірмелік жұмыс:

  1. Ін – аңдардың мекендейтін жері.
  2. Дің – ағаштың тік орналасқан негізгі бөлігі.
  3. Кейбір – барлығы емес, таңдамалы. Мысалы, кейбір оқушылар.
  4. Кейін – ретті білдіреді. Мысалы, Айжаннан кейін.

ІV. Хормен жұмыс :

Кітаптың 82 бетіндегі сөздерді хормен оқу:

Ешкі, ескі, елік, етік, кілем, ілмек, білек, жібек, желім, жеңіл, ірі, іні, тіс, тік, ін, іс, ірімшік, кекілік.

І әріпінің сөздің қай тұсында кездесіп тұрғанын сұрау;

  1. Сергіту сәті.

Видеоматериялға қарап, жаттығуды қайталау;

VІ . Қима қағаздармен жұмыс:

Тақтада берілген сөздердегі түсіп қалған әріпті тауып, орнына қою.

Қалған оқушылар орындарында фишкамен жұмыс жасайды.

VІІ.  Жаңа сөздерді түсіндіру :

Кітап – оқу құрал. Кітаптардың әр түрі болады.

Ерлік – батырлық көрсету. Ерлік көрсеткен батырлар жайлы атап өту.

  • Өте жақсы,енді сол сөздердің астына кітап, ерлік сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасай қойыңыздар. (2-3 балаға оқыту)

VІІІ. Жұптық жұмыс :

Кім, не істеді сұрақтарына берілген диалогты хормен оқиды,  қандай сұрағына байланысты әр оқушы өз парталасымен диалог құрайды.

ІХ. Қорытынды :

- Қандай мәтінмен таныстық?

- Ін не үшін керек екен?

- Мәтін неше сөйлемнен құралған?

- І – дыбысы қандай дыбыс?

- Мысалдар келтірейік.

Х . Бағалау.

ХІ.  Үйге:

«Ін» мәтінін оқу,мазмұнын айту. Кім? Не істеді? Қандай? Сұрақтарына жауап беру.

  • Бүгінгі көңіл күйіміз қандай болды? (көтеріңкі)

Күлімдеп күн бүгін қарады маған да,

Күлімдеп күн бүгін қарады саған да,

Шуақпен нұр төгіп,

Көңілді кетті көтеріп.

  • Рахмет, балалар, сау болыңдар.

 

Мұғалім қолы :

Әдіскер қолы :

 

Оо әрпі мен дыбысы

$
0
0

Пәні: Сауат ашу

Сыныбы:

Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі

Мақсаты:  1) О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Сөз ойлап  

                   табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

                   2) Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін,    

                  дүниетанымын   кеңейту, тілін  дамыту.

                   3) Ұқыптылыққа, отансүйгіштікке  тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын.

Көрнекілігі: кеспе әріптер, суреттер, сызбалар, әліппе дәптері.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

-Сәлеметсіздерме, балалар?

- Бүгінгі сабақты сендермен мен, Тұрдыбек Айнұр апайларың жүргізетін боламын.  

-Қане бәріміз орнымыздан тұрып, менімен қайталайық.

- Сыныбымыз тап-таза,

Борда дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға.

ІІ. Өткенді қайталау.

а) Сұрақ-жауап:  - Дыбыс деген не?

                             - Дыбыстар нешеге бөлінеді?

                             - Әріп деп нені айтамыз?

                             - Әріптерді не істейміз?

  «Кім зерек?» ойыны.

  Дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге, дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.

 

ә) Ойын «Қай дыбыстан басталады?»

  Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып, тиісті әріпке  сызық арқылы қос.

Алмұрт – А, шар – Ш, піл – П, радио – Р, нан – Н, уық – У, лақ – Л, тарақ – Т, йогурт – Й, ғарышкер – Ғ  т.с.с.

ІІІ. Жаңа сабақ. 

а)  Тақтаға  «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер?  - Жабайы аңдар.

  • Олар қайда өмір сүреді?
  • Орманда.
  • «Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
  • О дыбысынан.
  • Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.

  Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.

ә)  - Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.

  1. Қоянның тапсырмасы.

« Не артық?» ойыны. Суретте заттардың ішінде не артық, қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Алма артық, қалғаны ойыншықтар.
  • Ойыншық сөзі о дыбысынан басталады.

Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?

  • Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
  1. Қасқырдың тапсырмасы.

Суретке қарап сөйлемдер құрастыру.(Оқушыларға сұрақтар қою арқылы)

  1. Аюдың тапсырмасы.

Дәптермен жұмыс: о әрпін жазу.

а) ауада жазып қол жаттықтыру;

ә) екі жолға баспа әрпін толтырып жазу.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

                       Құлпынайы көп екен.

                       Теріп-теріп алайық,

                       Қалтамызға салайық.

  1. Түлкінің тапсырмасы.

ОТАН сөзіне дыбыстық талдау жасау.

- Отанымыз қалай аталады?

- Отан туралы қандай тақпақ білесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар, біздің отанымыз - Қазақстан. (Қазақстан Республикасының туының суретін тақтаға ілу)

  1. Бауырсақ пен бірге мына буындарды оқиық:

О-р      ой-на        ол          той

О-ру    ой-ла        он          тон

то-ғай  шор-тан   шо-пан 

тор-ғай  Шол-пан  то-ған

  - Бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп, олар өте қатты қуанып жатыр. Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.    

 

ІV. Қорытынды.

Сұрақ-жауап:

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • О дыбысы қандай дыбыс екен?
  • Әріп таңбасы неге ұқсас?
  • О дыбысына байланысты сөздер айту. 
  1. Бағалау

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Биыл мектепке дейінгі дайындық үшін «Әліппе» бағдарламасы енгізіледі

$
0
0

«Қазіргі таңда «Әліппе» жобасы әзірленіп, сараптамаға жіберілді. Қазір депутаттарға жоба таныстырылады.

2017 жылы біз республиканың барлық балабақшаларына аталмыш жүйені енгіземіз», - деді вице-министр. Министрлік хабарлағандай, ата-аналарды үйретуге де назар аударылады.

2016 жылдың зерттеуі көрсеткендей, ата-аналардың 40 пайызы мектепке дейінгі білім беру бойынша дұрыс ақпараттандырылмаған. Жалпы, ата-аналардың 48,7 пайызы  баланы физиологиялық тұрғыда дамыту әдістерін білмейді», - деді Эльмира Суханбердиева. Мектепке дейінгі жастағы балаларды  дамыту бойынша  ата-аналарды ақпараттандыру үшін  балабақшалар жанынан кеңес беру пункттері мен ҚР БҒМ Отбасы.kz сайтын әзірлеген  болатын.

«Сайтта ата-аналар 6 оқыту модулі  бойынша ақпарат алады: денсаулық, тамақтану, қауіпсіздік, тәрбие беру және коммуникация, оқыту, ойын мен дамыту ерекшеліктері.

Әрбір модуль  видео, аудио және мәтіндік контентті 3 жас санаты бойынша қамтиды: ол сәби кезінен бір жылға дейін, 3 жылдан бастап, 5-6 жасқа дейін», - деді ол. Спикер атап өткендей, мектепке дейінгі білім беру туралы ақпаратпен  нормативпен танысу, өз өңіріңнен мектепке  дейін  білім беруді меңгеру арқылы ала алады. «Қазіргі таңда сайттың   қолданушылары  тіркеліп жатыр. Сайт ресурстары тегін  және ол ата-аналардың кеңестік пунктінің құралы ретінде жетілдіріледі», - деді 


Е- дыбысы мен әрпі

$
0
0

Көкшетау қаласы №19 Орта мектебі

1-деңгейдегі, жоғары санатты

Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Әліппе 1 –сынып

 

Сабақтың тақырыбы: Е- дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаттары:

1.Б.М. Оқушыларды Е-дыбысының жазба, баспа түрімен таныстыру. Дыбысталу ерекшелігін, дұрыс оқып, дұрыс жазуға үйрету.

  1. Д.М. Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, тапқырлық қасиетін, шапшаң ойлау машығын дамыту.
  2. Т.М. Сауатты боуға, сыпайы болуға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, В.Зайцев тенологияларының элементтері.

Көрнекті құралдар: Әріп, буын кеспелері, Плакат, елік, емен, етік, егін,есек, терезе, есік т.с.с суреттер.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. .

-Балара бізге бүгін қонақтар келді, олар өздеріңнің қалай оқитындарыңды, жаза білетіндеріңді өз көздерімен көруге келді. Ендеше қонақтарға қарап жымиып күлеміз де түзеліп отырып сабағымызға кірісеміз.

     * Кел, балалар күлейік!

      Топ болып

      Жақсы тілек тілейік!

     * Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз,

     * Сабақты өте жақсы оқиық.

     * Ұйымшылдық пен татулық тілейміз!

      *Бір-бірімізді сыйлаймыз!

       Айтқанын тыңдаймыз!

  1. Өткен сабақтағы 20-әріптерді қайталау.

-Балалар, терезеге көз салайық бізде қазір қай мезгіл?

-Қазір күз мезгілі

-Күз мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Күн суытады, ағаштардың жапырағы сарғаяды.

-Қандай ағаштың түрлерін білесіңдер?

-Қайың, емен, шырша, қарағай.

-Ең мықты, қатты  ағаш емен ағашы екен. ол 80-200 жыл өмір сүреді. Биіктігі 40-50 метрге жетеді екен. еменнен жиһаздар, кемелер, вагондар жасалады. Емен қабығының дәрілік қасиеті бар екен. Қала көшелеріне емен ағаштары көптеп отырғызылады.

Ендеше бүгін емен ағашы бізде қонақта.

 

-Ендеше ең мықты ағаш  еменнің түбінен мен бір сандық тауып алдым.

-Барлығымыз  хормен «Ақ сандығым ашылшы, ішінен біз білетін әріп шашылшы!»-делік.

Әріп кеспелерін ашу. Дауысты, дауыссыз екенін айту.

  1. Тақтаға таныс әріптерден келетін сөздер айту және жазу.

/Бір бала тақтаға , қалған оқушылар ілесіп жазып отырады./

  1. Жаңа сабақ. Сонымен бізге қандай ағаш қонаққа келді?

-Е-мен . 1-буыны қандай? /е-ашық буын/

-Ендеше біз бүгін қай дыбыспен танысамыз /Ее/

-егер өзі жалғыз, жеке тұрып буын құрай берсе, ол қандай дыбыс? / дауысты дыбыс/

5.Дыбысталуы.

-Қане Е-дыбысын айтып көрейікші. /Ее/

-Сендерге қалай естіліп тұр? /жіңішке , дауысты дыбыс/

-Дауысты Е-дыбысын айтқанда ауыз, тіс, ашық болады да, тілдің алдыңғы екі шеті, астыңғы тістердің түбіне тиіп, тілдің ортасы жоғары көтеріледі. Дауыс шымылдығы ашық болады.

  1. Плакатпе жұмыс.

Жазба ,баспа түрімен таныстыру.

-Е-дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы. Е-дыбысы сөздің барлық буынында кездеседі. Мысалы: Еден, Елік, Егінші, Етік. т.с.с

7.Оқулықпен жұмыс. Қанекей барлығымыз оқулықтан Е-дыбысын табайық.

Мынау не? Ер ат әбзелдері.  Ер ағаштан жасалады. Атқа отырғанда ерттеп салады. Мынау не?

-Елік. Е-Еліктің лағы, екі үлкен құлағы елеңдеп тұрады! Буындайық Е-лік

  1. Оқулықты өзім оқып беремін.

-хормен оқу

-іліп алып оқу

Емен мәтінін оқу

  1. Сөздік жұмыс.

Жер. Е-дыбысы қай жерде айтылып тұр. /сөз ортасынды/

Туған жер, жер ана, туып -өскен жер, жерді неге анаға теңейміз?

Себебі жер анадан түрлі қазба байлықтарын аламыз.

Өзімізге қажетті заттарды өндіреміз, өсіреміз. Ол бізді туған анамыздай асырайды. Ендеше: «Қоршаған табиғатты сүй, Жерге түкірме! Ол сенің денсаулығың! »,-деген екен.

  1. Неше? Нешеу? сұрақтарымен жұмыс

      -Енді мына сұрақтарға көңіл бөлейік.

     Неше  елік?  Елік нешеу? Бір елік,  Елік біреу,екі елік-елік екеу,  үш елік-елік үшеу, бұл жеті санына дейін қойылады.Сегіз елік- Сегізеу деуге  болмайды.

  1. Сергіту сәті.

Қол моторикасына арналған.

-Дың-дың қоңыраумын,

Дың-дың  соғыламын,

Қағыламын, соғыламын,

Мектептен табыламын!

 

Қаңқыл,қаңқыл қаздарым,

Қаздаң, қаздаң басады!

 

Кеме суда жүзгенде кемеріне су келеді.

 

  1. Дәптермен жұмыс.

-Е-әріпінің элементтерімен таныстыру.

-Аралық жолдың ортасынан бастап, жоғары көтеріп, сол жақты жарты құрсау, жазу жолына келген соң, тағы да жолға қарай жарты құрса саламыз.

-кіші е-дыбысының элементі де бір бөліктен тұрады.

-Жазу жолының ортасынан бастап, жоғары жағы ілмектелген, сол жақты жарты құрсау.-ауада жазу.

-Дәптерге толтырып жазу.

Дәптер астындағы тапсырманы көрсету.

Балалар, мына жұмбақтарды  Жұмбақбай атай  беріп жіберіпті. Шешейікші.

 Жұмбақ.

Ат әбзелі /Ер/

Ең жаман баға /Екі/

Жаңғақ жемісі бар ағаш/Емен/

Ендеше бізбүгін қандай дыбыспен таныстық және қандай әріпті жазып үйрендік! /Ее/

 

  1. Үйге тапсырма.

Сабақ аяқталды.  Рахмет!

 

Білімді тиянақтау.

$
0
0

Ақмола облысы Көкшетау қаласы

№ 19 орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі

Байдүйсенова Бахытжан Хабиболлақызы

Математика  2 сынып

 Күн :

 

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Сабақта қолданатын әдіс :В.Н.Зайцевтің технологиясы, СТО

Мұғалім немен айналысады.

Оқушылар немен айналысады

Мұғалімнің көшбасшылығы

Сергіту сәті. / психологиялық дайындық, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын   арттыру /

Тренинг : Түрлі түсті алақандармен амандасу .

 

 

Оқушылар қызықты жаттығуларды орындайды.

 

Тақырып :  Білімді тиянақтау.

МҰҒАЛІМ

Мақсаты:  В.Н.Зайцевтің технологиясының элементтерін пайдалана отырып  оқушылардың білімдерін тиянақтау.

2. Есептер шығару арқылы есте сақтау және логикалық қабілеттерін дамыту, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру .

3. Үйымшылдыққа,тапқырлыққа және білімпаз болуға тәрбиелеу.

III  Математикалық   бой жазу сұрақтары

1.Төртбұрыштың неше бұрышы бар / 4 /

2.Қосуға кері амал / - /

3.Бір аптада неше күн / 7/

5. Бүгін аптаның  нешінші күні / 4/

6. Оқу жылы қай айда басталады ? /қыркүйек/

7. Шеңберде бұрыш бар ма ? / жоқ/

8. 3 алма көп бе,  әлде 3 алмұрт көп бе ? /бірдей/

9.Емен ағашында 5 алмұрт, және 4 алма өсіп тұр . Неше жеміс ағашта өсіп тұр?

 / еменде  алма мен алмұрт өспейді/ 

 

Оқушылардың  дұрыс жауаптарын тексеріп  жұлдызша беріп отыру.

 

Артикуляциялық жаттығулар

 «Май шамды өшіру»

 

IV Сорбонкилармен есептеу

100 – 60                              1 м  =  … см   

25 + 35                                85 – 30           

1 ғас.  =... жыл                 1 тәул.  = ... сағ.

120 -60                               50  +20

 

 

 Сергіту сәті

 

 

V   Математический диктант

2 жүзд.5 онд. 6 бірл.                        256

 Ширек ғасыр/четверть/               25 жыл

Ең үлкен екі таңбалы сан               99

1 метрдің ширегі                            25 см

1сағ 20 мин.                                    80 мин.

Ең   үлкен үш таңбалы сан          999

Ең  кіші төрт таңбалы сан            1000

             

   Артикуляциялық жаттығу 

«Гүлдің хош иісін иіскеу»

 

VI  Жылдам есептеу

  Кртитерийлері  бойынша тексереді 

1 нұсқа                         2 нұсқа

21 + 37                       45 + 35

40 +20                        57 -42

43 +26                        49 +51

51 + 41                       79 -32

38 -25                         39 -28

96 -43                         47 + 43

43 +52                        56 – 24

74 -42                         64 + 36

61 +39                        86 -35

100 – 18                    100 – 29

 

Сергіту  сәті

  

 VII  Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей

Екі амалмен есеп шығару

Фермер 289 литр қымыз және одан 180 литр кем шұбат сатты. Фермер барлығы неше литр қымыз және шұбат сатты?

2 деңгей

Бір амалмен   есеп

Фермер 75 литр сүт және одан 25 литр артық айран сатты. Фермер неше литр айран сатты?

 

VIII  Ой қозғау

1 деңгей

Сиқырлы тізбекті жалғастыру  

2 деңгей

 Сиқырлы шаршыларды  толтыру

 

IX Оқулықпен жұмыс

 №5 262 бетте

Салыстыр

1қатар                                      2қатар

16 : 2*16 : 4.                           12 : 3 * 12 : 2

16 : 4 * 4 : 2                         12 : 3 * 8 : 2

 3 қатар.

14 : 2 * 14 : 2

12 : 2 * 16 : 2

 

 Көзге жаттығу

 

 

X  Деңгейлік тапсырмалар

1 деңгей

70 - 18 : 2 – 16

6 х 7 – 30 : 5

36 : 4 х 3

2 деңгей

( 25 + 34 ) – 26

70 – ( 16 + 37 )

 20 + ( 44 + 23 )

 

  XI  Қорытындылау

Кімде көп жұлдызша ... бағалау

Үйге тапсырма 

1 деңгей    перфокарталармен жұмыс   

 2 деңгей   анықтамалық материал        

 

Рефлексия :   Сабақ сендерге ұнады ма?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жауап береді.

 

 

 

 

 

 

Артикуляциялық жаттығулар жасайды

Оқушылар дұрыс жауаптарын көтереді

 

Орнымыздан тұрамыз

Кесіндіні құрамыз

Сәуле болып созылып

Түзу болып тұрамыз

Нүкте болып қаламыз

 

 Дәптерге   жауаптарын   жазады 

Тақтадан тексереді.

Кімде түгел дұрыс    және бір қате  ғана бір  жұлдызша алады

 

 

 

 

Артикуляциялық жаттығулар жасайды

 

Жұпта тексеру

Бір-бірін бағалау  кртитерийлері  бойынша     

Тексеру карталарына жазады

Кімде түгел дұрыс  және бір қате ғана бір  жұлдызша алады

 

 

 

 

 

 

 

 

Көңілді   музыкалық сергіту  сәтін

орындайды

 

 

Оқушылар әркім өзінің тапсырмасын орындайды

Дұрыстығын тексеріп  дұрыс болса бір жұлдызша алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл кезде  тақтада  үш  оқушы  тақтада   теңдеу  шығарады

 / жауаптарына жұлдызша беру/

 

Тақтадан тексеріп  дұрыс жауабына жұлдызша алу

 

 

 

 

 

Көзге жаттығу орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күнделікке жазу

 

 

 

 

Саусақпен көрсету.

С дыбысы мен әрпі

$
0
0

№249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары

жөніндегі орынбасары  Ж.Жарылқаған

Қирабаева  Эльмираның   сауат  ашу  пәнінен   1«А» сыныбында   өткізілген  сабақ  жоспары                                                                                      

                                                                        

Сабақтың тақырыбы: С  дыбысы  мен  әрпі

 

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға  с  дыбысы  мен  әрпімен  таныстыру.   Қатаң  дауыссыз   дыбыс   екенін    аңғарту.Буын  туралы  түсініктерін  кеңейту.

 

Ә) дамытушылық:

Оқушылардың   логикалық  ойлау  қабілеттерін  дамыту,  еркін  сөйлеуге  және  сөздерден  сөйлем  құрай  алуға,  сауатты  жазуға,  оқуға  дағдыландыру.

 

Б) тәрбиелік:

Оқушыларды  достыққа,  мейірімділікке,  тапқырлыққа,  шапшаңдыққа  тәрбиелеу.

 

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы

 

Сабақтың типі:

Жаңа  материалды  меңгерту

 

Сабақтың түрі:

Дамытушылық

 

Сабақтың әдістері:

Сұрақ-жауап,  көрнекілік, 

 

Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:

Электронды  оқулық, кеспе   әріптер,кеспе  буындар,   сызбалар

 

Сабақтың пәнаралық байланысы:

Бейнелеу  өнері,  дүниетану

 

Сабақ барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

І. Ұйымдастыру бөлімі

-амандасу;

-түгелдеу;

-оқушының    назарын сабаққа  аудару;

Оқу құралдарының  дайындығын тексеру

Психалогиялық   дайындық

Сәлеметсіздерме  деп  айтамыз.

Сіздермен  бірге  қайтамыз.

Сыныптың  біздер  гүліміз.

Сәтті  өтер  күніміз.

-амандасу;

Кезекшілік міндеттерін атқару;

сабаққа дайындалу;

 

ІІ. Жаңа материалды қабылдауға дайындық

С  дыбысы  созылмайды,  кедергіге  ұшырап  барып  шығады.

 

С-дауыссыз.  Көк  түспен  белгіленеді.

С  дыбысын  көк  үйшікке  орналастыр

С  дыбысы  сөздің  басында,  ортасында,аяғында  кездеседі

С   әрпі  неге  ұқсайды? (блезік, орақ)

С  дыбысының  жазылу  ережесімен  танысу

 

Ауада  жазу

Партада  отыру  ережесін  түсіндіру

 

Дәптерге  бір  жолға  үлкен  с  дыбысын, бір  жолға  кіші  с  дыбысын  жазу.

 

 

 

 

 

 

С  дыбысымен  танысу

 

С  дыбысынан  аяқталатын  сөздер  айту

 

 

.

 

 Ауада  жазу

 

 

Дәптерге  жазу

 

 

ІV. Жаңа материалды түсіндіру

А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс

Оқулықпен  жұмыс:

1.Сағат  сөзін      дыбыстармен  жазу

Сабақ  сөзін   дыбыстармен  көрсету

2.Буын  түрінде  жазылған  сөздерді  оқыту

САЙ                СУ                АСПАН

САЙМАН      СУАТ            АСПАП

          САУСАҚ            Асқар

          САУМАЛ            Асқат

 

 

 

Мәтінді  оқыту

 

 

 

Ал-алу        тап-табу              қап-қабу

Бар-бару     бақ-бағу              бас-бас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөздерді  дыбыстармен  көрсету

 

 

 

Сөздерді  буындап  оқу

 

 

Мәтінді  оқу

 

 

Ұқсас  буындарды  қосып  оқу.Тақтаға  жазу. Бормен  сызу

 

 

 

.

 

 

 

Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма

Тапсырмалар

Дыбыс –буын—сөз---сөйлем

 

Сөйлем  жазу.

 

Сара,  шар  ал.

Шара,  арша  ал.

Шора,  ас  ал.

Суреттерден  с  дыбысы  бар  заттарды  табу.

 

 

 

 

 

 

Тақтада  жазу

 

 

 

 

 

 

 

V.Жаңа білімді бекіту

 

 

С   дыбысынан  келетін  сөздерді  жазу

   С

 

 

 

 

 

 


 

 

Сөздер  жазу

 

VІ. Үйге тапсырма.

64-бет  оқып  келу

С  дыбысы  бар  сөздерді  оқып  келу.

 

VІІ.Бағалау

Жұлдызшалармен  бағалау

 

 

             

Су. Судың қасиеті

$
0
0

                                                     «Су. Судың қасиеті» 

Мұғалімнің
аты-жөні

Жүсіпова Әлия

Жалағаш ауданы № 201 орта  
мектеп-лицей   
  

4 апта

  күн

 сабақ

Уақыты:

Сабақ атауы

«Су. Судың қасиеті»

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы,  2 сынып дүниетану 
(К. Жүнісқызы, Н. Жапанбаева ),  Интернет материалдары

Жалпы мақсаты

Оқушыларға су, оның қасиеттері туралы түсінік беру. Табиғаттағы суды қорғауға баулу.Пәнге деген қызығушылығын ояту, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, шығармашылығын дамыту. Табиғатты қорғап, аялауға үйрету. Суды үнемдеп қолдануға, суды ластамауға тәрбиелеу.

 

Күтілетін нәтиже

Су туралы мағлұмат алады, судың қасиеттер танып біледі. 
Жеке және жұпта, топта өзара бірлесіп жұмыс жасауға үйренеді.

Негізгі идеялар

Судың қасиеттерімен танысу, айналадағы суды, экологияны қорғау.

Тапсырмалар

 Ашық сұрақтар, жабық сұрақтар, зертханалық жұмыс, топтық жұмыс, интерактивті әдістер.

 

 

 

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалім  іс-әрекеті

Оқушы  іс-әрекеті

 

 

3 минут

 

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар 3 топқа бөліп орналастыру. Сурет қиындыларын қолданамын. Сурет қиындыларын құрау, артындағы жұмбақтың жауабын табу арқылы топтарға бөлінеді. І топ. Су. ІІ топ. Бу. ІІІ топ. Қар. Критерийді оқушылармен айқындаймын.

 

 

Оқушылар сурет құрастыру арқылы топтасады

 

 

ІІ. Үй тапсырмасы

Оқушылар өткен

 

5 минут

 

 

 

 

Топқа бөлінгеннен кейін үш түрлі тапсырма беріледі.

1 топ. Ауаның маңызы туралы не білеміз?

2 топ. Ауаны ластанудан қалай сақтаймыз?

3 топ. «Таза ауа денсаулық кепілі» сөзін қалай тсінесіз?

 

 тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар «Бармақ» арқылы бағаланады.

 

4 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

2  минут

ІІІ Жаңа сабақ

1 Тақырыпқа байланысты сурет көрсетіледі.

 

Суретке қарап сұрақтарға жауап алу арқылы жаңа сабаққа ену.
Жаңа сабақ: Су. Судың қасиеті.

 

 

Оқушыларға жалпы суретті көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады.

 

Оқушылардан су туралы қандай мағлұмат білетіндері сұрап, стикерге жазып «INSERT» әдісі бойынша «Білемін» бағанына барып жапсырады.

 

2.Мәтінді оқи отырып тәжірибелік жұмыс орындау.жұмыс жасайды.

І топ. 1- тәжірибе.

ІІ топ. 2- тәжірибе. 

ІІІ топ. 3- тәжірибе. 

 

 

Үш топтың алдарына ақ парақтар таратылады. Оған қосымша қалташадағы шашыраған сөздер таратылады. Олар ол сөздерді қосу арқылы тәжірибені қорытындылайды.

 

Әр топтан бір баладан шығып практикалық жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

Суретпен  жұмыс.Тақтаға сурет көрсетіледі. Бұл суреттерден  су-сұйық, ол буға, мұзға айналатындығын байқап айтулары қажет.

 

 

Дәптермен жұмыс.

       Судың үш күйі

Сұйық      бу         мұз

 

Жұмбақ шешу.

Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс. (қар)

 

 

 

«Кім көп біледі?» ойыны. Бұл ойында оқушылар мақал-мәтелдердә, тыйым сөздердің орнын табу керек.                   

   1......  да сұрауы бар.

2......  жер - нулы жер.

3.Сағадағы .....  ішеді, жағадағы у ішеді.

4.  ..... тіршіліктің көзі.

5.  .....  тіршілік мекені.

6.  ....  жүрген жер береке, ел жүрген жер мереке.

7.  ..... түкірме.

8.  ..... көрсең көзін аш.

9.  ..... өмір жоқ.

10. Кірдің .....  басуға болмайды.

11.Түнде .....  барма.

          12. .....  өмір тұссыз   

          аспанмен тең.

 

 

Оқушылар бірлесіп өздерінің тың идеяларын жұпта талдайды. Әр топ шығып өз тәжірибелерін жасап шығады.

 

      

Қорғауға шыққан топтарды аттарына сай «су.бу.қар.»  суреттерімен бағаланады.

1-ші бала ыдысты ұстап, 2-ші бала ол ыдысқа суды құйады. 3-ші бала ол жұмыстан көргенін сөзбен қорытындалай-ды.

Оқушылар суреттен не көргендерін айтады.Екі суретті салыстыру.

 

 

 

 

 

 

 

   Оқушылар судың үш күйін дәптерге жазады.

 

 

Оқушылар жұмбақтың дауабын шешті. Өздерінің білетін жұмбақтарында жасырды.

 

Оқушылар орны бос жерлерге дұрыс сөздерді қойып мақал-мәтелдерді, тыйым сөздерді жалғастырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

Бағалау.Оқушылардың жинаған ұпайларына қарай топты бағалау.

 

Жинаған ұпайларын санау

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

Рефлексия

«Алдағы сабақтардан не білгілері келетінін жазу?»

Стикерлерге жазып INSERT  парақшасына жабыстыру.

Үйге тапсырма

Жүйке жүйесінің қызметінің маңыздылығын әңгімелеу, суретін салу.

           

 

1 мамыр. "Бірлігіміз жарасқан"ертеңгілік даярлық сыныбына

$
0
0

1 мамыр. "Бірлігіміз жарасқан" ертеңгілік даярлық сыныбына
"Бірлігіміз жарасқан" ертеңгілік даярлық сыныбына

Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
/Презентация/

Viewing all 196 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>